Кейбір мәселелері


ша/-ше  болып  ықшамдалған:  тайын+ша,  өгіз+ше,  ту+ша,  құнан+ша,  дөнен+ше  (құнажын



Pdf көрінісі
бет72/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   208
ша/-ше  болып  ықшамдалған:  тайын+ша,  өгіз+ше,  ту+ша,  құнан+ша,  дөнен+ше 
(құнажын, дөнежін). 
Қазіргі кезде еркек қой, еркек тоқты деп сөйлейміз; бұл құрылымдағы еркек 
–  анықтауыш.  Ол  анықталатын  сөзден  бұрын  тұр.  Енді  осының  бұрын  қандай 
болғандығын тексерейік: «қошқар» деген сөздегі қош – қой дегенді білдіреді, қар – 
еркек; айғыр дегендегі  ай – ат, соңындағы  ғыр жоғарғы қар сөзінің редукциясы; 
кейінен осы қар сөзінің басындағы қ түсіп қалып, -ар болып ықшамдалған. Ал -ар 
тұлғасының  -ер болуы әбден ықтимал (ар+лан – ит тұқымдас хайуанның еркегі). 
Олай дейтініміз бір замандарда түркі тілдерінің дауыстыдан басталатын сөздерінің 
бәрінде  де  дауыстының  алдында  дауыссыз  (сонор  дыбыстардың  бірі  болған;  ар 
сөзінің басындағы а дыбысы «е» болып та айтыла беруі мүмкін. Өйткені бұрынғы  
замандарда  дауыстылар  бірінің  орнына  екіншісі  қолданыла  берген.  Нәтижесінде 
жоғарыдағы  «қар»  сөзі  жүре  келе  «ер»  болып  кеткен  демекпіз  (айғыр  дегендегі 
«ай» қазақ-қыпшақ тілінің нормасы; біз ай сөзін бөлек айтпаймыз, ат дейміз; ат – 
якут тілінің нормасы, ай – біздің тіліміздің нормасы. 
Бұл  келтірілген  мысалда  ерте  уақытта  анықтауыштың  анықталатын  сөзден 
бұрын орналасатынын көрсетеді.  


XI  ғасырдағы  Қашғари  сөздігінде  еркеж  деген  сөз  ұшырайды.  Бұл  –  теке 
дегенді білдіреді; ер – еркек, кеж – ешкі (түрікте кежі, татарларда казакәй, орысша 
коза).  
Бізбен тілдес татарларда атасарық, атақаз деген сөздер көп ұшырайды: ата 
– еркек. Татарлардың әтеш деген сөзіндегі әте-ата, соңындағы ш кішкене дегенді 
білдіреді. Бұл да жоғарыдағы айтқандарымызды дәлелдейді. 
Қытай  тілінде  дао –  қылыш,  дза  –  бала,  осы  екеуі  қосылып  дао+дза  болса, 
пышақ  деген  сөз  болады;  Ал,  сияо  –  дао  +  дза  =  кездік  (кішкен  пышақ)  болады. 
Қытайша жөн – адам, жөн – дза – сурет; дза – кішрейту, дзы – бала (кәдімгі бала). 
Нәтижесінде,  қытай  тілінде  де  анықтауыштың  анықталатын  сөзден  соң 
келетіні анықталады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет