Кейбір мәселелері



Pdf көрінісі
бет70/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   208
Синтаксис тарихы 
(Сөйлем мүшелерінің тарихы
 
Бұл туралы жазба дерек жоқ, болса да жетімсіз. Өйткені жазу кейінгі дәуірде 
шыққан. Бірақ осы күнгі тілдің өз материалы да тарихтан көп хабар береді. Оның 
себебі  тілдің  сөздік  жағы  ала-құла  өзгереді  де,  грамматикалық  жағы  мейлінше 
шабан  өзгереді.  Сөйлеу  тілі  тұрақты  қатынас  құралы  болу  үшін  орнықты  болуы 
шарт;  грамматикалық  құрылыстың  шабан  өзгеретіндігі  де  содан.  Ол  тез  өзгеріп 


тұрса, тіл де болмас еді. Сөйтіп үнемі өзгеріс үстінде болатын тіл жүйесі кенжелеп 
қалып отырады, оның мағынасынан гөрі де формасы өте баяу өзгереді, бұған әйел 
жынысты,  еркек  жынысты  сөздер  дәлел  бола  алады.  Бұл  категорияның  қазіргі 
міндеті  –  екі  сөзді қиыстырып, бір-бірімен байлау  ғана.  Мағынаның  өзгерісіне  де 
толып  жатқан  мысалдар  бар:  күн+елту  (ерту)  =  күнді  ертіп  жүру  =  қазіргі 
мағынасы – тіршілік қылу.  
Сөздердің осы байланысына қарап та синтаксис тарихы жайында біраз нәрсе 
білуге болады. Байланысудың екі амалын – жалғау, жалғауыш арқылы байланысу 
амалдарын  есте  ұстау  керек  (мать  любит  дочь,  дочь  любит  мать;  ағаш  үй,  үй 
ағаш  деген  мысалдардағы  сөздер  орын  тәртібі  арқылы  байланысқан;  ал  мама 
увидела сестру, мен барамын деген мысалдардағы сөздер байланысудың алғашқы 
амалына сәйкес қосымшалар арқылы жүзеге асқан).  
Сөйлемдегі 
сөз 
тәртібінің 
қатал 
сақталуы 
сөйлем 
мүшелерінің 
аморфтылығынан болады.  
Бұрынғы  замандағы  сөйлем  мүшелерінің  байланысы  соңғы  амал  ғана  яғни 
сөздердің ілгерінді,  кейінді  келу  тәртібіне  ғана негізделген;  жалғау,  жалғауыштар 
кейін  пайда  болған.  Сөздерді  қосымшалар  арқылы  ұстастыру  –  синтаксистік 
байланыстың жаңа амалы. Біздің қазіргі сөйлеу тілімізде осы екі амалдың екеуі де 
бар.  Сөйлем  мүшелері  бұрынғы  кезде  белгілі  бір  орынға  ие  болып,  тұрақтасып 
қалғандықтан,  тіпті  жалғаулы  мүшелер  де  сөйлемнен  белгілі-бір  орын  алып  жүр 
(Оқыдым  мен  бұл  кітапты  десек,  кітаптан  кейін  «жаздым»  болып,  жазған  мен 
оқығанның шатасып кетуі мүмкін.  
Бұрын  бастауыш  баяндауыштан  соң  болған;  анықтауыш  анықталғыштан 
кейін  келген.  Оның  мәнісі  былай:  осы  күнгі  оқыдым  деген  сөзіміз  бұрын 
оқы+тұр+мен  болып  айтылған.  Демек,  осы  күнгі  өткен  шақтың  -ды  жұрнағы 
бұрынғы  «тұр»  деген  сөзден  қысқарған.  Қазіргі  оқитын  сөзінің  =оқы+й+тұғын 
тұлғасынан 
қысқарғаны,  бұл 
сөздің 
ұйғырда 
оқы+й+дығын
татарда 
оғы+й+тұрған  болатындығы  белгілі.  Бұл  сөздердегі  («тұр»  сөзіндегі)   
дыбысының  түсіп  қалуына  қарап,  әуел  бастағы  тұйық  буындарда  келетін  р,  л,  н 
дыбыстарының  түскіштігін  (cусымалы)  білуге  болады.  Бұған  ал+бар  (алып+бар
күрделі  ал+бар  (алып  бар)  етістіктерінің  апар;  ал+кел  (алып  кел)  етістіктерінің 
әкел  түрінде  ықшамдалуы  дәлел  бола  алады.  Сондай-ақ,  ол,  бұл,  мен,  сен 
сөздеріндегі  л,  н  дыбыстарының  түсіп  қалып,  о+ның,  бұ+ған,  се+нің,  ме+нің 
болып ықшамдалуы да тұйық буын ішінде келгенде р, л, н әріптерінің түскіштігін 
білдіреді. Осы айтылғандарға бұрынғы кездерде екі дауыстының арасында келген 
үнсіз  дыбыстардың  үндіге  айналып  кету  фактысын  қосcақ,  тұр  дегендегі  «т» 
дыбысының  «д»  болғандығын  түсінеміз.  Ал  осыған  соңғы  буындағы  «у» 
дыбысының    түсіп  қалғыштық  қасиетін  тағы  қосуға  болады  (р  дыбысының 
жоғарыда  айтылғандай сусымалылығына дәлел есебінде біздегі аттар деген сөзді 
ұйғыр  тілінде  атлар  дейтіндігін  мысал  етуге  болады.)  Бұл  айтылғандарға  кешегі 
бір  замандардағы  неке  қиюшылардың  куә-куә,  куәдүрміз,  куәлікке  жүрәдүрміз 
дегендегі  -дүр  қосалқысы  әуелде  «тұр»  болғандығын  да  ескеруіміз  керек. 
Осындағы  тұр  қазіргі жік  жалғауының  көрсеткіші болып  кеткен  -ды  элементінің 
бастапқы  тұлғасы.  Оның  мағынасы  орысша  «находится»  дегенге  саятын  жатыр 
көмекші  етістігінде  сақталған.  Сөйлем  ішінде  қолданылғанда  бұл  қосымша  бір 
нәрсенің бар екендігін меңзейді. 


Біз бұл жерде синтаксис тарихын қоя тұрып, «тұр» сөзінің тарихына ойысып 
кеттік.  Әйтсе  де  біздің  түпкі  мақсатымыз  қазіргі  жік  жалғауларының  бәрі  де  бір 
замандарда мен, біз, сен, сіз, ол, олар мағынасында болғандығын, ал синтаксистік 
құрылымда  келгенде  бұл  сөздердің  бәрі  де  бастауыш  болатындығын  және  ол 
заманда сөйлемнің бастауыш мүшесі қазіргідей препозицияда емес, постпозицияда 
тұрғандығын, яғни синтаксистік құрылымның соңында келетіндігін айтпақшы едік. 
Демек, сол негізгі ойымыздан біз бұл ретте де ауытқыған жоқпыз дегенді ескерте 
кетуіміз қажет. 
Сонымен  қазіргі  жалғаулардың  бірқатары  ерте  замандардағы  бастауыш 
қызметін атқарған дербес мағыналы сөздер.  
 
*  *  * 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет