Перспектива заңдылығын алғаш ашқандардың бірі – Қайта өрлеу дәуіріндегі атақты итальян сәулетшісі және суретшісі Филиппо Брунемески.
Перспектива заңдылығын алғаш ашқандардың бірі – Қайта өрлеу дәуіріндегі атақты итальян сәулетшісі және суретшісі Филиппо Брунемески.
Перспективаның екіге түрі бар: сызықтық және кеңістіктегі перспектива.
Перспективаның екіге түрі бар: сызықтық және кеңістіктегі перспектива.
Сызықтық перспектива дегеніміз-көріністердің көлемін, өлшемін ,формасын сызықтар арқылы көрсету.
Кеңістіктегі перспектива дегеніміз-физикалық белгілердің перспективалық өзгерістеріне рең мен түс арқылы берілетін жарық фактуралары жатады
Сызыктық перспективаның заңдылықтары
Сызыктық перспективаның заңдылықтары
Белгілі бір бұрышпен көкжиек сызығына карай бағытталған параллель сызықтар бір нүктеге барып қосылады.
Параллель сызыктардың косу нүктесі әр уақытта көкжиек сызығында жатады. Көкжиек сызығына жуықтаған сайын параллель сызыктардын ара қашықтығы бір-біріне жақындай түседі. Көрушіден алыстаған сайын тіке сызықтардың ара қашыктык өлшемдері кішірейе түседі. Мысалы телеграф бағаналарының көкжиек сызығынан төмен орналаскан сызықтары төменнен жоғары карай бағытталса, көкжиек сызыгынан жоғары орналасқан сызықтар жоғарыдан төмен қарай бағытталады,бәрі көкжиек сызығында түйіседі.
Сызықтық перспективасына мысалдар.
Сызықтық перспективасына мысалдар.
Картина жазықтығы дегеніміз - бейнелейтін заттар мен суретшінің көзі арасындагы ойша алынган тіке (вертикаль) бағыттағы жазықтық.
Көкжиек сызығы – суретшінің көз деңгейін білдіретін өлшем. Көру нүктесі – сурет салушының затты бақылайтын орны немесе нүктесі. Шығу нүктесі – өзара параллель түзулердің алыстаған сайын бір – біріне жақындап, көкжиек сызығында барып қосылатын нүктесі. Көру деңгейі – суретшінің көз деңгейін білдіретін ойша алынған жазықтық.
Кеңістіктегі перспектива
Кеңістіктегі перспектива
Егер ашық теңізге шығып, көкжиекке көз салсаңдар , заттар бізден алыстаған сайын жарығырақ, бозғылтырақ бола түскенін байқайсыңдар.
Көз ұшындағы орман да алыс тау шоқыларындай көгілдір тартады. Өйткені, біздің жанарымыз бен алыстағы нысананың арасында тығыз ауа қабаты жатыр. Әлгі заттардың өңін жұмсартып, түсін өзгертіп тұрған да сол. Оны бірінші боп байқап, өз шығармасында бейнелеген – итальян суретшісі
Затты кеңістікте бейнелеу үшін жақындағы заттар анық, ал алыстағы заттар солғын бейнелеуі қажет. Алыстағы тұрған жарық түсті заттар өз түсінен қараңғылау, ал қараңғылау заттар сәл жарық болып бейнелеуі тиіс. Жақындағы заттар көлемді болып бейнеленсе, алыстағы заттар жазықтау болып бейнеленеді .