“КЕҢістік” концепті немесе



бет2/5
Дата29.12.2023
өлшемі77,5 Kb.
#144640
1   2   3   4   5
Байланысты:
Кеңістік-ст. Салкынбай

Сыртын біліп, сырынан хабарсыз боп,
Надандықпен сезбедік осыны біз.
Осылайша, авторлық Мен мен оқушы, тыңдаушы кейіпкер арасындағы аралық азая береді. Кейіпкердің ішкі әлемі, ішкі кеңістігі сыртқы табиғи ортаны қабылдау арқылы байып, кеңейе түседі.
Шаһкәрімнің идиостилінде әралуан хронотоптық тұтастықтарды тілдік таңбалармен бейнелеуде өзіндік ерекшеліктерді анықтаудың маңызы зор. Хроното́п (көне гректің χρόνος, «уақыт» және τόπος, «орын» деген сөздерінен алынған) – М. М. Бахтин “Формы времени и хронотопа в романе” деп аталатын зерттеуінде енгізген әдеби термин. Хронотопты Бахтин “существенную взаимосвязь временных и пространственных отношений” деп түсіндіреді.
Кеңістік – шындық болмыстың нақты көрінер тұсы, мұнда адам өзін­өзі және айналадағы қоршаған ортаны тани бастайды. Кеңістікте берілетін тәжірибе барлық феноменологиялық білімнің негізін қалайды. Ю.М. Лотман бұл жөнінде: «Семиотика пространства имеет исключительно важное, если не доминирующее, значение в создании картины мира той или иной культуры. Природа этого явления связана с самой спецификой пространства. Неизбежным фундаментом освоения жизни культурой является создание образа мира, пространственной модели универсума»1 – деп жазады.
Шаһкәрім шығармаларында әлем бейнесінің көп қырлылығы кеңістіктік бейне арқылы жақсы танытылған.
Барша ғалам тапжылмай тұрып қалса,
Бола ма уақыт деген өлшеу салып?
Аталған өлең жолдарындағы ой мазмұнын уақыт пен кеңістіктің (әлемнің) арасындағы байланыстың керемет көркем көрінісі дер едік. Мәтінде ғаламның тапжылмай тұрып қалуы мен уақыттың өлшемдік қасиеті автордың қиял әлемінің теңдессіз шарықтауымен екшеліп, өзіндік шығармашылық ойлауды, автор ойының ұшқырлығы негізінде жасалған жаңаша ойлау еркіндігін туғызады. Ойлау еркіндігі қазіргі ғылым ұсынып жүрген білікпен, біліммен шектеліп қалмай,одан әрі самғауды қиялдайды:
Күннен неге түсіп тұр сонша жарық,
Сегіз минут шерікте жерге барып?
Әншейін құр жарқырап тұрып алмай,
Жылылық нұрмен бірге жүр қозғалып.
Бұ дүние жылуы жоқ нұрсыз болса,
Әлемнен кім жүре алар пайдаланып?
Авторлық МЕН қойып отырған “НЕГЕ” сұрағына оның қайтарар өз жауабы бар. Ол жауапқа иланатындар да, иланғысы келмейтіндер де табылады. Өйткені “жаралыс жұмбағының ісі өлшеусіз. Білдім деген – білмедім дегенге есеп”. С.М. Ыбырай “Шәкәрім дүниетанымы және қазіргі жаратылыстану концепциялары”2 атты мақаласында былай деген екен: “ХХ ғасырдың жаратылыстану ғылымдары табиғаттың бірқатар жаңа қырларының бетін ашып, әзірге бұлдыр болжам күйінде қалған жұмбақтар қалдырып кетті. Адамзаттың ақыл қуаты әлі жете алмаған, болашақ ойға азық болар бұл жұмбақтардың бәрі де әлемнің түбегейлі бірлігін меңзейді. Осылайша жаратылыстың түбегейлі негізінде жатқан универсал байланыстар Жаратушы құдірет барлығын, сол жалғыз ғана шын барлықтың Бірлігін меңзейді”. Мұны қазіргі қазақ ғылымында айтылған терең ғылыми пікір деп қабылдап, бәлки, ғылыми жұмбақтардың болуының өзі адамзатқа ашуға болмайтын, оның таным деңгейіне сыймайтын “ләм­мим” болар деп есептелік.
Шаһкәрім “кеңістік” сөзін белсенді қолдана бермейді, көбінесе, дүние, әлем атаулары пайдаланылады. Шаһкәрім үшін “әлем” – ең алдымен, ақиқат дүние, жердегі тіршілік:
Ғылымдылар тексеріп көрді ме екен,
Әлемнің қиын сырлы осындайын.
Адамның, әлемнің бірлігі мен тұтастығын көркем сөзбен көріктеп, жалпының бірлігі мен кешендігін жеткізуде үлкен білім мен білік, толғам мен таным керектігі рас. Қазақтық дүниетанымда адамның бүгінгі көретін қызық дүниесі “дүние­жалған” ұғымы арқылы белгілі. Мұны қазақ халқының философиялық ой­толғамының жеткен ұлы биіктерінің бірі десе болады. Адам мен әлемнің байланысы концептер негізінде жүзеге асырылады. Көркем шығармалардағы кеңістік көркемдік концептер арқылы анықталып, жеке тұлғаның ассоциациялық қабылдауы арқылы оның жалпы поэтикалық, ғылыми, әлеуметтік, тарихи тәжірибесі мен таным дүниесінің көрінісі ретінде танылады. Концептер адам санасында тек сөз мағынасы арқылы ғана емес, оның өзінің және халықтық мәдени­тарихи тәжірибесі негізінде жасалатыны белгілі. Таным көкжиегі көтеріле артқан сайын, сөз арқылы берілетін ұғым да кеңейіп, мәні тереңдей түседі.
Дүние”, “жалған” сөздерінің мағыналары да осындай таным көкжиегінің кеңуінен пайда болған ұғымды таңбалау мақсатында, әуелгі семаларынан ерекше, мәні терең, мағынасы ауқымды семеманы иеленген: “Дүние” (мир, свет, вселенная) – араб сөзі; қазақ тілінде әртүрлі мағынаға жіктеле дамыған: әлем; байлық (Дүние де өзі мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз); өмір (Қапыда өткен дүние­ай, ақырында еш болды, ел үшін еткен еңбегім) т.б. Жалған – өтірік, ақиқат емес деген мағынада қолданысқа ие. Ал “Дүние­жалған” сөзі қосарлана келіп, жаңа концептік сема иеленеді. Дүние – бар; жалған – жоқ; осы екі ұғымның оппозициялық қарама­қайшылығы арқылы жаңадан пайда болған екіншілік мағына қазақ халқының өзіндік қоғамдық тәжірибесі мен танымының диалектикалық бірлігі арқылы пайда болған тағылымдық мәнінен туындайды. “Дүние­жалған” тілдік бірлігінің кумулятивтік қызметі бірнеше негізге сүйеніп қалыптасуы ықтимал. Мұнда халықтың сан ғасырлық тәжірибесі, тәжірибелік іс­әрекеттің нәтижесінде жасалған рухани мәдениеті, мәдениеттің негізгі бір элеменеті саналатын танымның нәтижесі – білім жинақталған. Осыдан келіп, бүтін атаудың эмоциялық аурасы пайда болып, қазіргі біз қабылдап, танитын жан­жақты концептік мәнді таңбалайды.
“Дүние­жалған” ұғымы кең ұғымдық өрістерді қамтитын “кеңістік” концептісіне жатады.
“Дүние” сөзіне синоним болатын, әрі кеңістік мәнінде жұмсалатын сөздер бар: әлем, ғалам, жер жүзі, дүние жүзі, жиһан, жаһан, жаһаннам, дүния, о дүние, бұл дүние, жалған т.б. Мұндағы «жаһан», «жаһаннам» дегендер «дүние» сөзінің орнына ауыстырылып жұмсалады да, діни -философиялық лексика ретінде «жаһаннам»«о дүние» деген мәнге ие болады. Абай мен Шәкәрім өлеңдерінен бұл ұғымның әр алуан тұлғалануын кездестіруге болады және астарлы түрде көрінеді.
Мысалы, Шәкәрім:
Болмасқа бұлай қара тер,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет