Біріншіден, кейс стади зерттеулері кейде топтың жеке өкіліне бағытталғанымен, көп жағдайда ол құбылысқа қатысты. Құбылыс, ол, мысалы, белгілі бір оқиға, жағдай, бағдарлама немесе әрекет.
Екіншіден, зерттеліп отырған құбылыс (феномен) өзінің табиғи контексінде зерттеледі және ол контекст кеңістікпен және уақытпен шектеледі.
Үшіншіден, кейс стади зерттеулері сипаттамаға бай болып келеді, себебі ол терең және ақпараттың әртүрлі көздеріне негізделеді.