Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет159/236
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143053
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

-шы 
жұрнақтарын
 
(
барсайшы
)
 
түбірмен бірге жазу
 
(К.
Кемеңгеров);
-
ғана, ғой, ма, көрі 
шылауларын фонетикалық принциппен
жазу (Е.Омаров);
-
барлық түркі тілдерінде палатал үндесім жетекші,
сондықтан емлеге осы үндесімді негіз ету (Т.Шонанұлы) деген
пікірлер болды.
Ал 
ерін үндестігі туралы
мынадай қарама-қарсы пікірлер
айтылды (стенограммадағы сөйлеу стилі өзгертілген жоқ):
- ерін үндесімі бұдан 50-60 жыл бұрын күшті болса
(В.В.Радлов), бүгінде құрып барады (Т.Шонанұлы, Әлібаев) //
ерін үндесімі мүлде құрығаны ғылыми түрде дәлелденген жоқ,
сондықтан ойласу керек (Юдахин); // еріндіктерді бірін-
ші буыннан артық жазбау // eрін үндесімінің күші қазақ тілін-де
ІІ буынға дейін сақталуы тиіс және солай жазылуы қажет
(К.Кемеңгерұлы).
-
ерін үндестігін сақтау тиімсіз, бірақ шет сөздерді игерген-
де екінші буынға да жазу (Е.Омаров) // кірме сөздердің соңғы
буынындағы еріндікті алдыңғы буынға шығарып жазу
(
висмут-вұспит
) (Т.Шонанұлы).
Қысаң езуліктердің емлесі туралы:
-
сөз аяғындағы
ы,
і
езуліктері қосымша жалғағанда
түсірілсе, түбірде де жазбау (Т.Шонанұлы);
-
қысаң езуліктерді мүлде таңбаламау: 
млтқтң
(Байділдин,
Әлібаев; // қысаңдарды барлық позицияда таңбалап отыру 
(Е.Д.Поливанов).
Позициялық алмасуды таңбалау туралы:
-
емледе ілгерінді ықпалды ғана белгілеу (Т.Шонанұлы);
-
түбір мен қосымша аралығында 
п-б,
қ-ғ,
к-г,
п-у
өзгерісін
белгілеу (Т.Шонанұлы);
-
аталған позициядағы 
н-м,
н-ң
өзгерісін жазуда белгілемеу
(Т.Шонанұлы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет