1.3. Қазақстан Республикасының кеден бақылау органдарының құқықтары мен міндеттері. Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 4-ші тарауының 23 бабында кеден органдарының құқықтары көрсетілген.
өз өкілеттігі шегінде оы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді шығаруға;
мемлекеттік органдардан және шет мемлекеттер органдарынан, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардан кеден ісі саласына қатысты қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтерді сұратуға және алуға;
осы Кодексте және Қазақстан Республикасының лицезиялау туралы заңдарында белгіленген өз құзіреті шегінде лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды қамтамассыз ету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес соттарға талап қоюға;
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес құқық бұзушылықтар жасаған немесе қылмыс жасаған деп күдік келтірілген адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасының кеден немесе құқық қорғау органдарының қызметтік үй жайларына жеткізуге;
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес фактрлер мен оқиғаларға құжаттама жүргізуге, бейне және дыбыс жазбасын жасауға, оларды киноға және фотосуретке түсіруге;
кеден органдарының ресми өкілдерін Қазақстан республикасының тиісті халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттерге жіберуге;
ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірлеуге, жасауға және пайдалануға;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін қаруды, арнаулы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, тауар сатып алуға;
10) Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңдарына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға құқылы;