Кейбір мәселелері


 Қосарларды Байтұрсыновша таптастыру неге дұрыс емес?



Pdf көрінісі
бет202/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   208
2. Қосарларды Байтұрсыновша таптастыру неге дұрыс емес? 
 
Онан кейін, жаңа грамматиканың бұрынғы грамматикалардан бір өзгешелігі 
– қосар сөздерді жіктеуі, таптастыруында. Бұрын қосар сөзді екі-ақ түрлі деуші еді: 
бірінші,  жалпылағыш  қос  сөздер  (аяқ-табақ,  төсек-орын  сияқты);  екінші, 
жалқылағыш қос сөздер (белбеу, беторамал сияқты).   
Қосар сөздерді былайша таптастыру, бірінші, жеткіліксіз; екінші, дұрыс емес. 
Жеткіліксіздігі  сол:  қосар  сөздердің  беретін  мағынасы  жалғыз-ақ  жалпылау  я 
жалқылау емес. Екінші, сол жалпылағыш деп атап отырған қосар сөздердің өзінің 
құрылыс  жағынан  түрлері  көп.  Мысалы,  анау,  аяқ-табақ,  төсек-орын  сияқтылар, 
біріне-бірі  мағынасы  жақын  екі  сөзден  құралған  түрлер;  бала-шаға,  қыз-қырқын 
сияқтылар  бірі  түсінікті,  бірі  түсініксіз  екі  сөзден  құралған  түрлер;  үлкен-кіші, 
алыс-жақын  сияқтылар  біріне-бірі  қарсы  мәнді  екі  сөзден  құралған  түрлер  т.т. 
Сөздің  қосарланып  айтылатынын  баяндап  тұрып,  қандай  элементтерден 
қосарланатынын  айтпасақ,  онда  қосар  сөзді  әңгіме  қылудың  да  қажеті  жоқ. 
Грамматиканың  мақсаты  жалғыз-ақ  сөздің  қандай  мағыналары  болатындығын 
баяндау ғана емес, қандай формаларға қандай мағыналар сәйкес келетінін баяндап, 
дұрысы,  қандай  мағына  шығу  үшін  сөзді  қалайша  құрастыру  керек  екендігін 
баяндау. Сондықтан, құрастыру, құрылыс жағын елемейтін грамматика грамматика 
да болмақ емес. «Тіл құрал» қосар сөздерді баяндауда тек мағына жағын алды да, 
жалпылау  мағынасы  мен  жалқылау  мағынасын  айырып  берумен  қанағаттанады. 
Ал,  қалайша  құрағанда  жалпылау  мағынасы  шығады,  қалай  құрағанда  жалқылау 
мағынасы шығады – ол жағын айтпайды.  
Міне, осынысы жеткіліксіз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет