Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§ 99. Грамматикалык категориялардың бірі - ш ақ катего­



Pdf көрінісі
бет124/174
Дата18.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#118714
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   174
Байланысты:
file-4107 3


§ 99. Грамматикалык категориялардың бірі - ш ақ катего­
риясы етістіктерге тэн категория ретінде танылады. Бүлай болуы 
заңды да: қимыл, іс-әрекет уақыт ұгымымен тығыз байланысты, 
ол белгілі бір мезгілде өтетін процесс ретінде ұгынылады. 
Грамматикалык шак категориясында осы шақ, өткен шак жэне 
келер шақ бір-бірінен қимыл, іс-әрекеттің сөйлеу кезіне қатысты 
жағынан ажыратылады. Демек, сөйлеу кезі (момент речи) әр- 
түрлі шақтардың тірелетін орталыгы және оларды бір-бірінен 
ажыратудың тірегі болып саналады. Осы шақтың формасы сөйлеу 
кезімен сәйкес келетін қимыл, іс-әрекетті білдірсе, өткен шақтың 
формасы сөйлеу кезіне дейін болган қимыл, іс-әрекетті, келер 
шақтың формасы сөйлеу кезінен соң, ягни келешекте болуға 
тиісті іс-эрекетті білдіреді.
Тіл-тілде белгілі бір шактың, мысалы, өткен шақ немесе келер 
шақтың, бірнеше түрі болуы мүмкін. Қазақ тілінде өткен шақтың 
жедел өткен шақ, бұрынгы өткен шақ, ауыспалы өткен ш ақ деп 
аталатын түрлері болса, неміс тілінде өткен шақтың перфект, 
претерит, плюсквамперфект деп аталатын түрлері бар.
§ 100. Грамматикалык рай категориясы да - етістіктерге 
тэн категория. Рай категориясы қимыл, іс-әрекеттің шындыққа 
катынасын, іс-әрекеттің іске асу мүмкіндігіне сөйлеушінің қалай 
қарайтындығын білдіреді. Мысшіы, 
оцыдым, білдім, оқимын,
білемін
деген формалар шынайы, ақиқат (реальды) іс-эрекетті 
білдірсе, 
оцы, біл, оцыса, білсе, оцыса игі еді, білсе іігі еді, оцыгысы
келеді, білер ме еді
деген формалар әлі де болса іске аспаган, бірақ 
іске асуы мүмкін іс-эрекет пен қалау, тілек болжам мағынасындағы 
іс-эрекетті білдіреді.
Сонымен, етістіктің рай формалары екі топқа бөлінеді: 
бірінші топқа ашық рай формалары (ақикат іс-әрекетті, кимылды 
білдіретін етістік формалары) енсе, екінші топқа бұйры қ рай, 
шартты рай, қалау рай формалары (ақиқат түріндегі іс-эрекетті
163


емес, болуы мүмкін іс-әрекетті немесе болжал, қалау, тілек 
түріндегі іс-әрекетті білдіретін етістік формалары) енеді.
Грамматикалык рай категориясы модальдылық ұғымымен 
тығыз байланысты. Модальдылық грамматикалык тәсілмен де, 
лексикалық тәсілмен де берілуі мүмкін. Мысалы, 
Мүмкін, угііне
барар; Мүмкін, барар, мүмкін, бармас
дегенде 
модальдылық 
лексикалық тәсілмен (толық мағыналы 
мүмкін
деген модаль 
сөзбен) берілсе, 
баргайсыц, баргай еді, баргым келеді, барсам екен
дегендерде модальдылық грамматикалық тәсілмен (аффикстер 
арқылы) жэне аналитикалық форманттар 
(-гай еді, -гы кел,

са екен)
арқылы берілген. Модальдылықты білдіретін арнаулы 
модаль сөздер мен сөз тіркестері бар. Олардың қатарына орыс 
тіліндегі 
действительно, разве, непременно, по-видимому, быть
может, по всей вероятности
жэне т.б. осылар тәріздес сөздер мен 
сөз тіркестері, казак тіліндегі 
мүмкін, әрине, зады, зайыры, бэлки,
рас, шамасы, әлбетте, керек (білсе керек, үйге келсе керек)
тэрізді 
сөздер енеді. Ал модальдылық грамматикалык тэсілмен берілгенде, 
грамматикалык категория - рай категориясы жасалады.
Сөйлемнің модальдылыгы бар да, райдың модальдылыгы бар, 
бірақ бүл екеуі, әрине, бір емес. «Сөйлем атаулының бэрінің де 
эрқашан модальды бояуы болады, өйткені ол белгілі бір болган 
істі гана анықтап қоймайды, сонымен бірге сөйлеушінің сол 
іске, уақигага жэне т.б. қатынасын өзінше білдіреді. Ал райдың 
модальдылыгы - сөйлемнің модальдылығының үстіне косыла­
ты н немесе қабаттасатын «екінші» модальдылық. Сөйлемнің 
модальдылыгы айтылган пікірдің барлык жагына қатысты болса, 
райдың модальдыгы арнайы етістік баяндауышқа қатысты 
болады.
Мұнымен бірге райдың модальдылыгы екінші модальдылық 
болып кана қоймайды. Ол өз алдына дербес грамматикалык 
категорияны (рай категориясын) жасайды»1.
Райдың формалары етістік баяндауышқа тікелей қатыс- 
ты болады да, етістік баяндауыш аркылы сөйлемнің мо­
дальды болуына эсер етпей түра алмайды. Рай категориясы 
морфологиялық категория бола тұрып, синтаксистік сипатқа да ие 
бола алады. Мысалы, 
көрсе, білсе
деген шартты рай формалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет