Кейбір мәселелері



Pdf көрінісі
бет201/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   208
 
ҚОСАР СӨЗДЕР 
 
1. «Қос сөз» демей, «қосар сөз» деп неге атадық? 
 
Жаңа грамматиканың бірқатар басқаша келетін жері – қосар сөздерді баяндау 
мен  қосарлардың  терминдерінде.  Алдымен,  бұрынғыша  қос  сөз  деудің  орнына 
қосар сөздер деп, термин өзгертілген. Оның себебі қазақ тілінде қос деп – қосылып, 
бітіп  қалған  нәрсені  айтады.  Қосары  жазылмайтын  болып,  жаңадан  қосылмайтын 
болып,  әуелден,  туа  бітісінен  қосақталып  біткен  нәрсені  ғана  қос  нәрсе  деуге 
болады. Сондай қосағы жазылмайтын, бір бөлекте сөздер де болады. Соларды қос 
деуге  болар  еді.  Біздің  қосар  сөз  деп  отырғанымыз  ондай  қосағы  жазылмайтын 
сөздер емес. Қолдан қосақталып, қолдан ажыратылатын жанды құбылыс. 
Жаңа  грамматикада  қосар  сөздер  сөз  тудырудың  өзгеше  бір  амалы  екендігі 
айтылған.  Ондағы  22-параграфта  «түбір  сөзден  туынды  сөз  жасаудың  жалғыз 
амалы  –  түбірге  қосымша  жалғау  ғана  емес,  түбір  сөзді  я  туынды  сөзді  өзді-өзін 
қосақтап та сөзге үстеме мағына беруге болады»– делінген. Сөйтіп, жаңа граматика 
сөзді  қосарынан  айтуды,  қосымша  жалғаған  сияқты,  сөз  тудырудың  бір  түрлі 
амалы  деп  түсіндіреді.  Сөздердің  қосымшалануы  бірде  болып,  бірде  болмайтын 
өзгермелі  құбылыс  болғаны  сияқты,  қосарлануы  да  бірде  пайда  болып,  бірде 


ажырап  кететін  айнымалы  нәрсе.  Сондықтан,  сөздің  қосарлануын  әлі  формадан, 
қосақталып бітіп қалған формалардан айыру үшін қос сөз деп атағаннан гөрі қосар 
сөз деп атау дұрысырақ болды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет