Не психология кафедрасы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.05.2023
өлшемі0,52 Mb.
#89580
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
WHIEYPDHEHCB25042023113142



 
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК 
УНИВЕРСИТЕТІ 
 
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ 
 
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ 
 
 
 
 
 
 
 «Педагогика» пәні бойынша 
лекция жинағы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Түркістан 2022 
 


 
Дәріс №13 
 
 
Дәріс тақырыбы: Сабақ – оқытудың негізгі формасы. 
Дәріс жоспары:
1. Я.Коменский сынып сабақ жүйесін қалаушы.
2. Сабақтың жіктелуі. 
3. Сабақтың типтері мен құрылымдары.
 
Дәріс мақсаты мен міндеттері: Сабақты ұйымдастыуға студенттерді машықтандыру.
ПОН 4- Дидактикалық мақсатқа сәйкес оқу әдістерін таңдай алады;
ПОН 5- Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін диагностикалайды. 
Дәріс мазмұны: 
Оқытудың сыныптық-сабақ жүйесі XVII ғасырда пайда болып, үш жүзжылдық 
уақыт бойы әлі дамып келе жатыр. Мұндағы сынып дегеніміз – жас ерекшелігіне қарай 
тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімнің 
тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды. Оқытудың 
бұл жүйесінің теориялық тағылымын XVII ғасырда– атақты чех педагогі Ял Амос 
Коменский жасаған. Басқа оқытудың түрлерімен салыстырғанда, сыныптық – сабақ 
жүйесінің көптеген ұтымды тұстарын атап өтуге болады: сабақ құрылымын тиімді етіп 
құру, барлық оқу-тәрбие үрдісін тәртіптеуді камтамасыз ету, оны қарапайым дәрежеде 
басқару, оқу мәселесін талқылағанда, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу 
мүмкіндігін пайдалану, белгілі міндеттерді шешу барысында ұжымдық ізденіс жасау, 
уақыт үнемдеу, сабақ үстінде әр оқушының рухани санасын арттыруға құлшынысының 
бәсекеге түсуі, жүйелілікті және кезеңдік реттілікті жүзеге асырып, оның одан әрі 
дамуына, білімсіздіктен білімділікке жетіліп отыруына ұмтылу. 
Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және 
сабақтастық, жаттығу және түсініктілік приниптерін ұсынды. Я.А.Коменский сынып сабақ 
жүйесін терең зерттеді. 
«Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып сабақ жүйесінің 
бөліктерін атады. Олар: 
-оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді босатпау
-оқушыларды сыныптарға бөлу; 
-әр сыныпқа бір бөлме беру; 
-күніне 4 сабақ өткізу; 
-әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау; 
-қоңыраудың соғылуы; 
-тәртіп; 
-бір сабақтың ұзақтығы 1 сағаттан аспау керек; 
-сабақты күзде бастау; 
Я.А.Коменский тақырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты үш 
бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соңы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске 
түсіреді,мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді. 
Я.А.Коменский «Мұғалім-сабақты жаратушы, оның жүрегі»,- деп түсінген. 
Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы 
да мәселелер, экскурсияны кең қолдануға баса назар аударған. 
Бұл оқытудың түрінде де кемшіліктер кездеседі: үлгерімі нашар оқушыларға қиын, 
ал жақсы оқитындардың қабілеті тежеледі, яғни сыныптық-сабақ жүйесі үлгерімі орташа 


деңгейдегі оқушыға бағытталған, сөйтіп, бір жағынан үлгерімі нашар деңгейдегі 
оқушының қабілеті жетпейтін күрделі тапсырмалар келсе, екінші жағынан өте таланты 
оқушылар үшін ыңғайланған оқу объектісі болмайды, әр оқушының жеке қабілеті 
ескерілмейді, нәтижесінде, мұғалім осы үш түрлі деңгейге жекелеген жұмысты 
ұйымдастыру амалын қарастыруы көзделеді және оқытудың әдістері мен қарқын 
мөлшерін дәл межелей алу шеберлігі болуы талап етіледі. Сондықтан ғалымдар сынып-
сабақ жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіруде. 
Сыныптық-сабақ жүйесінің жақсы жақтары: сынып-сабақ жүйесінің басқа оқыту 
түрлеріне қарағанда артықшылықтары бар, себебі оның бөліктері бір-бірімен байланысты, 
мұғалім барлық оқушылармен жұмыс істейді, оқушылардың бір-бірін оқытуына 
мүмкіндік жасалады. Оқушылар тәрбиеленеді, дамиды, бір-бірімен жарысады. Сабақ оқу-
тәрбие жұмысын реттейді, оны басқарады, балалар бір- бірімен ынтымақтаса жұмыс 
істейді, мұғалім оқушылардың сезім әлеміне әсер етеді, тәрбиелейді, көп оқушылармен 
жұмыс істейді. 
Сыныптық-сабақ жүйесі жас мөлшері біркелкі топтан құрылған және тұрақты 
құрамы бар, сабақ үнемі оқу кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей бағдарламасы 
құрылған жағдайда іс-тәжірибеде қолданылады. Сондықтан ол оқу-тәрбие үрдісінің 
барлық компоненттерін қамтиды: мақсат, мазмұн құрал, әдістер, ұйымдастыру мен 
басқару қызметі, оның дидактикалық элементтері. 
Сабақтың маңызы ұжымдықтан-жеке, яғни мұғалімнің оқушыға бағытталған жұмысы, 
нәтижесінде, оқушының білім меңгеруі оның икемі мен қабілетіне сәйкестеніп, өзіндік іс-
әрекетінде тәжірибе жинақталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса; екінші 
жағынан, оқушылардың қабілеттілігі шындалады. Нәтижесінде, сабақ түрлері сапасында 
оқыту үрдісін алға жылжытады, ал екінші жағынан оқытуды ұйымдастыру түрі ретінде 
рөл атқарады, мұғалімнің сабақты ұйымдастырудың негізгі талаптарын айқындайды, 
мұның бәрі дерлік оқытудың заңдары мен принциптерінен туындайды. 
Сынып-сабақ жүйесінің мәні мен ерекшеліктері. Жастары және дайындықтары 
бірдей оқушылардан сынып құрастыру. Сыныптың құрамы мектеп бітіргенше өзгермейді. 
-Оқу процесі өзара байланысты, бірінің соңынан бірі келіп отыратын сабақ түрінде 
жүреді. 
-Сынып жылдық жоспар, бағдарлама, тұрақты сабақ кестесі бойынша жұмыс істейді.
-Балалар мектепке жылдың бір уақытында қабылданады. 
-Жұмыстың негізгі түрі – сабақ. 
-Сабақ бір оқу пәнін, тақырыпты түсіну үшін өткізіледі. 
-Оқушылардың жұмысына мұғалім басшылық етеді. Ол оқушылардың білім, іскерлік, 
дағды деңгейлерін анықтап, оларды жыл аяғында келесі сыныпқа көшіру туралы шешім 
қабылдайды. 
-Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің алуан түрі; 
-Әр сабақта үш мақсатқа жету үшін жұмыстар жүргізіледі. 
Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ уақыты қысқа, сондықтан 
ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей 
әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа 
мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. 
Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын 
талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, 
оқушылардың жеке қажеттіліктері, Оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің 
заңдылықтары мен принциптері анықтайды. 
Сабақ құрылымы - сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөліктерінің, 
кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуы. Олар мынандай 
болып келеді: 



Сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат, міндеттерін 
тұжырымдау). 

Сабақта үй тапсырмасын тексеру. 

Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру. 

Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жат-тығулар жасау, тәжірибелік және 
зертханалық жұмыстар жүргізу). 

Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы. 

Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет