Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет206/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

У дыбысы ұу, үу 
болып тіркесе ме, әлде ыу, іу болып тіркесе ме? 


304
305
<у> фонемасы, проф. Ә.Жүнісбек анықтағандай, ерін-ерін-
ді, тоғысыңқы, үнді дауыссыз өзге дауыссыздардан алдынан не 
соңынан [ұ] дыбысын қосып айтуымен ерекшеленеді (басқа да-
уыссыздар қысаң, жуан езулік [ы] дыбысын қосып айтады). Бір 
қызығы, ХХ ғасырдың басында – қазақ орфоэпиялық нормасы-
на «сызат түспеген» дәуірде а.Байтұрсынұлы бұл позициядағы 
инвариант дыбысты <ы> деп тапқан. «Қазіргі тұжырымдардан, 
алуб
десек, келіб демей, 
келүб
десек, онда 
алұу, барұу 
деуге бола-
ды. Оның үстіне 
алыуды – алыс, барыуды – барыс, келіуді – келіс 
деген сөздермен алмастыруға болады. ендеше 
у
-дың алдына 
ұ, ү
әріптерін салудың еш қисыны жоқ” дейді ғалым. 
Қазақ тіліндегі кез келген дауыссыздың алдынан не соңынан 
қысаң езулік қосылып айтылады. а.Байтұрсынұлының сөзімен 
айтсақ, «жеке айтқандағы ауыздан шығуынша жазу түрін 
қолданып келген қазақ” [5, 6] қысаң, жуан езіліктерді инва-
риант деп табады: [бы], [жы], [ыр], [қы]. Осы жүйе бойынша, 
[ый], [йы], [ыу], [уы] болуы керек. Бірақ <й> фонемасы профес-
сор Ә.Жүнісбектің айтылым, жасалым, естілім сипаты арқылы 
анықтаған айырым (дифференциалды) белгілері (тілшік, 
жуысыңқы, үнді, кейінді, езулік дауыссыз) қысаң езуліктермен 
дыбыстатады. ал еріндік дауыссыз болып табылатын <у> ерін-
діктермен дыбыстатады. Сонда «исключение» 
у 
фонемасында 
ғана. ендеше [ұу], [үу] таңбалануға тиіс емес, фонетикалық 
вариант болып табылады. егер біз жаңа орфографияда <у> 
фонемасын дыбыс тіркесіне ажыратып жазсақ, онда 
тауық, 
сауық, жауық, сеуіп, теуіп, кеуіп 
сияқты сөздерде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет