Жоспар Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының кеден органдарының құрылымы, мақсаттары, құқықтары мен міндеттері 1.1. Қазақстан Республикасының кеден органдарының
құрылымы мен жүйесі
1.2.Қазақстан Республикасының кеден органдарының
басты мақсаты
1.3, Қазақстан Республикасының кеден бақылау
органдарының құқықтары мен міндеттері
2. Қазақстан Республикасының кеден органдарының құқықтық реттеу құралы мен кеден саласын жетілдіру жолдары болашағы 2.1, Қазақстан Республкасының кеден органдарының
қызметінің құқықтық реттеу мәселелері
2.2, 2007ж – 2010ж Қазақстан Республикасының кеден
қызметінің жетілдірудің болашағы
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер
Кіріспе Дүние жүзінде қоғамдық – экономикалық процестерді жаһандану жағдайындағы кез – келген мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің проблемаларын шешу ортаға қойылады.
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдері және салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының кеден қызметінің маңызы өте зор олар;
а) кеден шекарасы арқылы өткен жеке және заңды тұлғаларының экономикалық қызығушылығын;
ә) кеден төлемдермен баждармен, салықтармен және тағы басқа төлемдермен Республикалық бюджетті максималды толтыру.
б) діндік экстремизіммен терроризіммен лицензиялық емес тауарлармен салықтармен, есірткемен, қарулармен, контрабандамен күресу;
в) кеден заңнамасындағы кеден құқық бұзушылықпен күресу;
Сонымен бірге жоғарыда атап өткен кеден қызметінің мақсаты мен міндеттері көрсетілген. Ол экономикалық қауіпсіздікті сақтап қана қоймай сонымен бірге біздің мемлекетімізді, қоғамымызды және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыздандырады.
1991ж тәуелсіздігімізді алғанан кейін жаңа басқару институттар пайда болып Қазақстан тарихында жаңа кеден қызметі қалыптасты.
Ғылыми тәжірибиелік зерттеудің анализі жеке мемлекетте кеден қызметінің проблемаларына қатысты келесі түсініктер «кеден саясаты», «кеден ісі», «кеден әкімшілігі», мемлекеттік реттеудегі негізгі институттар сауда-экономикалық қатынастарды мемлекет ішінде ғана емес сонымен бірге кез-келген мемлекеттің сыртқы экономикалық реттеуде маңызды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының кеден органдарының мақсаты мен міндетін, экономикалык қауіпсіздікті қамтамассыз етуде, сонымен бірге осы органдардың жүйесін, құрамын, кеден саясатын мазмұнының кеден қатынастардың құқықтық реттеуін анықталды.
Менің курстық жүмысымда арналған сұрақтар тізімі келесідей:
1. Қазақстан Республикасының кеден органдарының құрылымы мен жүйесі.
2. Қазақстан Республикасының кеден органдарының басты мақсаты.
3. Қазақстан Республикасының кеден бақылау органдарының құқықтары мен міндеттері.
4. Қазақстан Республкасының кеден органдарының қызметінің құқықтық реттеу негізі.
5. 2007ж – 2010ж Қазақстан Республикасының кеден қызметінің жетілдірудің болашағы.