Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


Ауызша тіл – дыбысталатын және естілетін, өзіндік жүйесі  мен құрылымы бар, тілдің қатынас формасы. Позиция



Pdf көрінісі
бет231/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

Ауызша тіл
– дыбысталатын және естілетін, өзіндік жүйесі 
мен құрылымы бар, тілдің қатынас формасы.
Позиция
–шеп– дыбыстардың сөйлеу барысында келетін 
орны.
Басқы, ортаңғы, аяққы позиция
– сөздің басында, ортасын-
да және аяғында келетін дыбыстардың айтылатын орны.
Әлді позиция – 
дыбыстың фонетикалық қоршауға тәуелсіз 
болатын шебі.
Әлсіз позиция – 
дыбыстың фонетикалық қоршауға тәуелді 
болатын шебі.
Тілдік жүйе – 
кез келген тілдің фонетикалық, морфологиялық, 
синтаксистік, лексикалық деңгейлері арқылы жарыққа шығатын 
нормаланған инвариант жүйе.
Инвариант дыбыс (өздік реңк) – 
фонема, яғни дыбыс арқылы 
айтылатын, әріп арқылы жазылатын, тілдің парадигмалық 
жүйесіндегі дыбыстың негізгі реңкі.
Вариант дыбыс (өзгелік реңк)– 
айтылу кезінде тілдегі басқа 
фонемаға ұқсап кететін, дыбыстың уақытша түрленімі.
Вариация (бөгде реңк) –
айтылу кезінде тілде жоқ, бөгде 
тілдің дыбысына ұқсап кететін, дыбыстың уақытша түрленімі.
Дыбыс қоры – 
бір фонеманың өздік, өзгелік, бөгде реңктерінің 
жиынтығы
Сөз (речь) – 
тілдің қолданыстағы қалпы
Жазудың негізгі категориялары – 
жазу теориясының негізгі 
ұғымдары: әліпби, графика және орфография
Әліпби – 
белгілі бір жазба тілдегі әріптердің реттелген 
жиынтығы.
Көне түркі жазуы – 
V-VIII ғғ. түркі халықтарының руна 
таңбаларынан тұратын төл жазуы. 
Араб графикасына негізделген қазақ жазуы – 
Х-ХіХ ғғ. 


340
341
қазақ даласында қолданылған, қазақ жазба тіліне қызмет еткен 
араб алфавитін пайдаланған қазақ жазуы.
Жәдид жазуы – 
дауысты дыбыстар харакаттар арқылы емес, 
таңба арқылы берілген, араб әліпбиіндегі басы артық таңбалар 
аз қолданылған, демократиялана бастаған қазақ жазба тіліне 
қызмет еткен араб графикалық қазақ жазуының кейінгі жүйесі.
Қадим жазуы – 
дауысты дыбыстардың таңбаланбауымен 
ерекшеленетін араб графикасына негізделген қазақ жазуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет