8) Сөз басында «е» фонемасы міндетті түрде қандай таңба арқылы берілген? a) /уау/
b) /һе/
c) /ии/
d) /иа/
9) Интервокал позициядағы «қ» фонемасы қандай әріппен берілген? a) «һ»
b) «к»
c)
«х» d) «ф»
10) Араб жазуын оқу қандай әдіске негізделген? a) логикалық
b) Синтетикалық
c) лексикологиялық
d) Грамматикалық
9-дәріс. Орыс графикасына негізделген қазақ әліпбилері араб графикасының қазақ тілінің дыбыстық жүйесін бе-
рудегі қолайсыздығы, омографтардың көбейіп кетуінен мәтін
мағынасын түсіну кейде қиын болды. 19 ғ. аяғында ресей үкіметі
саясатының есебінен орыс жазуына көшу бағыты шыға баста-
ды. 1876 жылы қазақ жазуын орыс графикасына көшіру туралы
мәселе ресми түрде қолға алынды. алғашқы әліпбилер жасала
бастады.
Орыс графикасына негізделген ең алғашқы қазақ әліпбиі жо-
басын
Н.И.Ильминский жасады. н.и. ильминский әліпбиіндегі
қазақ тілінің өзіне тән дыбыс дауыстылардың таңбалары мына-
дай болды:
ă –<ә>, ŏ- <ө>, у –< ү>, і – <і>, ы – <ы>, н – <ң>, к-<қ>, г – <ғ> . Орыс әліпбиіндегі
е, в, и, ф, ц, х, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я таңбаларын (қазақ тілі дыбыстық құрамына тән емес ды-
быс таңбаларын) қолданбады. н.и.ильминскийдің бұл жазуы-
на кезінде в.в.Григорьев тарапынан арнайы сын айтылған еді.
Онда в.в.Григорьев араб жазуы сіз ойлағандай қазақ жазуына
келмейді емес дейді: “но справедливость прежде всего, даже и в
отношении к арабской азбуке: зачем обижать ее, а вы, я нахожу,
обидели ее, унизив паче меры”. Ғалым басқа әліпбиді алған соң
оны не өзгеріссіз қабылдау керек, не сол әліпби таңбаларының
шегінде ғана пайдалану керек деген.
в.в.Григорьев қазақ тілінің консонантизм жүйесіне араб
графикасының 19 әрпі жеткен еді, ал сөз болып отырған әліпбиде
3 әріпті (