(Павлодар), шы ғысында (Семей) және оңт-нде ( Қызылорда) байқалады. Тек Қазақстанның о ңт.-батысында (Ақтау) температураның 50 жылда ғы өсімі 0,7°С-ты құрады. повлодар
Жауын-шашынның жылдық жүргісінде республика аумағының геогр. орнына байланысты елеулі айырмашылықтар байқалады. Солт. Қазақстанда ең мол атмосф. жауын-шашын жазда байқалса, ал оңт. пен оңт.-шығыста – көктемде Қазақстанның солт. жартысында жауын-шашынның жылдық жиынтығының шамамен 70 – 80%-ы жылдың жылы кезеңінде жауады да, оңт-ке қарай жылжыған сайын суық кезеңдегі жауын-шашын мөлшері өсе түседі. Жазда кейбір жылдары оңт-те жауын-шашын 2 – 3 ай бойы жаумайды. Мұндай кезеңдерде жаңбыр тамшылары жер бетіне жетпей буланып кететін «құрғақ» жаңбыр жауады. Жазғы жауын-шашын кезінде күннің күркіреуі жиі байқалады. Тянь-Шаньның таулы аудандарында жылдық жауын-шашын жиынтықтары, теңіз деңгейінен биіктікке және беткейлердің экспозициясына байланысты кең ауқымда өзгереді (400-ден 900 мм-ге дейін). Алтайдың батыс беткейлерінде жылына 1000 мм-ге дейін жауын-шашын жауса, ал оның шығыс беткейлері құрғақ күйде қалады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері теңіз деңгейінен 1800 – 2000 м биіктіктерге дейін өседі де, бұл деңгейден биікте, шамалы азаюы байқалады. Қыста, бұлттылықтың биіктігінің төмендеуіне байланысты жауын- шашынның ең көп жауатын белдемі теңіз деңгейінен 1000 – 1500 м биіктікте орналасады, ал жазда теңіз деңгейінен 300 м биіктікке дейін жауын-шашын мөлшерінің жер биіктігіне тікелей тәуелділігі байқалады.
Жазда Қазақстандағы жел жүргісі, Еуразияның үлкен бөлігіндегідей күрт өзгереді.