“КЕҢістік” концепті немесе



бет5/5
Дата29.12.2023
өлшемі77,5 Kb.
#144640
1   2   3   4   5
Байланысты:
Кеңістік-ст. Салкынбай

Биікті десе аласа,
Жалғанды шынға баласа.
Ұлыққа шағып момынын,
Тамтығын қоймай таласа, –
Баяндалатын – өмірде кездесетін жағдай. Шарт бар жерде себеп бар. Шарттылықты қою арқылы автор жаяғаяттың басты себебін көрсетеді. Шартты өзгерту арқылы кейінгі салдарды, нәтижесін өзгертуге болар еді. Себеп біреу – ақын жүрегіне орнатқан, бар еткен, мұқтаждықтың болмауы, нәпсінің болмауы, ешкімге залалын, зиянын тигізбеу концепциясының “мисыз мына көп жындыда болмауы”. Шартты рай тұлғасы арқылы таңбаланған шарттылық жағдайды өзгерту үшін, оның себебін анықтау керек болатын. Ақын оның себебін көрсетеді, енді әрекетті тоқтатып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға болар ма? Бұл – сұрақ. Шаһкәрім ақын көрсететін жол – ар ілімі оқылса! Шарттылықтан құтылса, оның артынан көрінетін себептілік адамзат еркіндігінің, елдіктің тірегі болмаққа керек.
Шынды біреу жақтаса,
Жазасызды ақтаса.
Адалдықты мақтаса,
Арсылдап оны қамаса.
Мұндағы ой кері негізді шарттылық түрінде сипатталған. Мұндағы алғашқы әрекет ақын бейнесінің жанына, рухына, жалпы оң ойлаушы адам жанына жақын бола тұра, кейінгі әрекеттің құрбанына айналады.
Шаһкәрім өлеңінде кеңістік мәнді атаулардың қолданысы алуан түрлі. Ол кейде кеңістік мәнінде емес, жаңаша өң алады. Мәселен, “Иманым” атты өлеңде:
Әлемнің сыры ашылса,
Асқақтамай мойын бұр.
Аптыққан жүрек басылса,
Араққа мас бол, жатпа құр, – делінеді.
Орыс ақыны А. Вознесенский былай деп жазған:
Какое несимметричное время!
Последние минуты – короче,
Последняя разлука – длиннее.
Мұндай мәтіндерді салыстырып оқу кісіні түсінікті болуға жетелейді. Әлемнің сырын ашсаңыз ... Иеге, жарға жақындарыңыз хақ. Мәтін шын заңдылықты суреттейді, анықтамалық сынды боямасыз ереже ұсынады, “уақытқа” сыймайтын ойды бейнелейді.



1 Лотман, Ю. М. Внутри мыслящих миров. Человек — текст — семиосфера-история / Ю. М. Лотман. — М., 1996.



2 Ыбырай С.М. Шәкәрім дүниетанымы және қазіргі жаратылыстану концепциялары. \\Ш.Құдайбердіұлының рухани мұрасы. Абайтану оқулары. Алматы, 2007. 131­бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет