Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


О,   ө  дыбыстары   харакатпен   емес



Pdf көрінісі
бет16/28
Дата28.12.2016
өлшемі1,76 Mb.
#612
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28

О,   ө  дыбыстары   харакатпен   емес,  тек   таңба   арқылы   жазуда
қойылып отырғанын байқаймыз. Бұл жадид жазуының негізгі
ерекшеліктерінің бірі, яғни бір дыбысқа бір таңба. Бұл үрдіс
араб   жазуымен   басылып   шыққан   кітаптарда   жүйелене   түсіп,
ба-сым сипат ала бастайды.
... Газеттерде өнер, баға, ауа сөздерінің парсылық тұлғасын
бұзбай таңбалау басым болып келеді. Мысалы, өнер/һөнер,
баға/баһа ауа/хауа.
Газеттердің ең басты ерекшелігі қысаң дауыстылар ы мен і-нің
жазуда таңбаланбауы. Сонда газеттерде еріндік дауысты-лар о, ұ,
ұ, ү дыбыстары жүйелі түрде жазуда белгіленіп отыр-са, ал ы, і
қысаңдары   таңбаланбаған.  Баслұб,  бітүбді  деген   аздаған
сөздердің  еріндікпен  таңбаланғаны  болмаса,  басым  көпшілігінің
жазуда белгіленбегенін көреміз. Мысалы, барб (ба-
рып), келб (келіп), қарздары (қарыздары), қлб (қылып). Ал жаз-
баларда сөздің соңғы буынындағы ы, і қысаңдары еріндік ұ, ү
әріптерімен көп жағдайда таңбаланып отырған.
...   Жадид   жазуымен   басылып   шыққан   кітаптардың
таңбалану ерекшеліктері:
1. Дауысты дыбыстар харакаттар арқылы емес, таңба арқылы
беріліп,   жазуда   хатқа   түсіп   отырған,   араб   әліпбиіндегі   28   әріп
таңбаларының барлығы дерлік (бір мәтін ішінде) қазақ сөздерін
175

таңбалауда қолданылмаған, жуан сад (

) және жуан та (

) 
әріптері тек жуан дауысты сөздерде ғана таңбаланған.
2. Әр баспаның өзіне тән жазу жүйесі болған. Мысалы, бір
баспада   көбінесе  че  (

)   қолданылса,   екіншісінде   керісінше,
шин  (

)  таңбаланады.   Кей   баспада   қысаңдар   еріндікпен
таңбаланса,   кейбірінде   керісінше   жүйелі   түрде   жазуда
таңбаланбай отырған (соңғысы жиі кездеседі).
3. Қадим   жазу   дәстүрі   бойынша   дауысты   дыбыстардың
алды-нан   қойылатын   үнсіз   алиф   пен   дыбыстық   мәні   бар
маддалы   алиф   жүйелі   түрде   сақталып   отырады.   Бұл   араб
жазуымен шыққан барлық кітаптарға тән белгі.
4. Араб-парсы сөздері жазуда түп тұлғасын сақтаумен қатар
қазақ тілінде икемделген фонетикалық нұсқасы арқылы да бері-
ле бастаған.
5. г   және   ң   дыбыстарының   таңбасы   араб   әліпбиінде   жоқ
болғандықтан   да   болар,   көбінесе  ң  дыбысы   жүйелі   түрде
түркілік  ңе  арқылы,  г  дыбысы   жүйелі   түрде   парсының  ге
таңбалары арқылы беріліп отырған
6. Түркілік ве таңбасы жүйелі түрде у дыбысын таңбалаған.
1-тапсырма
Төмендегі   сөздерді   қадим   және   жәдид   жазу   үлгісімен
таңбалаңыз:  дәрігер,  хазірет,  мүйіз,  болыс,  халық,  көңіл,  ба-
рып.
2-тапсырма
Төмендегі әріптердің, сөздің басында, ортасында, соңында
жазылуын   көрсетіңіз:   «нун»,   «һә»,   «бә»,   «тә»,   «шин»,   «фә»,
«тә».
3-тапсырма Берілген мәтінді қазіргі 
жазуға кодтаңыз:
ﻠﻌﺎﻦ

ﻌﺎﺮﻣﻠﺎﺮ ﺩﻪﭗ ﺗﺎﻨ

ﻨﻲ زﻳﺎﻨﺪﯽ ﺷ

ﻨﺪﻪ ﺩ
ٸ
 ﻛﻪز

ﯩﻨ

ﻚﯽﻤﻪﺘ
ٶ
ﻪﺲ 

ﻨﻪ ﻛﻪ

 ﻣﺎﺴﻪﻠﻪﺴ

ﺪﺎﺮ

ﻦ ﺍ

ﺮﻠﺎﺮ

ﺮﻌﺎﻨﻲ ﻣ

ﻟﻪﻴﻤﻪﻦ ﺑﺎﻘ


ﻠﺪﺎﺮﺪﺎﻦ

 – ﺟ
90
ﻦ ﺍﻟﻌﺎﻦ 



زﺪ

ﻪﻠﺴ

ٵ
ﺒﻠﻴﻜﺎﺴﯽ ﺗ

ﻗﺎزﺎﻘﺴﺘﺎﻦ  ﺭﻪﺴﭙ
.
ﻨﻪ ﺑﺎﺴﺘﺎﺪﯽ
ﯩﻟ
ٶ
ﻞ  ﺑ


ٶ
ﺑﺎﺴﺘﺎﭗ  ﻛ
4-тапсырма Араб тілінен игеріліп жазылудың 
фонетикалық себеп-
терін көрсетіңіз:
(таби’ат)табиғат,   (та’ам)   тағам,   (ашиқ)   ғашық,   (ақил)
ғақыл,   (алим)   ғалым,   (ибрат)   ғибрат,   (ажа’иб)   ғажайып,
(ажаб) ғажап, (арш) ғарыш, (урф) ғұрып, (далал) залал, (та-
лаб)   талап,   (азаб)   азап,   (ғайрат)   қайрат,   (фасиқ)   пасық,
(фа’л) бал, (фатуа) пәтуа, (фида) пида, (фирасат) парасат,
(фуқара) бұқара, (қанд) қант,
(заһир) зайыр, (мактаб) мектеп, (мактуб) мәктүп, (иатим)
жетім, (иасир) жесір,
Тест сұрақтары:
1) Араб графикасына негізделген қазақ жазуының қадим
жүйесінде қанша таңба болды?
a) 28
b) 34
c) 42
d) 33
2) Қадим жүйесінде араб әліпбиіне сәйкес қанша таңба 
бар?
a) 34
b) 15
c) 28
d) 42
3) Араб жазуының емлесінде қандай үндесім басым?
a) Ерін үндесімі
b) Тіл үндесімі
c) Лабиалды үндесім
d) интервокал
4)
«Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» тәрізді  алғашқы
қазақ газеттерінде қолданылған жазу үлгісі қандай?
a) Қадим
b) Мысыр диалекті
c) Латын
d) Жәдид
176
177

5) XVIII-XIX ғ.ғ. араб жазу ескерткіштердің әліпбиі мен
орфографиясына   арнайы   зерттеу   жүргізіп,   диссертация
жазған зерттеуші?
a) Қ. Күдеринова
b) Р. Сыздық
c) Г. Мамырбекова
d) Қ. Жалайыр
6)   Араб   графикасына   негізделген   қазақ   жазуының   да-
уыстылар   жүйесінің   графема-фонема   қатынасы   қандай
болған?
a) 3:9
b) 4:8
c) 2:4
d) 5:5
7) Қадим   жазуында   дауысты   дыбыстар   қалай
берілді? a) Таңба арқылы
b) Харакаттар арқылы 
c Сукундар арқылы d) 
Ташдиттер арқылы
8) Сөз   басында   «е»   фонемасы   міндетті   түрде   қандай
таңба арқылы берілген?
a) /уау/
b) /һе/
c) /ии/
d) /иа/
9) Интервокал позициядағы «қ» фонемасы қандай 
әріппен берілген?
a) «һ»
b) «к»
c) «х»
d) «ф»
10) Араб жазуын оқу қандай әдіске негізделген?
a) Логикалық
b) Синтетикалық
c) Лексикологиялық
d) Грамматикалық
9-дәріс. Орыс графикасына негізделген қазақ әліпбилері
Араб   графикасының   қазақ   тілінің   дыбыстық   жүйесін   бе-
рудегі   қолайсыздығы,   омографтардың   көбейіп  кетуінен   мәтін
мағынасын   түсіну   кейде   қиын   болды.   19   ғ.   аяғында   Ресей
үкіметі саясатының есебінен орыс жазуына көшу бағыты шыға
баста-ды. 1876 жылы қазақ жазуын орыс графикасына көшіру
туралы мәселе ресми түрде қолға алынды. Алғашқы әліпбилер
жасала бастады.
Орыс графикасына негізделген ең алғашқы қазақ әліпбиі жо-
басын  Н.И.Ильминский  жасады. Н.И. Ильминский әліпбиіндегі
қазақ тілінің өзіне тән дыбыс дауыстылардың таңбалары мына-
дай болды: ă –<ә>, ŏ- <ө>, у –< ү>, і – <і>, ы – <ы>, н – <ң>, к-
<қ>, г – <ғ>. Орыс әліпбиіндегі е, в, и, ф, ц, х, ч, щ, ъ, ь, э,
ю, я таңбаларын (қазақ тілі дыбыстық құрамына тән емес ды-
быс таңбаларын) қолданбады. Н.И.Ильминскийдің бұл жазуы-
на кезінде В.В.Григорьев тарапынан арнайы сын айтылған еді.
Онда В.В.Григорьев араб жазуы сіз ойлағандай қазақ жазуына
келмейді емес дейді: “Но справедливость прежде всего, даже и
в   отношении   к   арабской   азбуке:   зачем   обижать   ее,   а   вы,   я
нахожу, обидели ее, унизив паче меры”. Ғалым басқа әліпбиді
алған   соң   оны   не   өзгеріссіз   қабылдау   керек,   не   сол   әліпби
таңбаларының шегінде ғана пайдалану керек деген.
В.В.Григорьев   қазақ   тілінің   консонантизм   жүйесіне   араб
графикасының 19 әрпі жеткен еді, ал сөз болып отырған әліпбиде
3 әріпті (қ,  ғ,  ң) қолдан жасайды, 2 әріпті (w, j) латыннан алады
дейді.   “Находите   вы   еще   в   киргизском   языке   особое   тонкое  а
которое изображаете через  ă. Я полагаю что ваше  а  по тождес-
твенности   своей   с   тонким   глухим  е,   можеть   быть   безо   всякого
неудобство   изображаемо   буквою   э”   деп   пікір   түйеді.   Автор  к
әрпімен   <қ>,   <к>  фонемаларын,  г  әрпімен   <ғ>,   <ћ>,   <г>  фо-
немаларын   белгілеу   керек,   себебі   бұлармен   іргелес   келген   дау-
ысты   таңбасы   жуан-жіңішке   оқылуын   айырып   тұрады,  жүген,
кереге,   қаймақ,   қол  сөздерін   басқаша   оқу   мүмкін   емес   деді.  Ң
фонемасын  нг  немесе  н  деп бергенді дұрыс көреді және  й  әрпі
тұрғанда латыннан j таңбасын алып қажеті жоқ екенін, сондай-ақ
[иа]   тіркесін  я,   [йе]-е,   [иы]-йы,   [йі]   (ий),   [йо]-йо  деп   беруді,
сөйтіп  я,  ю,  ъ  әріптерін орыс сөздерін оқығанда оңай болу үшін,
және әріп үнемдеу үшін қалдыруды  ұсынады. Автор <е>  дыбы-
сын негізгі реңкі [je] деп табады.
178
179

Оқымысты   тарапынан   осындай   сынға   ұшырағанмен
Н.Ильминскийдің   орыс   графикасымен   берген   қазақ   әліпбиінің
қазақ   тілі   дыбыстар   жүйесін   белгілеуде   бірнеше   артықшылығы
бар. Ғалым түзген графикада е графемасы сөз басындағы дифтонг
реңкін  [je],  жіңішке [й]   дыбысын  және   жуан   [e]-ні  таңбалайды.
Және   І-буындағы   еріндіктен   кейін   [ө]-ні   білдіреді:   [тўсцр].
Н.Ильминский ә әрпі (д) тек араб, парсы және Бәке, әтеке сияқты
төл   сөздерде   қолданылатынын   айта   келіп,  тілде  жіңішкеру
бағытының күшейгенін ескертеді. Ғалым <а>, <о>, <ұ>- дан кейін
<ә>, <е>, <і> келсе,  алдыңғылары велярланады дейді: [сцjерде],
[сцідеіді],   [бяітйді].   Сондай-ақ   <й>  дыбысының   да   сөзді
жіңішкертетін қасиетін көрсетеді: бяjум, біідаі, бяіда,
оілдды, баіліқ.
Сонда   автор   әліпбиіндегі   дауыстылардың   әріп-дыбыс
қатынасы төмендегідей:
а [а] [ә],
е [э] бер, [й] неге, [ө] төсек, [је] егер;
о [о], [уо], [ө] 
сойдеді; ы [ы], [і]; у 
[ұ], [ү]; а[ә], і[і], ǒ[ө].
Ал дауыссыздар таңбасы мынадай болды: п, б, м, w (у), т, д,
н, ж, з, ш, с, р, л, j (й), қ (қ), ғ (ғ), к, г, нь (ң). Н.И. Ильминский
<қ>, <ғ> дауыссызы басқа дауыссыздарға қарағанда ерекшеле-
нетіндіктен жеке-жеке әріп арнадық дейді, сондай-ақ <ж>, <ш>
фонемалары жіңішке тілалды ғана болып айтылатынын ескер-
теді.
Сонымен бірге ғалым жазба тілде мынадай морфонологиялық
алмасулардың таңбаланатынын көрсетеді: <б>-<у> (табыб-
тауыб  ), <м>-<н> (Махамбет, Үмбет), <н>-<д> (кімді), <д>-
<н> және 0 (кімнен;  мен(д)ен-менен). Ал сөз басындағы  л,  р
әріптерінің   алдына   әнтек   естілсе   де  ы,   і  қысаңдарын   жазу
дұрыстығын оларға күшейткіш буын лап-лас, рап-рас деп емес,
ып-рас, ып-лас болып жалғанатынына негіздейді.
В.В.Радлов  та  өзінің  1870ж.  жарық  көрген  “Образцы  народ-
ной литературы тюркских племен Южной Сибири и Джунгарии”
деген   хрестоматиялық   материалдарын   орыс   графикасымен
жазғаны мәлім. Мұнда байқалатын өзгешелік [и] дыбысы бірде
і, бірде j белгісімен, <ғ>-ны қ таңбасымен, [дж] дыбыс тіркесін
– n әрпімен және <л> фонемасын латын графикасындағы l-мен
берілуі болып табылады.
Б.Әбілқасымов   архив   деректері   Н.И.Ильминский   мен
В.В.Радловтың   қазақ   тіліне   икемдеп   жасаған   әліпбилері   Ресей
университеті оқымыстылары тарапынан қолдау көрмегенін, орыс
алфавиті   өзгертусіз   қолдануы   керек   деген   ұсыныстар   басым
болғанын  көрсетті  дейді.  Оған  мына  дәлелдер келтірілген  дейді
автор: 1) тілдің барлық оттенкісін бере алатын дүние жүзінде бір
де   бір   жетілген   алфавит   жоқ,   бірақ   одан   тілге   келген   қиындық
байқалмайды;   2)   араб   әліппесі   түркі   халықтарының   дыбыстық
құрылысына үйлеспесе де, осы алфавитпен олар осы кезге дейін
пайдаланып   келді;   3)   европа   тілдері   үшін   пайдалануға   толық
икемді орыс әліппесі араб алфавитіне қарағанда, осы күйінде де
қазақ тіліне әбден жарайды.
Бірақ   В.В.Радловтың   Қазан   университеті   жанындағы   архео-
логия,   тарих   этнография   қоғамының   мәжілісінде   жасаған   баян-
дамасынан кейін орыс алфавитін сол қалпында түркі жұртының
жазуына қолдануға болмайды деген пікір қалыптасқанын
көреміз.
Ы.Алтынсаринның “Қырғыз хрестоматиясының” 2-басы-
лымында орыс алфавитінің  және латын  графикасының мынадай
таңбалары пайдаланылған:  д  <ә>,  я  <ү>,  ц  <ө>,  н  <ң>,  к  <қ>,  у
<ұ>, и <і>және (ій), й<й>, г<ғ>, і<і>, у <ұу>, уу <ұу>. Мұндағы
г-<ғ>, <г>,  к-<қ>, <к>  таңбалары төрт дыбысты берсе,  керісінше
<і>   фонемасы  і  және  и  екі   графемасымен   де   белгіленді   (кійиз,
тійме,   адилдик),  кейде  и  <е>ні   де   берді.  У   әрпі  [ұу]  қосарын
таңбаласа да (тоқу,  саусқан,  шоқу),  уу  тіркесі де пайдаланылды
(ашуума).   Сондай-ақ   [е]-мен   қатар   келген   [w]  я  –мен   <ү>   бел-
гіленді (бесеям, бірея). Сонда Ы.Алтынсарин әліпбиінде <і>-<й>,
<у>-<ү>   фонемалары   жеткілікті   дифференциацияланып,
графикалана   алмағанын   көреміз.   Хрестоматияда   ерін   үндестігі
жүйелі   таңбаланып   отырады:  болду,  оку,  окуулук,  току,  кяннцн-
кянгц, дянйц, кцңялгццнцр, бяйрцгямц, яйдцгүмцІ-буындағы екі
ашық   езулік   буын   арасында   қысаң   езуліктер   жүйелі   түсіріліп
отырады:  тлек,  кобланды,  даншпан,  ыклас,  мнау,  домбра,  пскен-
де, брак, бреу, кші, ксі; сөз аяғында б қолданылады: талаб, көб.
Соңғы   орфографиялық   ерекшеліктерге   қатысты   ДУГ-нде
қысаңдарды түсірмеу, ұу, ій орнына бір таңба жазу ұсынылады
(ДУГ.  1899.   №22,   23).   Сөзді   жіңішкерту   үшін   кей   жерде  ь
таңбасы да жазылған (ел-эль).
180
181

“Ы.Алтынсариннің   шәкірті   А.Балғымбаевтың   естеліктеріне
қарағанда, ресми түрде орыстан өзге халықтар жазуын орыс гра-
фикасына көшіру туралы заң (положения) 1906 жылы 31 март-та
шыққан   тәрізді.   Соның   өзінде   оған   қарсы   шығушылардың
пікірінен қорыққан орыс әкімшілік орындары осы мәселеге арнап,
1910 жылы июньде Петербургта әдейі кеңес шақырады. Жергілікті
халықтан   уәкілдер   қатысқан   бұл   кеңесте   жоғарыдағы
Положенияның   көп   жеріне  өзгерістер  енгізіліп,   орыс  жазуы   тек
ресми   документтер   мен   оқулық   кітаптарға   ғана   қолданылатын
болсын   деген   шешімге   келеді”   дейді   проф.   Б.Әбілқасымов.
Революцияға дейін жарық көрген қазақ тілі сөздіктерінің графи-
касы мен емлесін зерттеген проф.М.Малбақов 1912ж. “Орысша-
қазақша   сөздік”,   1917ж.   Т.Бокиннің   “Қазақша-орысша   сөздігі”,
Клапорт сөздігінде, Е.Бокиннің “Орысша-қазақша және қазақша-
орысша   сөздігінде”   орыс   графикасының   әліпбиі   мен   емлесі
сақталып жазылғанын айтады.
Пысықтау сұрақтары:
1.Орыс   графикасы   бойынша   әліпби   жасаудың   қандай
қажеттіліктері болды?
2. Орыс әліпбиі негізінде алғашқы әліпби жобаларының авторлары
кім?
3. Әліпбилердің   өзара   айырмашылықтары   қандай   болды   және
уәжді жоба деп қайсысын ұсынуға болады?
9-семинар. Ұлттық әліпби жасаудың 
алғышарттары мен маңызы
Жәдид жүйесінен басталған реформа одан ары жалғаса берді.
А.Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап араб жазуын қазақ тілі-
не   ыңғайластырып,   жақындатуды   қолға   алды.   А.Байтұрсынұлы:
«Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген
жолмен   оқуды   айтпаймын,   қазақтың   тіліменен   оқуды   айтамын»
деді.   Сол   кездегі   оқыту   процесін:   «әуелі   әліфті   тегіс   жатқа
оқытады   және   де   оқытқанда   әрбір   харіфтің   өз  үнімен   оқытпай,
әліфбиде қалай аталса, сол атымен әліп, би, ти, си, мим, ха, дал
дегізіп   оқытады.   Соны   оқып   болған   соң   астын,   үстін,   үтірін
оқытады.   Мұны  оқытқанда  да   хәріфтің   өз  дауысын  оқытпай   …
бисын ба, тисын та, сисын са дегізген соң харфтің анық дауысы
қалай екенін білмей баланың басы қатады» деп сынады.
Сондықтан ел арасына тарай бастаған жаңа оқу жәдид жүйесін
одан ары жетілдіруді ойлады: «Усул жәдид, яғни төте оқу жолы
бар екенін білеміз, бірақ сол жол қазақ арасына аз тараған соң,
біздің мақсатымыз да сол оқуды қазақ арасына көбірек жаю. Усул
жадит   жолын   сіз   28   әріп   оқыту  мағынасында   ұқсаңыз,   оныңыз
қате – усул жадид – жаңа жол. Бір екі белгі алып қосқаннан усул
жадит жолынан шықпаспыз» деді.
Сөйтіп,   1912   жылдардан   бастап   А.Байтұрсынұлы
оқулықтары,   «Қазақ»   газеті   (1913-1919жж.)   осы   әліпбимен
жазылып,   ел   ара-сына   тез   тарай   бастады.   Тек   әліпби   ресми
түрде 1924 жылы ғана қабылданды.
А.Байтұрсынұлы   әліпбиінің   тез,   әрі   жылы
қабылданғанының бір себебі араб графикасының тегі сақталуы,
тіл үндесімін дәйекше арқылы көрсетуі болды.
А.Байтұрсынұлының   әліпби   жасаудағы   еңбегі   мен   оның
маңызын орыс ғалымдары мен түркітанушылар және әрине қазақ
оқыған   зиялылары   жоғары   бағалады.   Мысалы,  Е.Д.Поливанов
«Новая   казак-киргизская   (Байтурсыновская)   орфография»деген
мақаласында былай дейді: «Эту последную форму, которую при-
няла   казак-киргизская   графика   в   1924   году   я   во   всяком   случае
считаю уже не нуждающейся в поправлениях и представляющей
последний   шаг   в   историческом   формировании   национальной
графики, которым с полным могут гордиться киргизские деяте-ли
просвещение-создатели   реформы,   как   крупным   культурным
завоеваниям»деген.
Т.Шонанов  Байтұрсын   әліпбиінің   маңызын   былай   сипат-
тады:   «Болашақ   ұрпақты   молдалардың   дүмше   дым   білмес-
тігінен, миссионерлердің жаңашылдығынан құтқару үшін Ахаң
жалғыз   күресті.   Оның   жаңа   қазақ   алфавитін   жасауы   іс
жүзіндегі ішкі және сыртқы жаулармен күресінің көрінісі бо-
латын,  біздің  тіліміздегі   барлық  дыбыстарды   сақтай   отырып,
дыбыс үндестігінің заңдылықтары бойынша жаңа әріптер бел-
гілеп, ана тілінің синтаксисі мен этимологиясын жасап шықты.
Ол   қазақ   тілінде   қолданылмайтын   мүлдем   қажетсіз   12   араб
әрпін әліппеден алып тастады. Бұл жазу емлесіндегі көптеген
қиыншылықтарды жойды. Сондықтан да Ахметтің жаңа алфа-
виті мен жаңа әліппесі біздің мәдени өркендеумізге зор пайда-
сын   тигізетін   құбылыс   еді.   Жаңа   алфавит   тілдің   таза
сақталуына   мүмкіндік   туғызды.   Жаңа   алфавит   әлемді
мәдениетпен арласа түсу жолын жеңілдете түсті».
182
183

М.Дулатов:   «Араб   әріптерінің   өзгеріп   отырғаны   рас.  Бірақ
қалай өзгертілген әңгіме сонда болу керек қой. Араб әріптерінің
14  ғана   бұрынғыша   болса,   өзге  ойдан   шыққандары   жұртқа   жат
болу   керек   қой.   Ойдан   шығарылған   әріптерді   жұртқа   үйретіп,
оқытып жату керек еді ғой. Ондай нәрсе болды ма? Болған жоқ,
ендеше   бұны   өзгертушінің   шеберлігі   деп   біліңдер.   Бұларды
өзгерткенде   әр   әріптің   бұрынғы   тұлғасын   жоймай,   өзгерткенін
сездірмей,   хат  танитын   адам  бөгелместен   оқып   кетерлік   қылып
өзгерткен...   ....   Бұл   емлені   тосырқап   түсінбейміз,   оқи   алмадық
деген   ешкімді   естігеніміз   жоқ.   «Қазақ   емлесін»   мұсылман
медреселерінде,   орыс   школдарындағы   шәкірттер,   учитель-дер,
мұғалімдер   жабыла   қабыл   еткендігі   былтырғы   «Қазақ»
нөмірлерінің көбінен көрінеді. Бұл екі жылдық қана қызмет, ин-
шалла мұнан кейін артпаса кемімес деген үміт зор» деді.
Қ.Жұбанов:   “...  Бұл   жүйе   қазақ   тілінің   ерекшелігіне   әбден
лайықты (тегінде жалғыз қазаққа ғана тән деп қарауға болмай-ды),
қазіргі   алған   жаңа   әліпбиімізге   де   өте   қолайлы,   өйткені   араб
жазуын   таңбалау   табиғатына   мұның   еш   қатысы   жоқ   және   дәл
сондай-ақ алфавит біткенге бірдей үйлесімді” деген болатын.
Ал проф. А.Байтұрсынұлы әліпбиінің басқа да ғалымдар-дың
еңбегіне арқау болғанын алғаш дәлелдеген ғалым  М.Жүсіпұлы:
«А.Байтұрсынұлы
 
жасаған
 
сингарфмоалфа-вит
 
пен
сингармоорфографияның принциптерін 30-40 жылдан соң АҚШ-
тың   ғұлама   ғалымы   Р.О.Якобсон   ұсынған   орфогра-фия
принциптерімен   салыстырып,   А.А.Реформатскийдің   қазақ
жазуының   жобасының   ұтымды   екендігін   сүйіспеншілікпен
айтқанын келтіреді: «Жазуда әріптердің жуан я жіңішке екен-дігін
таңбалайтын   Р.О.Якобсон   ұсынған   графикалық   әдіс,   ғылыми
маңызы   биік   қазақ   орфографиясының   талантты   жоба-сына   өте
ұқсайды. Қазақ тілінің орфографиясының жобасында сөздің жуан,
жіңішкелігін   белгілейтін   таңба   (дәйекші)   сөздің   құрамындағы
әріптермен   бірге   емес,   сөздің   «сыртында»   тұрады.   Р.О.Якобсон
жасаған   ұсыныс   та   дәл   осы   әдістің   өзі.   Бірақ   бұл   жағдайда
қосымша   таңба   сөздің   «сыртында»   емес,   сөздің   «ішін-де»
дауыссыз   әріптермен   бірге   жазылып,   сөздің   жуан   я   жіңішке
екендігін   білдіріп   тұрады».   Және   Н.Ф.Яковлевтің   әліпби
жасаудағы математикалық формуласына негіз болған басты при-
нциптер   тікелей   А.Байтұрсынұлының   ғылыми   еңбегімен   байла-
нысты   екенін,   А.Байтұрсынұлының   1912   жылы   қазақ   тілінде
жарияланған еңбектері мен Н.Ф.Яковлевтің 1926 жылы жазы-
лып, 1928 жылы жарияланған мақаласында ұқсайтын пікірлер,
ғылыми   тұжырымдардың   кездесетінін   былай   қатар   сөйлете
оты-рып, дәлелдейді:
1) А.Байтұрсынұлы: «… дауысты дыбыстар жуан айтылса
олардың   қатарындағы   дауыссыз   дыбыстар   да   жуан
айтылмақшы,   дауысты   дыбыстар   жіңішке   айтылса   дауыссыз
дыбыстар да жіңішке айтылмақшы».
Н.Ф.Яковлев:  «…  твердость   гласных   в   этих   примерах
всегда  сопровождается  твердостью  приведенных согласных и
мягкость гласных звуков – мягкостью согласных».
2)  А.Байтұрсынұлы:  «… сөз екі түрлі бір түрі жуан, екін-
ші түрі жіңішке. Жуан сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрі жуан
болады, жіңішке сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрі жіңішке бо-
лады. Жалғыз түрлі айтылатын дыбыстар екі түрлі сөздің бір ақ
түріне кіреді».

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет