Байланысты: Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы
Оқуға арналған материал ...Сингармонизм заңының екінші жағы –
ерін үндесімі. Бұл –
бірінші буындағы ерін дауыстылардың әсерінен (
о, ө, ұ, ү ) екін-ші-
үшінші буындағы езуліктердің (
ы, і, е ) еріндікке айналып, ұқсап,
жуықтап айтылуы. Қазақ тіліндегі ерін үндестігі қырғыз, алтай,
тува тілдеріндегідей жаппай қамтитын құбылыс емес екені белгілі.
Сондықтан ерін үндестігі жазба тілде көрініс таппаған. Қазақ
тіліндегі ерін үндестігі – 2-3 буынға дейін сақталатын, ары қарай
сөз неше буыннан тұрса да соңында езулікпен айтылатын
құбылыс. Ерін үндестігінің 2-3 буынға дейін анық естілетін,
айтылатын тұсы ашық буын жағдайында. Мысалы:
көбелек – көбөлөк, құбылыс – құб ү лұс, сүйініш – сүй ү нүш, бөдене – бөдөнө, бұрылыс – бұр ү лұс, бүлініс – бүл ү нүс, көпене – көпөнө, күйініш – күй ү нүш, құйылыс – құй ұ лұс. Жалпы, ерін дауыстыларын еріндік реңкінің күштісінен
әлсізіне қарай орналастырсақ, былай болады:
ө, о, ү, ұ. Сондықтан
ө дыбысы үшінші бітеу буында сирек айтылады да,
ашық буын-ды
жоғарыдағы түбір сөздерден басқа жағдайда, мысалы, түбір мен
жалғау жағдайында үшінші буын
е болып дыбыстала-ды. Болмаса
өзінен еріндігі әлсіз
ү болып айтылады. Мысалы:
көркемдік – көркөмдүк, өзенге – өзөңге, көркемдеу – көркөмдеу. Тіліміздегі ерін үндестігінің жаппай қамтитын құбылыс емес
екенін жалғаулар арқылы білуге болады. Жалғаулар қатарында
ө -
мен келетін еріндік варианттар жоқтың қасы.
Сондықтан сөз
ашық буынды болса да, үшінші буындағы жалғау езулікпен ай-
тылады. Мысалы:
төбеле – төбөле, төпеле – төпөле. Мына сөздерді айтылу нормасына сай жаттығып көріңіздер:
төбеден – төбөден төбелес – төбөлес төлдеме –
төлдөме төменде – төмөнде төпелеу – төпөлеу
төредей – төрөдей
Жалпы,