Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


а] -ның екі түрлі айтылып отырғанын біл- се де, неге оны бір < а>



Pdf көрінісі
бет49/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

а]
-ның екі түрлі айтылып отырғанын біл-
се де, неге оны бір <
а>
деп танитынын оның психикасында бір 
ғана 
<а>
-ның елесі барлығынан деп жауап береді (Щерба 1983: 
16). Сондықтан да осы елес-түсінік арқылы адам сөз дыбыста-
рын таниды. мысалы, тілі жаңа шығып жүрген бала “
далаға ба
-
ламын
” деген сөзді [р] дыбысымен айттым деп ойлайды. егер 
оған 
далаға баласың ба
? деп сұрасаң, ызаланып, “
жоқ, далаға 
баламын
” деп қайталар еді. Себебі баланың санасында [р]
фо-
немасы бар. 
Сондықтан Б.Куртенэ семантикаланған дыбыстың ғана тіл-
дік мәні болатынына тоқтады. (топоров в.н. 1960: 35)

Яғни 
ауыздан шыққан дыбыс түрі көп, бірақ ол дыбыстың мағына 
ажыратушылық сипаты ғана тілдің дыбыстық деңгейін құрайды 
деді. л.в.Щерба да семантикалануға басты мән берді (Щерба 
л.в. 1983:17). Ғалым сөйлеу кезіндегі дыбыстық түрленімдерге 
назар аудара отырып, ол айырмашылықтардың жай құлаққа 
байқалмайтынына: “Бұның жауабы қарапайым: себебі бұл 
айырмашылықтар мүлде мағына ажыратпайды (Щерба л.в. 
1983: 18) дейді.
Сөйтіп, тілтұтынушы санасында сол тілдің мағына 
ажыратушылық, сөзтанымдық қызметі бар шағын ғана дыбыстық 
қоры өмір сүретіні белгілі болды. 
Сондықтан ғалымдардың мынадай анықтамалары пайда бола 
түсті: 
а) “Қарапайым қатардағы тұтынушы аңғара бермейтін тілде-
гі құлаққа шалынатын дыбыстардың түптегінде дыбыстардың 
ішкі, идеалды жүйесі тұрады. Олар психологиялық құрылғының 
дайын үлгісі ретінде жұмыс істейді (Сапир). 
ә) “Фонема-дыбыс” жай дыбысқа сәйкес емес, жай дыбыс 


78
79
фонеманың бір ғана белгісін алып тұрады, фонема-дыбыс, ол 
барлық дыбыстық белгілердің жиынтығы”(реформатский а.а. 
1970: 245); 
б) “Фонеманың сөзайырымдық қызметі өзара айырымда-
ры арқылы жоғары тілдік бірлік – морфеманы ажыратуынан 
көрінеді” ( реформатский а.а., 1970). 
в) “Сөйтіп, тіл-тілде көптеген артикуляциялы-акустикалық 
дыбыс түрленімдері болады және сол түрленімдер жинақталған 
белгілі бір мөлшердегі дыбыстар болады” (ветвицкий в.Г., 
иванова в.м., моисеев а.и. 1974: 21). 
г) “Фонема – бұл идеалды дүние, сол дыбыс жиынтығы белгі 
бір фонетикалық жағдайда жеке дыбыс ретінде көрінеді». “фо-
немалар – бұлар тілдегі әлеуметттік жағынан айқындалған ды-
быстар және мұндай дыбыстар әр тілде әртүрлі, бірақ белгілі бір 
сандық шегі бар” ( реформатский а.а. 1970: 129). 
ал фонеманың сөз мағынасын ажырататын дыбыс екенін 
алғаш айтқан кавказ тілдерін зерттеуші П.К.услар болды
(Яковлев н.Ф. 1970: 129). р.и.аванесов, в.н.Сидоров фоне-
маны сөздің әлеуметтік мәні бар дифференциалды элементі 
деді (аванесов р.и. Сидоров в.н. 1970). Бұл тұжырымдарға 
Қ.Жұбановтың фонема бір сөз бен екінші сөзді айыруға жарай-
ды дегені (Жұбанов Қ. 1999: 501) сәйкес. 
Сөйтіп, фонема абстракті единица ретінде адам санасында 
өмір сүретін бір жақты құбылыс болды. Фонема – ауызша тіл 
мен жазба тілдің арасын байланыстыратын аралық категория. 
Фонема – сөз жасайтын (конститутивті), сөз айыратын (дис-
тинктивті) (Яковлев н.Ф. 1970) және жеке тұрып мағына бере-
тін фонологияның кіші бірлігі. Фонема сөздің дыбыс құрамын 
екшеп, сөздің естілімін туралайды, форма айыратын, мағына 
айыратын шектеулі дыбыс құрамы арқылы сөз мағынасын ажы-
ратады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет