30
3
Қайсыбіреулер «…
республика, конституция, ламинат, капи
-
тал
т.б. тәрізді сөздерді осылай, орыс орфографиясындағыдай
жаза берейік, онда тұрған не бар» дейді. Сырт қарағанда, солай.
Бірақ бұлар басқа тілдің дыбыстық коды,
сондықтан тілімізге
сіңбей, оқшау, жат дүниедей болып тұр. Орыс тілі кез келген шет-
тілдік сөзді өзінің дыбыс жүйесіне, жазу тәртібіне салып, сіңіріп,
қорытып ала қояды. Орыс жазуының ұлттық сипаты күшті. ал
шеттілдік сөздерді өзіміздің дыбыстық жүйемен, өзіміздің жаз-
ба тіл жүйесімен тілімізге сіңіре алмасақ, игеріп ала алмасақ,
ұлттығымыз қайсы? алайда қоғамымыздың тұрақты дамуына
экономикасының жақсаруына әсер ететін күшті факторлардың
бірі ұлттық идея емес пе? республика Президенті ұлттың да-
муын тілдің дамуымен, ұлттың болашағын тілдің болашағымен
байланысты қарау идеясын ұсынып отыр. Қазіргі жазу жүйесі
ұлттық идеямен қабыса ма? тілдің негізгі заңдылығымен
үйлесім тапқан жазу ғана ұлттық болса керек. мысалы, орыс
жазуы әлемдегі ең озық жазу, өйткені онда орыс тілінің акцент-
тік болмысы дұрыс бейнеленген. ал
қазақ тілінің заңдылығы
бойынша төлтума сөздері бірыңғай жуан, я болмаса бірыңғай
жіңішке әуезбен айтылады. Қазақ мәтіндеріндегі сөздер, төл сөз
болса да, шеттілдік сөз болса да жуан//жіңішкелік үндесімге
бағынуға тиіс. Сондықтан зиялы қауым өкілдері қазіргі жазуды
(әліпбиді, емле ережелерін, орфографиясын) түбегейлі рефор-
малау мәселесін қоғам алдына қойып отыр.
енді бір сәт ана тіліміздегі сөздердің дыбыс құрамына зер
салсақ,
олардың көбіне бірыңғай жуан, я болмаса бірыңғай
жіңішке сегменттік бірліктерден тұратыны байқалады. ал проф.
Ә.Жүнісбековтің концепциясы бойынша жуан/жіңішкелік сөздің
ұзына бойына тән просодикалық бүтін болып табылады. Қалай
десек те, сөз құрамындағы дыбыстардың өзара үндесіммен ай-
тылуы – ерекше феномен. мұндай үндесім сөзішілік деңгейде
ғана емес, одан жоғары тұратын сөзаралық құрылымдардың
құрамында да кездесетін фреквенталий екенін байқауға бо-
лады. мысалы, 1)
ата-ана, әке-шеше, ауыл-аймақ, ата-баба,
қыз-қырқын
т.б. деген қос сөздер өзара мағыналық үйлесіммен,
әрі жуан үндесіммен айтылса,
әке-шеше, үлкен-кіші, көл-көсір
т.б. қос сөздердің едәуір түрі жіңішке үндесіммен айтылады; 2)
қып-қызыл, қап-қара, жіп-жіңішке
тәрізді күшейткіш буындар
да жуан/жіңішкелік үндесіммен дыбысталады; 3) қазақ тіліндегі
едәуір қосорамды фразеологиялық тіркестердің сыңарлары да
өзара мағыналық үйлесіммен, әрі дыбыстық үндесіммен айты-
лады:
күн десе көзі, ай десе аузы бар; ай дер ажа жоқ, қой дер
қожа жоқ; алып алты, жеп жеті болмайсың; ақ дегені алғыс,
қара дегені қарғыс; алты аласы, бес бересі жоқ
; 4) едәуір мақал-
мәтелдердің де құрамындағы сыңарлар да жуан/жіңішке әуезбен
жұп құрайды:
атасы достың баласы дос; жақсысын айт, жа
-
манын тақап қой; жақсы бала еліне бас болады, жаман бала
еліне қас болады; арамдықты адалдық жеңеді, жамандықты
амандық жеңеді; көрмеген көлде естімеген қаздың дауысы бар
т.б. тәрізді қосорамды мақал-мәтелдердің құрамындағы сөздер де
мағыналық үйлесіммен, дыбыстық үндесіммен сөзді әрлендіріп
тұр. БаҚ мәтіндеріндегі тақырыптардың да аттары мағыналық
үйлесіммен, дыбыстық үндесімімен тартымды болып тұрғаны
байқалады:
бірлескен жобаның берері көп; иесі бардың игілігі
бар; айбынды сардар арамызда еке
н («егемен Қазақстан»).
Сөз ішіндегі дыбыстардың ғана емес, қос сөздердің, күшейткіш
буынды сөздердің,
фразеологизм, паремологизмдердің, га-
зет тақырыптары мен айдарларының құрамындағы сөздер
мағыналық үйлесіммен, дыбыстық үндесіммен айтылуы – таза
лингвистикалық қана емес, сондай-ақ тілдік ұжымның когни-
тивтік санасында орын тепкен эстетикалық категория.
тіліміздегі сөз әуезінің жуан//жіңішкелік оппозициясы бұрын
тек тілдік факт делініп, кейініректе тілдік заңдылық және норма
деп танылса, ендігі жерде бұл феноменді тілдік тұлғаның (жеке
тілдік тұлғаның, тілдік ұжымның) когнитивтік санасында кодқа
салынған эстетикалық ақпараттар жүйесі деп танылу қажет.
Сонымен жоғарыда біз шеттілдік сөздердің ондап-жүздеп
кіріп жатқанын айттық. егер ондай «импортталған» сөздер
қазақтың дыбыс әуезімен жазылмайтын (айтылмайтын) болса,
бөтен
тілдің тәртібімен жазылса, оның салдары мен зардабы
қиынға соғатыны қазірдің өзінде байқалып отыр. Олай дей-
тініміз жеке тілдік тұлғаның, тілдік ұжымның когнитивтік сана-
сында сөздің жуан/жіңішке әуезі арқылы орныққан эстетикалық
таным бірте-бірте көмескі тартады. Болашақ ұрпақтың тілдік са-
насынан фразеологизм, мақал-мәтел, көркем мәтіндегі сөздердің
әуезді үндесімі бірте-бірте жоғала бастайды. Ұлттық тіліміздің
ата-бабадан келе жатқан сыры мен сипатын жоғалтып аламыз ба
деген үлкен қауіп бар. Ол бүгінгі әліпбиімізбен байланысты-ау
демеуге әддіміз жоқ.
Әрине, латынға көшпей-ақ қолда бар әліпбидің артығын
32
33
алып, кемтігін толтырып та қазіргі жазу-сызуымыздың бет-
бағдарын ұлттық сипатқа қарай бұруға болар еді. Күдікшілердің
бұлай деуінде қисын жоқ емес. ¤йткені қалауын тапса, қазіргі ба-
уыр басқан кирилшемен-ақ шеттілдік ауыс-түйістерді
өперәтір
(оператор),
кілінійке
(клиника),
іреспүубілійке
(республика) деп
үндесім тәртібіне бағындыруға да болар еді-ау.
Әрине, әуел бастан-ақ осындай бағытпен жүргенде, бәлкім,
мемлекетіміз қазіргі кезде әліпби саясатымен бас ауыртпа-
уы да мүмкін еді. Бірақ бүгінгі кезде «импортталған» сөздерді
өзге тілдің тәртібімен жазу санаға әбден сіңісті болып, стерео-
типке айналды. Оны икемдеп, иіп әкеліп, тіліміздің үндесімімен
үйлестіретін кез артта қалды. Қазіргі
сыңаржақ қостілділік
жағдаятында бұндай мүмкіндіктің ауылы тым алыстап кетті. Бір
кездері «ана тілі» апталығы
үніберсійтет, іністиітот
тәрізді
бірер сөздердің жазылуын үндестікпен үйлестірмек болған
еді, мұндай жаңалықты жұртшылық хош алмады. «Баяғыдағы
қостілділік жоқ кездегі «оқымаған» ата-әжелеріміздің сөзіне
ұқсайды» деген психологиялық кедергіге тап болды. Осы тәрізді
психологиялық фактормен байланысты тағы бір қиындық
– мемлекеттік тілді үйренуге бет алған орыстілді отандастыры-
мыз
хлорды
–
қылор
,
холестеринді – кәлестерійн, кластерді –
кіләстер
деп жазу керек дегенге илана қоймасы кәдік. Бұл тұста
да
Достарыңызбен бөлісу: