Кейбір мәселелері



Pdf көрінісі
бет75/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   208
«Е» етістігі 
 
Екен:  е+кен  (кеткен:  кет+кен  сияқты);  «е»  бұрын  «ер»  болған.  Ер  болу 
деген мағынада (стать мағынасында). Етті дегендегі «е» де осы «е» – болдырды 
деген мағынада. Мұндағы т – өзгелік етіс; Ағар: ақ+ар; Мұндағы «ар» да сол «ер». 
Ер=е болғаны белгілі. Cонда ағар – ақ бол деген мағынада.  Көбейді: көп+е+й+ді 
(мұндағы  «е»  мен  «й»  әлгі  «ер»  емес  пе  екен,  өйткені  «р»-да  «и»  секілді  ауыз 
жолды сонор ғой). 
 «Ер»-дің түрленуі: 
бұрын:  ерді  еркен  ермес 
қазір
еді  екен  емес 
 (Мұның ер, ар формасы жоғалды ма екен?). 
 
Cөздердің тапқа бөлінбеген дәуірі  
және адамның конкрет түсінуі 
 


Бұрын есім сөз бен етістік сөз ажыратылмаған: ат деген сөз бен атта деген 
сөз  бір  болған.  Ат=ат+та=ат  бол  (ол  кездегі  түсінік  конкрет  болған:  Аттығы 
бар адам – ат болуға жарайтын). 
Жылы – сын есім, жылы – етістік. «Жазу» әрі есім, әрі етістік (бұрын). Бір 
ғана керек деген сөздің бірде етістік, бірде есім болуын қосымшасынан байқаймыз. 
Мысалы: керекті – етістік, керегі жоқ – есім.  
Полиазият (Азияның солтүстігіндегі халық) тілінде қосымшаларының түріне 
қарай бір сөздің өзі бірде етістік, бірде есім болады.  
Конкрет түсінуге байланысты айтарымыз: бұрынғы ұйғыр тілінде жел деген 
мағынада есін сөзін қолданған. Есіне = есін+е = жел болу (жел есті деген тіркесті 
еске түсірейік).  
«Есіне» сөзінің құрылысы ойна деген сияқты: ой+н+а – есін+е; а = е;  
Таңырқады  –  таңқалды;  таңыр=таң+ыр=тәң+ір;  Таң=аспан  бөлегі;  ір  – 
аспан. Бұрын адам өзін кішкене дүние деп есептеген. Бет-ауызды аспанға ұқсатқан 
бет – таң атып келе жатыр. «Таң қалу» деген тіркесті кейде қысқартып таңырқау 
дейміз. Ұятсыз деуді бетсіз деуімізде де осы конкреттік бар. Бұл қолданыстың да 
ым тілінен шыққандығы байқалады (бетін сызу – ым тілінен қалған қалдық; заттық 
көрсеткіші  (материальное выражение) – бет.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет