Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет208/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

а-ә, ы-і, о-ө, ұ-ү, е 
әріптері үшін латын 
әліпбиінің 
a, y, o, e, ь 
таңбалары алынады. <
ғ>, <г>, <қ>, <к> 
дауыссыздарының фонемалық мәртебесі айқындалғанмен, төрт 
дыбысты екі әріппен беріп, жуан-жіңішкелігін дәйекше арқылы 
ажыртуға болады. 
Дәйекше қолданылған жаңа әліпбиінде 27 әріп бар (11-кес-
те).
 
11 кесте – Дәйекшелі жаңа әліпби жобасы

әріп фон №
әріп фон №
әріп Фон №
әріп фон
a
а-ә
8
р
ғ
15
m
м
22
t
т
2
b
б
9
h
һ-х
n
н
23
v
в
3
ş
ш
0
і
ы-і 17
ŋ
ң
24
ŭ
ұ-ү
4
d
д
j
ж
18
o
о-ө 25
w
у
5
e
е
2
k
к
19
р
п
2
у
и-й
f
ф
3
q
қ
20
r
р
27
z
з
7
g
г
14
l
л
2
s
с

 

Сөйтіп, “тем более что с точки зрения теории письма латинс-
кий алфавит, в том виде, в каком он применяется в странах запа-
да, не имеет никаких преимуществ по сравнению, скажем с араб-
ским, греческим или русским алфавитами” деген и.е.Гельбтің 


30
307
сөзіне сәйкес латын графикасын тілдің дыбыстық құрамына 
қарай бейімдеп алуға болады деп ойлаймыз.
Оқуға арналған материал
Лингвистикалық және мәдени-әлеуметтік 
түрткіжайттардың басымдылығы
елбасының Қазақстан Халықтары ассамблеясының Хіі сес-
сиясында сөйлеген сөзіне байланысты еліміздің зиялы қауымы
әлемдік өркениетінен аралас-құраластықты дамыту үшін латын 
графикасы негізіндегі қазақ әліпбиіне көшудің, дәлірек айтсақ, 
оған қайта оралудың қажеттілігін терең пайымдап отыр. 
латын графикасы қазақ тілі үшін мүлде бейтаныс жүйе 
емес, кеңестік тоталитарлық жүйе 1929 жылы қазақ халқының 
ғасырлар бойы қолданылып келген араб графикасы негізіндегі 
әліпбиінен айырды. ХVііі –ХіХ ғасыр және ХХ ғасырдың ба-
сына дейін араб графикасы негізіндегі қазақ жазуымен мыңнан 
астам атпен кітап, ондаған атпен газет-журналдар шығарылған 
болатын. Әр үйде болмаса да, үлкен шаңырақта Құран Кәрім, я 
болмаса мұхтасар, «Қиса-ұл ғибия» түтін сайын болмаса да үш 
үй, төрт-бес үйдің біріне «алпамыс», «ертарғын», «Қыз Жібек», 
«Зарқұм», «Сал-сал», «Бозжігіт» т.б. толып жатқан қисса дас-
тандар қазақтардың қатерлі дүниесі саналатын академик-жа-
зушы Ғабит мүсіреповтің айтуынша қазақ мұндай кітаптардың 
біреуін ХХ ғасырдың басында бір қойға сатып алады екен. 
Әлгі кітаптардағы жазылған қисса дастандарды ауыл адамда-
ры бір үйге жиналып тыңдап, тамашалайтын көрінеді. мұның 
өзі қазақтың жылқықұмарлығын ғана емес, кітапқұмарлығын, 
жазу-сызуға ынтықтығын да көрсететін мінез болса керек. 
төте жазу деп аталатын ұлттық жазуымен қоштасып, латын 
графикасы негізді әліпбиге «әлемдік революция» ұранын көтерген 
саясаттың салдарынан қазақтың 1929 жылы латын әліпбиіне 
көшуімен байланысты әлгідей мәдени-рухани мұрасынан қол 
үзіп қалды. Сөйтіп, қазақ халқы сауатсыз, жазу-сызуы болмаған 
тек кирилше әліпбимен сауат ашқан деген пікір қоғамдық са-
нада орнығып, стереотипке айналды. Орыс тілінде білім алып 
жатқан қазіргі мектеп оқушылары, жоғары мектеп студенттері, 
араб жазуын былай қойғанның өзінде, қазақтар 1929-40 жж. ла-
тын әліпбиін қолданған дегенге таңырқай қарайды. 
латын графикасы негізіндегі әліпбиге халықтың енді ғана көзі 
үйреніп, қолы жаттығып келе жатқанда қазақ жазуы өктемшіл 
Орталықтың әмірімен кирилшеге көшірілді. латын графикасы 
негізіндегі әліпби қазақ қоғамында он жылдай қызмет істеді. 
Ұлтсыздандыру, дінсіздендіру идеологиясының зорлығымен 
Орталықтың дегенімен, 1940 жылы «бір күн бір түнде» кирилше 
жазуға көшкені мәлім. 
Қазақ жазуы арабтан латынға, латыннан кирилшеге көшкенде 
де бәріне тоталитарлық тәртіпке негізделген саяси фактор күшті 
болды. 
Біз бір есептен, латын графикасы негізіндегі бұрынғы 
әліпбиімізге, кейбір өзгерістермен қайта оралмақпыз. Ол кез-
дегі жағдай мүлде басқа еді. Қазір қазақтардың әліпби таңдауы 
тәуелсіз Қазақстан жағдайында, өтпелі кезеңнің өткелектерінен 
өтіп, тұрақты даму жолына түскен жағдайда жүзеге асқалы 
отыр. мұндай мәдени-әлеуметтік шаралардан пиғылы теріс 
саясатшылар «орыстан кету», «батысқа бодан болу» деп саяси 
астар іздеп әсіресаясиланған факторды алға тықпаламақ бола-
ды. ал жағдайдың өзі шын мәнінде лингвистикалық, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет