«М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ» КЕ АҚ
«Ұстаз» институты
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының
3- курс студенті Тлеген Ақботаның
РЕФЛЕКСИВТІ ЕСЕБІ
Мен, Тлеген Ақбота Құдайбергенқызы 16.01 - 18.02.2023 ж. аралығында Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейінде өндірістік педагогикалық практикадан өттім. Педагогикалық практикадан өтуде алдыға қойған мақсатым кәсіптік даярлығымды арттыру, болашақта жақсы мұғалім болу.
Практиканың алғашқы күні университет тарапынан болған конференцияға қатысып, практиканың міндеттері, мерзімі жайлы ақпараттармен таныстым, бізге бекітілген әдіскерімізбен бірге өзімізге бекітілген мектепке бардық. Мектептің - ғылыми- әдістемелік жөніндегі орынбасарларымен кездесіп, мектептің ішкі ережесімен, мұғалімдердің қызметтік міндеттері мен құқықтарымен таныстым.
Іс - тәжірбие кезінде мен 6 "Ә" сыныбына жетекші болдым. Сынып жетекшісі Тулегенова Г. Т. мені сыныптың оқушыларымен таныстырды. Практиканың алғашқы аптасында сыныппен, сынып құжаттарымен таныстым. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулегенова Г. Т.- ның 6"Ә" сынып оқушыларымен өткен сабақтарына қатысып, сабақ өтілу процесінде, оқушыларымен қарым қатынас жасауын, сабақта қолданылатын әдіс тәсілдерін қолдану шеберлігін бақыладым. Пән мұғалімімен бірлесе отырып оқу жоспарының құрылымын меңгердім, оқу жоспарына сәйкес оқушыларға білім беру бағдарламасына сәйкес қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрдым, сабақ жүргізуге арналған оқу - әдістемелік материалдар дайындадым. Қазақ тілі пәні аптасына 3 рет, ал қазақ әдебиеті аптасына 2 рет өткізілді.
Практиканың екінші аптасынан бастап , 6 "Ә" сыныбына қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша сабақтар жүргіздім. Алғашқы жүргізген сабақта оқушылардын үй тапсырмасын сұрап, одан кейін жаңа сабаққа кірісіп түрлі тапсырмалар беріп оқушылармен сабақтарды жүргіздім. Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында оқушыларға "Kahoot" ойының ойнаттым. Оқушыларды топқа бөлу мақсатында "Flippity" қосымшасы арқылы оқушыларды топқа бөлдім. Сабақтарды үнемі пән мұғалімі Тулегенова Г. Т. қатысып отырды. Сабақ жүргізіу процесіме өзіндік бағасын беріп, кемшіліктерді түзетуге бағыт бағдар берді.
Практиканың үшінші аптасында сынып жетекші ретінде және пән мұғалімі оқушылармен бірге кітаханаға барып, оқушылардың кітапқа деген қызғушылықтарын оятуға тырыстым.
Практиканың төртінші аптасында бесінші күні қазақ тілі пәнінен «Тезірек, биігірек, күштірек» тақырыбында ашық сабақ өттім. Сабақ барысында түрлі көрнекіліктерді, АКТ құралдарын қолдандым.
Практика ережесіне сәйкес 10 пәндік сабақ, 2 ашық сабақ, 4 тәрбие сағаты, 1 ашық тәрбие сағатын өткіздім. Қазақ әдебиетінен «Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесінің сюжеттік желісі» деген тақырыпта ашық сабақ өткіздім. «Интернет және менің денсаулығым» деген тақырыпта ашық тәрбие сағатын өттім. Пән мұғалімі және сынып жеткеші сабақтарға қатысып өзінің оң бағасын берді және сабақтардың оқушылардың да көңілінен шыққандығында айта өтті.
Іс-тәжірибе барысында өз біліктілігімді шыңдап, сабақ жоспарларын құруды, сынып құжаттарымен жұмыс жасауды, оқушылардың білімін критериалды бағалауды меңгердім. Педагогикалық практика барысында алдыға қойған мақсаттарым орындалды сонымен қатар, менің кәсіби қалыптасуымның негізі болып, мамандығыма деген ынта-ықыласымды арттырды.
Достарыңызбен бөлісу: |