Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


А.Байтұрсынұлы реформалаған қазақ әліпбиінің ереже-



Pdf көрінісі
бет19/28
Дата28.12.2016
өлшемі1,76 Mb.
#612
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28

А.Байтұрсынұлы реформалаған қазақ әліпбиінің ереже-
лері мен принциптері. Бұл мәселе алғаш 1924ж. 12-18 маусымын-
да Орынбар қаласында өткен “Қазақ білімпаздарының тұңғыш
съезінде”  көтерілді.   Съезге  А.Байтұрсынұлы,   Ә.Бөкейханұлы,
Е.Омаров,   М.Дулатұлы,   Х.Досмұхамедұлы,   Н.Төреқұлов,
Т.Шонанұлы қатынасты.  Онда  қазақ орфографиясының  не-
гізгі принципі дыбыс жүйесінше деп анықталды. Бұған сәйкес
емес, қап-қабы, доп-добы сөздеріндегі <б-п> дыбысының асы-
лы <п> емес, <б> фонемасы, желп-желпі, серп-серпі дегенде-гі
дыбыстың   асылы   <п>   фонемасы,   бірақ   қазақ   емлесі   дыбыс
жүйесінше б-п, қ-ғ өзгерісін таңбалайды делінді.
Емлеге  қатысты  баяндама  жасаған  Е.Омаров  қару,  келу
сөздері қарұу, келүу емес, қарыу, келіу, қарыуы, келіуі деп жа-
зылатынын олардың  қа-рыу,  ке-лі-уі  болып буындалатынынан
іздеу   керек   деді.   Автор   “қазақ   тілі   түрік   тілдерінен   жігі
ашылып, ұ дыбысы ы-мен айтылатын болған. Бұл қазақ тілінде
өз еркімен болған өзгеріс” деді.
Съезде мынадай мәселелер сөз болып, шешімін тапқан:
- қысаң езуліктер барлық позицияда жазылсын;
қ-к,   ғ-ғ  фонемалары   арнайы   таңбалармен   белгіленсін,
өйткені “әрқайсысы ауыздың әр жерінен шығатұн дыбыс”
(А.Байтұрсынұлы);  “қаныкей,  қайткенде,  бірақ  сықылды
үндестік заңына келмейтұн сөздерді бөліп дәйекшемен жазу 
қиын” (Е.Омаров);
х, һ, ф, ш әріптері әліпбиден шығарылсын, ш орнына өзге
түркі   тілдерінен   алшақтамас   үшін  ч  әрпі   қолданылсын
(Е.Омаров) деген ұсыныс болғанмен <ш> фонемасы ш әрпімен
берілді;
ә  әрпі сөз аяғында айтылмайтынын білдіру үшін жіңішке
түбірге  паз,  уар  кірме жұрнақтары жалғанғанда дефиспен жа-
зылсын (білім-паз, сөз-уар) (Е.Омаров) деген пікір болғанмен,
сөз дефиссіз дәйекшемен жазылып, сөз аяғындағы а [ә] болып
оқылмайды делінді;
- жалғау мен шылауды айыруда екпін қызметі пайдаланыл-
ды, мысалы,  атта жал бар,  өгізде мүйіз бар  деген сөйлемде
алты екпін бар, ал  ат та көлік,  өгіз де көлік  деген сөйлемде
та,  де  тұлғаларының   жеке   екпіні   бар,  сондықтан   соңғысы
шылау болып табылады;
-  қарыз,  мұрын  сөздерінің түбір тұлғасында да, тәуелдеулі
тұлғасында да  ы,  і  әріптері таңбалансын,  қарз-қарызы,  мұрн-
мұрыны  деп   жазу   сөз   жүйесінше   де,  дыбыс   жүйесінше   де
дұрыс емес;
-  у,  и  –   дыбыстары   үлкен   пікір-таластан,   жеке   комиссия
мүшелерінің  қарауынан   кейін  дауыссыз   дыбыс  деп табыл-ды
(Ә.Бөкейхан,   Е.Омаров,   Қ.Досмұхамедұлы,   Н.Шағиұлы,
А.Байтұрсынүлы, М.Жолдыбайұлы), Т.Шонанұлы, Р.Сүгірұлы,
Н.Зәлиұлы  и,  у  дыбыстарын   дауысты   қатарына   жатқызды;
Т.Шонанұлы,   М.Дулатұлы   аталған   дыбыстар   дауыссыз
болғанмен,   бір   таңбамен   беру   қолайлы   деді,  бірақ   съезд
қаулысында қосар әріппен таңбалау қабылданды.
Сөйтіп, араб графикасына негізделген қазақ жазуының емле
ережелері 1924ж. Орынбор съезінде қабылданды.
Оқуға арналған материал
А. Байтұрсынұлы және қазақ жазуының онтогенездік дамуы
А. Байтұрсыновтың  «бес  дауысты» жүйесін,  біздіңше,  былай
түсінуге   болады.   «Бес   дауысты»   жүйесімен   әліпби   түзе   келіп,
Байтұрсынұлы   бес   инвариант-фонеманың   әрқайсысын   бір-бір
әріппен белгілейді. Сөйте отырып, әлгі әріптер арқылы жазуда әр
фонеманың   екі   түрлі   әуезін   (жуан,   жіңішке)   сол   фонеманың
таңбасына   сыйғызып   береді.   Сөйтіп,   инварианттардың   вариант-
тары үшін бас-басынан әріп алмай-ақ, дәйекші арқылы жуан не-
206
207

месе жіңішке (дәйекші болмауы – жуан оқуды, дәйекші болуы
– жіңішке оқуды) әуезде оқылатындай жазу жүйесін жасайды.
Сонымен, А. Байтұрсынұлы әліпби жүйесін, түптеп келгенде,
қазіргіден   өзгешелігі   әріптердің   фонемалық   мәнді   бере   оты-
рып, дыбыстық мәнді де (жуан-жіңішке әуезін)  білдіріп, біте
қайнасып тұрған ішкі құрылымдық ерекшелігінде.
А.   Байтұрсынұлы   түзген   әліпбидегі   жүйені   қатаң   ұстана
оты-рып, тек бірер дауыссызды ықшамдап алатын болсақ (қ, к,
ғ, г-лердің орнына к, г-ні ғана алып), бұл әліпбидегі фонемалар
мен әріптерді сандық қатынасы 26 (фонема): 22 (әріп) болып
шығады. Мұндай қатынас, «әліпбидегі әріптің саны фонеманың
санынан аз-кем төмен болуға тиіс» деген жазудың жалпы шар-
тымен үйлесіп жатады.
Байтұрсынұлы   тек   әліпби   түзіп   қойған   жоқ,   фонология   тео-
риясындағы айырым белгі әдісін қолдану арқылы қазақ тілінің ды-
быс жүйесінің түзілімін 9 дауысты, 19 дауыссыз деп тұңғыш рет
дәл   анықтады.   Дауыстылар   мен   дауыссыздарға   берген   сипатта-
масына қарағанда А. Байтұрсынұлы дауыстыларды функциянал-
дық   басыңқы   жүйе,   ал   дауыссыздарды   функцияналдық   бағы-
ныңқы   жүйе   деп   таниды.   Байтұрсын   әліпбидегі   дәйекші   супер-
сегменттік бірлікті көрсетсе, жеке әріптер сегменттік бірліктер-ді
көрсетеді.   Байтұрсын   жазуының   графемалық   жүйесі   тұрпат
межесі   тұрғысынан   сегменттік   әрі   суперсегменттік   бірліктерді
(жуан,   жіңішкелікті)   белгіледі.   Сондықтан   да   бұл   жазу   жүйесі
қазақ   тіліндегі   сингармонизм   табиғатымен   барынша   үйлесімді
болады.   Байтұрсын   жазу   жүйесінің   бұрынғы   араб   әліпбиі   не-
гізінде ескі қазақ жазу жүйесіне, орыс әліпбиіне негізделген жазу
жүйесінен   принципті   айырмасы   осында   еді.   Байтұрсынұлына
дейін араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуының тұрпат ме-жесі
жуан   немесе   жіңіщкелік   белгілерді   сегменттік   бірлік   түрінде,
дауыссыздардың   ырқына   бағындырып   бейнелейді,   яғни
дауыстылардың жуан,  жіңішкелігі  дауыссыздардың  жуан  немесе
жіңішкелік таңбасына қарай оқылады. Ал бұл аталмыш жазудың
мазмұн   межесі   ортағасырлық   жазба   тілге   тән   архаикалық   бел-
гілерді,   оғыз   қыпшақтық,   қазақтық   элементтерді   таңбалады.   Ал
орыс әліпбиіне негізделген жазу, біріншіден, сөздің жуан немесе
жіңішкелігіне   тән   суперсегменттік   белгілерді   сегменттік   бірлік
түрінде   «бөлшектеп»   берді,   екіншіден,   дауыссыздар   жүйесінің
дауыстылар жүйесіне бағыныңқылық қатынасы ескерілмеді. Орыс
әліпбиіне негізделген жазудың мазмұн межесі халық
тілінің мағыналық бірліктерін, тұрпат межесі халықтық тілдің
дыбыстық жүйесін белгілеуге бағытталды.
А.   Байтұрсынұлы   түзген   әліпбиді   сол   кезеңдегі
фонологиялық   мектептің   аға   буын   өкілдері,   әлемдік
лингвистиканың көшбас-шылары болған Е. Д. Поливанов, Н.
Ф. Яковлев тәрізді көрнекті фонологтар аса жоғары бағалады.
Түркітанушы К. К. Юдахин мен А. М. Сухотин латын жазуына
көшкенше   қырғыз   халқының   А.   Байтұрсын   әліпбиін   сол
күйінде қолданғанын атап айта-ды. Мұның өзі А. Байтұрсын
әліпбиінің ұлтаралық мәртебесін көрсетеді.
Сондай-ақ,   А.   Байтұрсынұлы   түзген   әліпби   жазу   тәжірибе-
сінде жұртшылықты  сауаттандыру ісінде өте  оңтайлы  болғанын
М.   Дулатовтың   мына   пікірінен   айқын   аңғаруға   болады:   «Қазақ
тілін қолдана қалам ұстағаннан бері шылғи қазақша жаза бастаған
Байтұрсынов қазақ емлесі[н] шығарды, оқу құралдары[н] жазды.
Осы   екі   жылдың   ішінде   «Қазақ»   газетасының   тіл,   емле   туралы
қылған қызметі көзге көрінерлік болды. Екі жылдың ішінде орта
есеппен 250 мың дана «Қазақ» нөмірі тарады, жаңа сөйлеммен 15-
тей кітап шықты, бұлар 45 мың данадай бар. Осының бәрі қазақ
арасынан   тарап   жатыр.   Бұл   емлені   тосырқап   түсінбейміз,   оқи
алмадық   деген   ешкімді   естігеніміз   жоқ.   «Қазақ»   емлесін
мұсылман   медреселерінде,   орыс   школдарындағы   шәкірттер,
учительдер,   мұғалімдер   жабыла   қабыл   еткендігі   былтырғы
«Қазақ»   нөмірлерінің   көбінен   көрінеді.   Бұл   екі   жылдық   қана
қызмет, иншала, мұнан кейін артпаса, кемімес үміт зор».
А. Байтұрсынұлы бұрын тек бір ғана формада, яғни ауыз-ша
түрде   қызмет   етіп   келе   жатқан   әдеби   тілдің   графикалық,
орфографиялық   жүйесін   жасап,   оның   жазбаша   түрде   қызмет
етуінің негізін қалады. Таңба теориясы тұрғысынан алғанда А.
Байтұрсынұлының   жасаған   араб   әліпбиі   негізіндегі   жазу
жүйесі тұрпат межесі тұрғысынан ( в плане выражения) жалпы
халықтық тілдің бір формасы болып табылатын ауызша әдеби
тілдің дыбыс бірліктерін, ал мазмұн межесі тұрғысынан (в пла-
не   содержания)   аталмыш   тілдің   мағыналық   бірліктерін   бел-
гіледі.   Қазақ   тіл   білімі   тарихында   А.   Байтұрсынұлы   қазақ
тілінің   дыбыстық   сегменттік   бірліктері   түзілімін   дәлме-дәл
анықтауы   арқылы   ұлттық   жазудың   тұңғыш   рет
фонемографиялық жүйесін жасады.
ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басында қазақ жазу-сы-
зуы демократиялық бағытқа бет түзеді; фонетикалық жазудан
208
209

фонемографиялық жазуға қадам басты; ұлттық жазудың негізі
қаланды. Қазақ жазуының онтогенездік дамуындағы бұл ерек-
ше кезеңде А. Байтұрсынұлы ақыл-парасаты, қажыр-қайраты,
лингвистикалық ой тереңдігі жағынан дара тұрған дәуірдің бір-
туар тұлғасы болды.
Нұргелді Уәлидің «Ұлттық рухтың ұлы тіні» 
кітабына жарияланған мақаласынан алынған үзінді.
11-дәріс. Қазақ жазуындағы емле ұстанымын 
таңдау қағидаты (Байтұрсын принципі)
А.Байтұрсынұлының   тіл   біліміндегі   алатын   орнын   белгілі
ғалым   Н.Уәли  бір  сөзбен   былай  деп  түйген  еді:   “Жалпы   тіл
білімінде тұңғыш фонолог деп әдетте әліпби түзушілерді атай-
ды  (олардың фонологиялық  зерттеу  жазуы  шарт  емес).  Олай
болса қазақ тіл біліміндегі алғаш фонолог – А.Байтұрсынұлы”.
А.Байтұрсынұлының   қазақ   тіл   білімінің   өзге   салаларындағы
еңбегі бір төбе болса, әліпби, жазу теориясы, емле жайындағы
еңбегі бір төбе. Оның ішінде қазақ жазуының емле ұстанымын
айқындаған алғашқы ғалым.
Емле принципі.  Ең бірінші,  А.Байтұрсынұлы жазудың негізі
екеу (таңба негізді және әріп негізді), ал жүйесі төртеу (таңбаша,
дағдыша,   туысша,   дыбысша)   деп   көрсеткен.   Бұл   жалпы   жазу
теориясындағы   жазу   типі   мен   жазу   түрлеріне   сәйкес   келеді.
Мысалы,   Л.В.Зиндер   жазудың   тегі   семасиографиялық   немесе
идеографиялық және фонографиялық болып бөлінеді дейді.
Ал таңба жүйелі емле, 
тарих жүйелі емле, 
туыс жүйелі емле,
дыбыс жүйелі емле  деп орфографиядағы тарихи принцип,
этимологиялық   принцип,   морфологиялық,   фонетикалық   при-
нциптерді атағаны.
Бүгінгі ағылшын жазуын дәстүрлі немесе тарихи принцип-
пен жазылады дегеннен гөрі, әр сөздің жазылуын жаттауға тура
келетін идеографиялық принципке жақындайды деген пікірлер
де ғалымның осы көзқарасын растайды.
Л.В.Щерба этимологиялық принцип деген морфеманы сақтап
жазу, яғни морфологиялық принцип, бұл бір жағынан тарихи
принципке жақын деген. Сонда таңба жүйелі емле (А.Б.) – тари-
хи принцип (Л.В.Зиндер), тарих жүйелі (А.Б.) – этимологиялық
принцип   (Л.В.Зиндер),   туыс   жүйелі   (А.Б.)   –   морфологиялық
(Л.В.Зиндер) принцип болып сәйкеседі.
Қазақ жазуының алғашқы кезеңі емле принципін айқындап
алу   қиындылығымен   өлшенді   десек,   бұл   шешуші   міндет-ті
ғалым   “туыс   жүйелі   емленің   де,   дыбыс   жүйелі   емленің   де
түкпіріне қиналмай өтетін, екеуінің арасынан жол тауып бере-
тін” төмендегі ұсыныстар арқылы шешкен:
“1.   Әрбір   өз   алдына   түбірі   бар   сөз   оңаша   айтылғандағы
естілуінше жазылу.
2. Азған сөз азған күйіндегі естілуінше жазылу.
3. Үйлестікпен  дүдәмәл  естілетін  болған  дыбыстар   айқын
орындардағы естілуінше жазылу.
4. Қосымшалар қосылатын сөздермен бірге жазылу.
5. Қосалқы сөз, қос сөз, қосар сөз, қосынды сөз – бәрі де
қосарлық белгімен жазылу.
6. Жалғаулықтар   бөлек   жазылу   орындарынан   басқа   жағы
жалғау ережесінше болады.
7. Үйір айтылатын сын есім мен зат есім бөлек жазылу.
8. Көсемше, көмекші етістіктер бөлек жазылу”.
Бұл пікірді “полагаю, что практически для тюркских наро-
дов самое правильное было бы – комбинация фонетического и
этимологического принципов, комбинация в каждом отдельном
случае своеобразная и разная, ибо правил общих тут никак не-
льзя дать” деп Л.В.Щерба да қайталады.
Және   бүгінгі   емлемізді   айқындаған   фонематикалық   при-
нциппен сай келеді. Жалпы, бәрімізге белгілі 70-80жж. фоне-тика,
орфографияға   қатысты   оқулық,   емле   сөздіктерінде   қазақ
орфографиясының   негізгі   ұстанымы   морфологиялық,   өйткені
сөзді   естілуінше   емес,   түбір   тұлғасын   сақтап   жазамыз   деген
көзқарас орныққан болатын.  Бұл Бодуэн  де Куртенэнің  фоне-ма
туралы   ұғымын   басқа   бағытта   қарастырып   кеткен   беделді
ғалымдардың   (Л.Л.Щерба,  Л.В.Зиндер)  еңбегіне  де  байланысты.
Алайда бұл жайында кейінгі зерттеулер мен пайымдаулар арасын-
да қайшылық көріне бастайды. Соңғы уақытта “Фонематический
принцип   предполагает   мотивированность   написания   звуковым
обликом обозначаемого слова или морфемы без учета их слово-
образовательных   связей.   Действие   фонематического   принципа
проявляется там, где в разных словоформах одна и та же морфе-ма
пишется по разному, если в ней происходит живое позицион-
210
211

ное чередование: игра  розыгрыш, безделье  беспокойствие”
деген және “Фонематический принцип имеет большую объясни-
тельную   силу,   чем   морфологический:   понятие   фонематический
принцип   полностью   покрывает   понятие   морфологический   при-
нцип и, сверх того, объясняет те факты, которые не могла быть
объяснены   в   терминах   морфологического   принципа,   а   именно,
неизбежные   отступления   от   единообразной   передачи   морфем   в
случае   морфологических   чередований”   деген   тұжырымдарын
басшылыққа   ала   отырып,   қазақ   орфографиясының   негізгі   при-
нципі   фонематикалық   екенін   алғаш   дәйектеген   Н.Уәли   қазақ
емлесінің   негізгі   ұстанымын   белгілі   бір   фонеманың   дыбыс
түрленімдері ішінен фонетикалық ортаға неғұрлым тәуелсіз түрін
жазу болып табылады деп анықтады.
Әлді   позициядағы   дыбыс   тіркесімдері   жазуға   біршама
сәйкес   екендігі,   әлсіз   позиция   әлді   позициядағы   тұрпатымен
тексеріліп, негізгі реңкі айқындалатыны қазіргі емленің басты
әдіс-тәсілдеріне   жатады.   Бұл   әдісті   кезінде   А.Байтұрсынұлы:
“Сөздің ауыздан шығуының өзі екі түрлі болады. Сөйлегенде
сөздер бір-біріне жалғаса айтылғанда бір түрлі, әр сөзді оңаша
жеке алып айтқанда ауыздан екінші түрлі болып шығады.
...Жеке айтқандағы ауыздан шығуынша жазу түрін біздің қазақ
қолданып   келеді”,   –   деген   екен:   “Сондықтан   емлемізді   туыс
жүйесіне   қатысқан   жүйелеріне   қарамай,   көпшілігіне   қарап,
дыбыс жүйелі деп атап келдік. Дыбыстар үйлес болғандықтан,
бірінің орнына бірі алмасып айтылатын дыбыстардың тегі тек-
серілмей, ауыздан шығуынша жазылсын ” деген ұсыныстар ба-
рын айтады ғалым.
“Туыс   жүйені   де,   дыбыс   жүйені   де   “аралас   тұтыну  керек
деу-шілер:   керегіне   қарап,   екеуін   де   тұтыну   керек   дейді   ...
сөйтіп сөз басына ереже жасайды ... ондай емле оңай болып
табылар ма” дейді А.Байтұрсынұлы.
А.Байтұрсынұлының орфограммасын шешіп алуды алдына
мақсат еткен әріп қатары “үйлестікпен дүдәмал естілетін” б-п,
т-д, ж-ш, з-с, ш-з фонемалары болды.
Бүгінгі   емлемізде   қосымшалардың   түбірдің   соңғы   дыбы-
сына  немесе  түбірдегі  дауыстыға  үйлесіп  жазылуы   проблема
тудырмайды.   Аффикстік   морфемалар   болсын,   сөз   тудырушы,
түрлендіруші   жұрнақтар   болсын   бірнеше   (әдетте   жазуда
алтауға дейін, ауызша тілде 9-ға дейін) нұсқада жүреді.
Ал А.Байтұрсынұлы, мысалы, жедел өткен шақ жалғауын ұяң
вариантымен   ғана   жазуды   дұрыс   көрген.   “Сондай   орындарда
күңгейленбейтін айқын жерге келтіріп айтып, сондағы естілуін-
ше жазу. Мәселен: “Қасекең сау күндегі әнге басты” дегенде
“басты” деген жіктік жалғауында “т” естіле ме, “д” естіле ме”
– Дүдәмал, ашық емес. Қасындағы “с”  дыбысының әсерімен
күңгейленіп, анық естілмей тұр. Күңгейленіп тұрған дыбыстан
аулақ,   басқа   жерге   қойып   айтып   көру  керек.   Мәселен,  “Қас
екең  сау   күндегі   әнге   салды”  десек,  қай   дыбыс   екені   анық
естіледі.  Сол   сияқты   септік   жалғаулары   да   көмескі   естіліп,
дүдәмалдік танытатын жерлерде, аяғында әсер етпейтін дыбыс
бар сөздерге жалғап қарау керек дейді.
Позициялық әсері болмайтын дыбыстарға л, р, з фоне-маларын
жатқызады.   Мысалы:  балдың,  қардың,  қозда.  Бұл   дыбыстардың
неге   позициялық   әсері   болмайтынынан   бұрын,   ал-дымен
ғалымның осы жазу арқылы қазақ тілінің типологиялық сипатын
айқындап   алғысы   келгенін   байқайтын   сияқтымыз.   Яғни   тілдің
қатаң дыбысталуынан гөрі жұмсақ, үнді болып естілуін қалаған
сыңайлы.   Осы   дәйексөз   алған   мақаланы   жазған   жылы
А.Байтұрсынұлы  Алма-Ата  қаласының   атын  Алматы  етіп
жөндеуді   ұсынған   Т.Шонанов   екеуінің   хатында   “-ты  вмес-то
современной -лы, -ды свойственно тюркским языкам в час-тности
казахскому … -ты, в казахском языке является более древним чем
другие формы этого рода” деп, қазақ даласында
Шідерті, Қалдығайты, Бұлдырты, Мойынты деген жер атаула-
ры ұяңдамай сақталып отырғанын айтады.
Бұл арада мәселе ғалымның бір мәселеге екі түрлі көзқарасы
болғанын   көрсету   үшін   емес,   болмаса   жазу   нормасын   не-
гіздеуде “дүдәмал” жерге иек артқанын қателікке шығару үшін
емес,   жалпы   қазақ   жазуында   қосымшалардың   немесе
шылаулардың   позицияға   тәуелді   реңктері   таңбаланғандарын,
морфонологиялық   құбылыстар   ғана   емес,   фонетикалық
құбылыстар да таңбалағанын айтқымыз келді.
Ғалымның шартты рай жұрнағы -са, -се ме, әлде -ша, -ше ме
дегенді анықтау үшін неғұрлым тәуелсіз позиция ретінде
қонса, сепсе, келсе, қуса, қанса тұлғаларын таңдап алуы  кеш-
ше  (кешсе),  пішше  (пішсе)  сөздерінде   бұлар  әлсіз  позицияда
алдыңғысында әлді позицияда тұрғанын анықтағаны.
Сондай-ақ   ғалым  Қорғамбай    Қорғанбай,  Арғымбай  
Арғынбай,   Тасқымбай  –  Тасқынбай,   қоңған  –  қонған,   жоңған   –
жонған, жаңған – жанған, көңген – көнген, өңген – өнген, сеңген
212
213

– сенген, күңге – күнге  тұлғаларының соңғылары дұрыс,  өйткені
сөздің түбірі “қорғам”, “арғым” “тасқым” емес қорған, арғын,
тасқын болады деп анықтайды.
Сондай-ақ   [н]   дыбысын  қ,  ғ,  г  дыбыстарының   әсерінен
айырсақ, дүдәмалдық жоғалады,  “қоныс”, “қондық”, “жону”,
“жондым”,   “жанып”,   “жанды”,   “көніп”,   “көнді”,   “өніс”,
“өнім”, “мініп”, “мініс”, “сеніп”, “сенім”, “күнде”, “күндік”
дегенде,   “ң”   емес,   “н”   екені   айқындалады   дейді   ғалым.
А.Байтұрсынұлының бұл ойлары емлені әлді позицияға
қойып   тексеру   әдістері   арқылы   негіздейтін   бүгінгі   орыс   жазу
нормасында   енді   айтылып   жүр.   Ғалымның   келесі   негіздеген
мәселесі – жалғаулықтардың сөздің аяққы дыбысына қарап ай-нып
келуі  жайында. Автор мұнда  мен,  менен,  бен,  бенен,  пен,  пенен
шылауларының ұяң, үнді варианттарына артықшылық беріп, қатаң
вариант   позициялық   өзгерістің   әсері   дегенді   айтқан.   Қайталап
айтсақ,   ғалымның   қазақ   сөздерін   жұмсартып   айту  жағын   қатты
назарға алғанын байқаймыз. Оған дәлел: “Аспан ба?”, “асбан ба?”
 дүдәмал екен, жоғарыдағы айтылған жол-мен айқынға шығарып
алу болмайды екен. Сол сияқты сөздер өте көп болмағанмен, қазақ
тілінде ұшырайды: дұспан  дұсбан,
оқпан   –   оқбан,   кетпен   –   кетбен,   шекпен   –   шекбен  тағысын
тағылар. Бұлардың “п” мен “б” дүдәмал болған орындағы ашы-
луы ылғи “б” жағына болғандықтан, “б”-мен жазу. Түбін қарап
тексергенде   де,   солардың   көбі   “б”-мен   жазылуға   тиіс   болып
шығады. Мәселен: “асбан”, “дұсбан”, “данышбан”, “кетбен”
деген сөздер “асман”, “дұшман”, “данышман”, “кетмен” де-
ген сөздерден шыққан: “м” дыбысы “б” дыбысымен алмасып
отырады.  “Қақбан”,   “қақба”,   “қақбақ”,   “өкбе”,   “оқыбан”
секілді   сөздерде  “қақбан”,   “қақба”,   “қақбақ”,   “екбе”,
“оқбан”
дегеннен   дыбыстары   алмасу   мен  “б”  дыбысты   сөз   екені
көрініп тұр” деген жолдар.
Мұнда  жазу тарихы,  жазудың  өзіндік  ерекшелігі тұрғысынан
келсек,   А.Байтұрсынұлының   араб   жазу   дәстүрін   үзбеу,   жазу
дәстүрін сақтау жағына көбірек көңіл бөлгенін байқаймыз.
Қазіргі қазақ жазуының бір проблемасы ы, і әріптерінің ем-лесі
болса,   бұл   жайында   А.Байтұрсынұлының   мына   көзқарасы   жазу
тарихы   үшін   маңызды:   “Оны   қалдырмастан   жазамыз   сөздің
аяғында.   Ортасында   я   басында   ашық   естілетін   орында   ћәм
жазбасақ   кемшілік   болып   жоқтығы   еленетін   орында.   Мысалы:
жаны – жанына дейді ғалым. Ал түбір ішінде, сөз басында ы-
ны жазса да, жазбаса да солай оқитын орындарда, жазбағанда
оқуымызға  кемшілігі болмаса, оны жазуға  да қажеті жоқ деп
та-бады.   Мысалы:  қн  (қын),  қр  (қыр),  жлм  (жылым),  жлтр
(жыл-тыр),  мсқ  (мысық), бірақ  мсығы,  қры,  жлымы,  жлтры.
Бұл   қазақ   әліпбиіндегі   әріптердің   атауы   туралы   айтқан
Н.Уәлиұлының   мына   пікірлерінде   жалғасын   тауып   жатады:
“Қазақ   дауыссызда-ры   әдетте   жалаң   түрде   дыбысталмайды..,
біздің   аңғаруымызша,   сол   тоғыз   түрленудің   ішінен
фонетикалық жағдайға неғұрлым тәуелсізі -бы».
Қазақ тіліндегі әрбір дауыссыз дыбысты жеке дыбыстағанда
қасына  ы,  і  (к,  г  – әріптерін атағанда) қосып айтамыз. Олай
бол-са, Қ.Жұбанов айтқандай, бұл дауысты дыбыстарды буын,
не та-сымал үшін жазамыз деген дұрыс емес, “әр ережеге өзінің
әдісін шығарып алуға болады”.
Бірақ ғалым ы әрпінің бітеу буындардан қалмай жазылаты-
нын ескертеді: қарт – қарыт, арт  арыт, жұрт  жұрыт.
“Бітеу буынға ы жазсақ, бірдей естіледі деген болып шығады”.
Тегінде А.Байтұрсынұлы жазу нормаларын тиянақтағанда
халықтық тілге табан тіреп отырған: «Емле – жазу үшін шығарған
нәрсе, жазу – тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса тілді бұзып
емлеге   ыңғайлау   емес,   емлені   тілге   ыңғайлау   керек»   деген.
Негізгі жол: айтылуы басқа сөздерді (мағынасы басқа бол-
сын, бір болсын) басқа жазу, айтылуы бірдей сөздерді (мағнасы
басқа болсын, бір болсын) бірдей жазу деп, ауызша тілмен жа-
зуды   мейлінше   жақындатуға   тырысқан.   Ендеше   жоғарыдағы
сөздердің   қазақ   тілінің   бұрынғы   сөз   сазында   солай   айтылуы
ғажап емес.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет