Кейбір мәселелері


Сонор не шала дауысты (не плавный)



Pdf көрінісі
бет34/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   208
Сонор не шала дауысты (не плавный) 
 
Шығатын 
орындары 
Ерін 
Тіс 
Таңдай 
Көмей 
 
 
күрек 
азу 
 
 
 
 
Шығатын 
Ауыз 
 
 
 
л 
р 
 
 
 
жолы 
Мұрын   
м 
н 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ң 
жасалу  Түрі 
т
у
р
а 
айнал-
малы 
тура 
айнал-
малы 
т
у
р
а 
айнал-
малы 
т
у
р
а 
айнал-
малы 
 
Фонетика 
 
Фонетика  –  дыбыс  жайындағы  ілім  деу  дұрыс  емес.  Өйткені  ол  дыбыс 
біткеннің  бәрін  қарамайды.  Ал  фонетика  сөз  дыбыстарын  қарайды  деушілердің 
пікірі дұрыс сияқты, бірақ ол да жүз процент дұрыс емес. Себебі дыбыстың ұзын, 
қысқасы бар, ерін арасын алыс-жақын қоюы бар, дыбыстың әні бар, «жоқ» дегенді 
таңдай қағып білдіру бар т. б. Бірақ фонетика мұның бәрін қарамайды. Енді қалай? 
Фонетика тілдің дыбысты пайдалану техникасын қарайды.  
Дыбыс сөз үшін жасалмаған, ол бұрыннан (әлимсақтан) бар. Қурай сыбызғы 
болу  үшін  өспейді,  сия  да  жазу  үшін  шыққан  жоқ.  Барлық  халықтың  дыбысты 
пайдалануы бірдей емес. Бір тіл дыбыстың жуан-жіңішкелігін пайдаланады. Соның 
өзінде  де  әртүрлі:  өте  жіңішкесін  не  орташасын  пайдаланады.  Бір  халық 
пайдаланғанды  екіншісі  де  пайдаланады  («Ә»  бізде де, немісте де,  ағылшында  да 
бар. f  ﻒ-лер де мысал болады). Біздің «жол» дегенімізді шуваштар уул (бұндағы 
екі  у-дың  бірі  жуан,  екіншісі  жуан  естіледі)  дейді.  Біздің  ый  дегеніміз  орыста  да 


болған (ъі =ьj; олардың ъ белгісі бұрын біздің осы күнгі у мен ы дыбыстарымызды 
білдірген). Дауыссыздың үндесуі бізде де, орыста да бар. Бұл әдет бірде бір-біріне 
ұқсауы,  енді  бірде  ұқсамауы  мүмкін.  Яфет  тілінде  үнді  [үнсіздер  (дің)]  аралық 
дыбысы бар. Кей елде ә таза айтылады, кейде мұрыннан шығады. Дыбыстар ғалам, 
ғәлам, ғалым болып та пайдаланылады. Дыбыстар екі сөзді айыру үшін, сөз құрау 
үшін  керек.  Дыбыстардың  жалпы  мақсаты  бір  (Тымақ  –  түрлі,  бірақ  мақсаты  бір 
болады).  
Бүгін де Телжан келді (Телжан да бүгін келді)Мантық (логика) үшін бізде 
кейде  шылау  сөздер  де  қолданылады  (да).  Дыбыстарды  әр  елдің  түрліше 
пайдалануы  бүгінгіше  бірігу  жағдайы  болмағанынан.  Қазақ  тілінің  фонетикасы 
дегеніміз – қазақ тілінің дыбысты пайдалану техникасы. Сықылық (сықылықтау) – 
дыбыс жүйесіне кірмейді.  
 
Ән 
 
Ән  дыбыс  басындағы  зат  емес,  буын  басындағы  зат.  Сондықтан  әр  буын  
жіңішке де, жуан да,  ашшы да, қоңыр да, созылып та, қысқа да айтыла алады.  
Әнді тіл біткеннің бәрі пайдаланады. Бірақ түрліше (пайдаланады). Бір сөздің 
мағына нышанын (оттенок) білдіру үшін, көңіл райын (настроение) білдіру үшін т. 
б; бұйрықтар бір-бірінен әнімен айырылады (отыр, тұр). Мұны бұрмалау да бар: 
күліп сөйлеп, істеп жүріп, іштей ренжу бар; ренжіген болып жүріп, іштей қуануы 
бар.  Дұшпан  ниеттілер  әнді  осылай  пайдаланады.  Ән  Қытайда  фонема  орнына 
жүреді.  «Ма»  қытайша  –  ағаш,  шиша,  жылқы  деген  үш  сөзді  білдіреді.  Ол 
мағыналарды  «ма»  сөзінің  үш  түрлі  әнмен  айтылуына  қарап  айырамыз.  Олардың 
айтылулары: қоңыр+ашшықоңыр+қоңырашшы+қоңыр; ашшы+ашшы болып 
келеді.  Біз  «ал»  деген  сөзді  сыбырлап  айтсақ  та,  дауыстап  айтсақ  та  бәрібір    бір 
мағынада  қолданамыз.  Африкада  Боcпен  (Бушмен)  деген  халықта  составы 
(құрамы) дыбыстарының тәртібі де бірдей бір лебізді сыбырлап айтса, бір мағына 
білдіреді;  дауыстап  айтса,  екінші  мағына  береді.  Демек,  біз  бұдан  әр  тілдің  әнді 
пайдалануы да түрліше болатынын аңғарамыз. 
Тілдің музыкалық «оформлениесі» (әуені) ортақ. Сондықтан басқа халықтың 
тіліне  түсінбесек  те,  сөз  әуенінің  қайғылылығын,  не  қуаныштылығын  сезінеміз. 
Тіл-тілге  ортақ  ән  де  бар,  әр  тілдің  өзіне  меншікті  басыбайлы  әні  де  болады.  Бір 
нәрсе сұрағанда дауыс 5 тон көтеріледі. Қабат ноқат (қос нүкте) интонациясы мен 
жай ноқат интонациясы бір емес; сұрау (өтіну), бұйыру, қайғыру, таңдану – бәрі де 
ән  арқылы білінеді.  Айқындауыш  пен айқындалғыштың  жапсарын жаба  айтамыз; 
баяндауыш  есім  болғанда  бастауышпен  екеуінің  жапсарын  аша  айтамыз. 
Анықтауыш  пен  анықталғыш  қатар  тұрғанда  басым  екпін  анықтауышта  болады. 
Мысалы, ақ қар, көк мұз (Абай).  
Демек, сөз музыкасын халық сөйлеу синтаксисіне де пайдаланады. Мәселен, 
қар  төсеніп,  мұз  жастанып  дегенде  де  екпін  қар,  мұз  сөздеріне  түсіп  тұр. 
Дауыстылар  –  әнші  дыбыстар.  Оларда  мелодия  жағы  жақын.  Халық  буын  ішінде 
әннің  барлығын  пайдаланған  сияқты  оның  тіл  құрамында  жоқтығын  да 
пайдаланады. Мысалы, бала-ақ; бала ақ.  
Біз  сөз  мағынасын  түрлендіргенде  де  ырғақты  пайдаланамыз.  Сөздің  сөз 
екендігін    ғана  түсініп  қоймаймыз,  оның  әні  арқылы  басқа  мүмкіндіктерін 


түсінеміз. Мәселен жеку үшін. Бұл соңғы мағына нышанын морфология тәсілімен 
білдіру мүмкін емес. Сондықтан қырғыз, түрікпен, якут, араб жұрттары  дыбыстың 
ұзақ  не  қысқа  айтылуын  тіл  заңына  сәйкес  мағына  нышанын  білдіру  үшін 
қолданады. Біз бұл ретте тек біріндеген сөздерді ғана кәдеге жаратамыз. Мысалы, 
бала-ақ > бала/қ
Бала  мен  бала-/қ  –  осы  екі  сөз  балаға  көңілі  тынғанда  айтылады.  Бірақ 
соңғысының  (ұзынының)  мағынасы  басқашарақ,  оны  біз  лексикадан  да, 
морфологиядан  да  айыра  алмаймыз,  тек  сөздің  музыкасынан  ғана  айырамыз. 
Бұндай мағына нышандары (әндер) графикадан көріне бермейді. Дауыстылар – ән. 
Бұлар өзгергіш. Бұрынғы кездегі ролі белгілі. Төмендегі тіркестен түрліше мағына 
шығуы әнге ғана байланысты, яғни түрлілігінен. Мысалы, 
дауысты 
к + е + л + м + а + ғ + а + м + б + е + т  
 
дауысты дыбысты                      дауысты                
              н                                         п     


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет