Кейбір мәселелері


қосалқының жалғауға ұқсап, өзін ерткен сөзді басқа бір сөзбен жалғастыру үшін  жұмсалатындарын, жалғауыш



Pdf көрінісі
бет200/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   208
қосалқының жалғауға ұқсап, өзін ерткен сөзді басқа бір сөзбен жалғастыру үшін 
жұмсалатындарын, жалғауыш деп, қосымшадағы үстеуге ұқсас, өзін ерткен сөзге 
тек  мағына  үстеп  қана  қоятындарын  үстеуіш  деп  атадық.  Үстеуіш  пен 
жалғауыштың  екеуі  бір  категорияның  негіздері  екендігін  осы  сөздердің  өзінің 
формасы  –  аяғындағы  уіш  деген  буыны  көрсетеді  де,  жалғауыштың  жалғауға, 
үстеуіштің үстеуге жақын екендігін жалға, үсте деген түбірлері көрсетеді. Егер біз 
жұрнақ деген терминді өзгертпеген болсақ, бұл мүмкіншіліктердің бірі де болмас 
еді.  Онда  қосалқы  мен  қосымшаның,  жалғауыш  пен  үстеуіштің,  үстеу  мен 
үстеуіштің арасындағы жақындықтарын терминмен көрсете алмаған болар едік. 
Міне,  осы  үш  түрлі  себеп  жұрнақ  деген  терминді  тастауға,  оның  орнына 
жаңа грамматикадағы терминдерді осы мағынада алуға күштеді. 
Сонымен,  сөздің  шылау  мүшелері  әуелі  қосалқы  мен  қосымша  болып 
айрылады.  Онан  кейін  қосымшалар  жалғау  мен  үстеу  болып  айрылады, 
қосалқылар жалғауыш пен үстеуіш болып айрылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет