Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


Латын графикасына негізделген қазақ жазуы –



Pdf көрінісі
бет232/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

Латын графикасына негізделген қазақ жазуы – 
1929-
1940жж. қазақ жазба тілінде қолданылған 29 әріптен тұрған, 
1938 ж. өзгертуге ұшыраған латын-қазақ жазуы. 
Орыс графикасына негізделген қазақ жазуы – 
1940ж. қазірге 
дейін қолданылатын 42 әріптен тұратын, құрамында цитататық 
принциппен жазу үшін алынған орыс алфавиті әріптері мен араб 
сөздерінде кездесетін дыбысты беретін таңбалары бар жазу.
Емле ұстанымы – 
кез келген жазба тілдің орфографиясында 
ұстанатын негізгі принциптері.
Орфограмма – 
жазу тұрпатының негізгісі. 
Ерін үндестігі – 
сөздің бірыңғай еріндік дыбыстармен ай-
тылуы
Қазақ орфографиясының негізгі ережелері – 
1957ж. 
қабылданған емле ережелерінің жиынтығы
Орфографияның негізгі принципі 
– сөздердің дұрыс жазы-
луын жүйелейтін емледегі басты сүйенім, ұстаным.
Үндесім заңы – 
сөйлегендегі дыбыстардың бірыңғай тіл не 
ерін үндесімімен айтылуы
 
Босаралықсыз таңбалану
– құрама сөз сыңарлары 
мағыналарының көмескіленіп, бір бүтін сөзге айналғанын біл-
діретін емледегі дыбыстық емес таңба, бірге жазылу.
Босаралықпен таңбалану
– құрама сөз сыңарлары 
мағыналарының дербестігін, бүтін сөзге айналмағанын біл-
діретін емледегі дыбыстық емес таңба, бөлек жазылу.
Қазақ тілі орфографиялық сөздіктері – 
1941, 1948, 1963, 
1978, 1988, 2001, 2005, 2007, 2013жж жарық көрген емле 
сөздіктері
Жазу экономиясы – 
жазудағы таңбаларды үнемдеу 
құбылысы.
Дыбыстық емес графикалық белгілер – 
босаралықпен және 
босаралықсыз, сондай-ақ қосаралықпен жазу.
Бірге жазылатын сөздердің формалды белгілері – 
сөздердің 
бірге жазылатынын білдіретін ұластыруыш қосымшалар мен 
құрастыруыш сыңарлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет