Кейбір мәселелері



Pdf көрінісі
бет191/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   208
жалғаулық,  бірде  үстеу  қатарына  қосылып  жүрген  бірқатар  сөздер  жаңадан 
жалғауыш,  үстеуіш  атанған.  Бұлайша  «өзгерту»  неге  керек  болды?  Мұның 
бұрынғыдан нендей артықшылығы бар?  Осыған келелік. 
1. Үстеу. Бұрын «Тіл құралда» үстеу атанып, онан  кейінгі грамматикаларда 
бірде  ұшырап,  бірде  ұшырамайтын  сөз  таптарын  байқап  қарасақ,  бір  сөз  табына 
сыйысатын нәрселер емес екен. Мысалы, анау айқындауыш мүшелер мәселесінде 
айтылып кеткен, «жақсы», «екі» сияқты сөздерді бір жерде бір сөз табына, екінші 
жерде  екінші  сөз  табына  қосқандықтан  бұлар  бір  қатар  орында  үстеу  деп  те 
аталған.  Бұрын  «жақсы  бала»  дегендегі  «жақсыны»  сын  есім  деп,  «екі  бала» 
дегендегі  «екіні»  сан  есім  деп  тұрып,  «жақсы  келдің»,  «екі  келдің»  дегендегі 
«жақсы» мен «екіні» сын есім ия сан есім демей, үстеу деуші еді. Мұнысы, әрине, 
дұрыс емес еді. Өйткені, «жақсы» сөзі бір-ақ түрлі сөз табы бола алады да, бір өзі 
екі бірдей тапқа жата алмайды. Бір мал тек сиыр ғана, немесе тек жылқы ғана бола 
алады да, әрі сиыр, әрі жылқы бола алмайды. Сол сияқты  «жақсы» деген бір сөз 
әрі  сын есім, әрі үстеу«екі» деген бір сөз әрі  сан есім, әрі үстеу бола алмайды. 
Олай болса, «жақсы» деген не сын есім ғана, не үстеу ғана, немесе басқа бір сөз 
табы ғана бола алады. «Екі» деген де не тек сан есім, не тек үстеу; не басқа бір сөз 


табы ғана бола алмақ. Оның  қайсысы екендігі жөнінде таласып жатудың қажеті де 
жоқ қой деймін. «Жақсының» сын есім екендігі, «екінің» сан есім екендігі даусыз 
ғой  деймін.  Сондықтан,  «жақсы»  мен  «екі»  сияқты  сөздер  үстеу  категориясынан 
шығып қалады.  
Онан кейін, «ең», «нақ», «тым» дегендер сияқты сөз мүшелерін «Тіл құрал» 
үстеу табына жатқызған.  Үстеудің ішінде бұларды  нықтаулық үстеу деп атаған. 
«Тіл құралдың» үстеу табына қосқан сөздерінің барлығын алып қарағанда, мұның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет