Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет52/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

ғ>, <г>, <ұ>, <ң>
фонемаларына ұқсап, 
соларға сәйкес айтылады: [
ағүй], [ұзұн], [түңгү].
мұндай про-
цесті фонеманың бейтараптануы деп те атайды. 
ғ, г, ұ, ң –
дыбыс-
тары фонеманың өзі емес, <
қ>, <к>, <ы>, <н>
фонемаларының 
дыбыстық түрленімі, яғни варианты екеніне, бұларды басқа 
неғұрлым тәуелсіз позицияға қойып, көз жеткізуге болады
: [ақ], 
[көк], [түн], [түндө], [ұзұндұқ]

Бөгде реңк – фонеманың фонологиялық қорда жоқ, басқа бір 
дыбыс түрленіміне айналуы. “вариация – бұл фонеманың негіз-
гі реңкінің, уақытша, тілдегі ешқандай негізгі дыбысқа ұқсамай, 
мүлде таныс емес дыбысқа ұқсап айтылуы. мысалы, н.уәли 
қазақ тіліндегі жуысыңқы <
ш>, <с> 
aлдынан келген <
к>, <қ>
өзінің қатаң тоғысыңқы реңкінен ауытқып, босаң тоғысыңқы [
х] 
дыбысына ұқсап айтылады дейді. мұнда тілшікпен айтылатын 
[
х] 
емес, жасалымы одан ілгері дыбыс реңкі шығады. Яғни бұл 
парадигмалық осьте жоқ <қ>-ның реңкі. мысалы: 
ақша, бақша, 
шұқши, көкше, кексе 
т.б. Сол сияқты <
ш>
-ның (
атшы, сатшы
), 
<с>
-ның (
атсыз, етсіз
) вариациалары туралы да айтуға болады. 
Сондай-ақ 
күнәларың, ләззаттандым
деген сияқты бейүндес 
буынды сөздерді айтқанда [күнәла’рың], [ләзәтта’ңғаммен] деп, 
<а> мен <ә>-нің ортасындағы [а’] вариациясы пайда болады. 
а.а.реформатский әлсіз позицияның нәтижелері әртүрлі бо-
лады, кейде әлсіз перцептивті позицияның нәтижесі вариация, 
сигнификативті әлсіз позицияның нәтижесі вариант болады 
(реформатский а.а. 1970: 116), л.в.Щерба фонема мен оның 
варианттарын айырудағы қиындық жай құлаққа шалынбай-
тын айырмашылықтарды байқауда ғана емес, сол тілдің дыбыс 
құрамы үшін қай ерекшелік мәнді, қай ерекшелік мәнсіз соны 
аңғару (Фердинанд де Соссюр. 2000: 125б) деген. Өйткені ва-
риация делініп жазуда еленбей жүрген дыбыс түрленімі біртін-
деп тілдің фонемалық жүйесіне енуі мүмкін. мысалы, қазақ 
тіліндегі <ә> фонемасы 
күнә, кінә 
сияқты сөздерде, біздің 
ойымызша, позициялық түрленімге түсіп тұрғанмен (алдыңғы 
буынның жіңішкелігінен), тілтұтынушы санасында 
<ә> 
жеке 
фонема ретінде танылады.
 
“егер сөзде фонема ауысса онда сөз 
мағынасы да ауысты деген сөз, егер сөз мағынасы өзгеріссіз бол-
са, фонеманың өзгеруінің не қажеті бар” (реформатский а.а. 
1970: 56). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет