7) Жан, рух, түйсік, сана - философия тарихы аясында.
Сана - философиядағы негізгі мәселенің бірі, нақты әлемді бейнелеудің ең жоғарғы формасы, тек адамға ғана тән және сөйлеуге байланысты ми қызметі іс әрекетті алдын ала болжаудан тұрады. Сана адам миына байланысты пайда болады.
Жан, ақыл, парасат, рух мәселесі философиялық танымның негізгі мәселелері.
Антикалық философиясында рух пен парасаттың космологизмімен ерекшеленеді. Жан, ақыл, парасат, рух мәселесі Пифагор философияында адамның антропологилық құрылымымен байланыстырыла түіндіріліп, рух – жоғарғы ақыл, ақыл (төменгі), өмір – тыныс алу және дене деп қарастырылса, Платон бойынша рух- ноус, ақылды жан, ақылды емес жан және дене бөлген.
Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі қалыптасқан. Рух – құдайлы бастама, жан – жеке сана, дене – табиғи бастама ретінде түсіндіріледі.
Танымдық тұрғыдан қарағанда, сана – дүниені бейнелеудің ең биік, тек адамға тән идеалдық формасы. Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды.
8) Сана онтологиялық мәселе ретінде. Сананың мәні мен қалыптасуы: негізгі концепциялар.
Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну сана фактілерін, сана феномендерін, сананың қалыптасуын қарастыруды қамтиды. Сана тек адамда болғандықтан,сана мәселесін қарастыруда антропосоциогенез адамның пайда болуы мен дамуының сатыларын талдау маңызды.
Антропогенездің негізгі концепциялары.
— Теологиялық концепция (креационизм) адамды Құдай жаратты. Жаратылыс эволюция емес, Құдайдың бір мезеттік акті. (христиандық теология и т.б.)
— Биологиялық концепция (дарвиннің эволюция теориясы) – адам табиғи жолмен адам тәріздес маймылдардан биологиялық эволюция заңдар негізінде пайда болды. (Ч. Дарвин, Ф. Энгельс, К.Маркс, В. Ленин, марксизм, позитивизм)
— Адамның ғарыштық эволюция концепциясы – адам ғарыштық, биологиялық эволюция заңдары арқылы космостық және биологиялық организмдердің эволюциясының және Ғарыштық Ақыл нәтижесінде пайда болды. (Махатмы, Е. Блавтская, Ф.Л Дью, Е. Рерих және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |