гіне тән, жоғарыда аталған жалпылама ортақ грамматикалык
категориялардың әрқайсысына тоқталу қажет.
§ 96. Тілдердің барлығына дерлік тэн, жалпылама ортак
грамматикалык категориялардың бірі - грамматикалык сан-
мөлшер категориясы. Қандай бір тілде сөйлейтін адамдар
болмасын, олардың ертеден-ақ бір
заттан көп затты ажырата
білгендігі белгілі. Даралық ұгым мен көптік ұғымды бір-бірінен
ажырату тілде өзінің көрінісін тауып, осыган орай, тіл-тілде
грамматикалык сан-мөлшер категориясы (категория числа)
пайда болган. Даралық (жекелік) ұгымы мен көптік ұғымы,
эдетте, заттармен тікелей байланысты болады да,
осыган сэйкес,
грамматикалык
сан-мөлшер
категориясы
эртүрлі
тілдерде
сөз таптарының ішінде зат есімдерге өте-мөте тэн категория
ретінде ұгынылады. Мұнымен бірге, жекелік пен көптік тіл-
тілде есімдіктерге, оның ішінде эсіресе жіктеу есімдіктеріне тэн.
Грамматикалык сан-мөлшер категориясы етістіктерге тікелей
қатысты болмай, оның қатысы есімдіктер немесе зат есімдер
арқылы гана іске асады. Атап айтқанда,
етістіктер есімдіктермен
(кобінесе жіктеу есімдіктерімен) немесе зат есімдермен тіркесіп,
баяндауыш қызметінде жүмсалганда, бастауыш кызметіндегі
есімдіктің немесе зат есімнің жекелік немесе көптік магынада
жұмсалу ыңгайына багынып, осыған орай, жекелік немесе
көптік магынага ие болады. Грамматикалык сан-мөлшер катего-
риясының эртүрлі тілдер үшін ұқсас,
жалпы ортақ жақтары мен
белгілері, негізінен алганда, жогарыда аталгандармен шектеледі
де, мұнан эрі грамматикалык сан-мөлшер категориясының эртүр-
лі тілдердің немесе тілдердің эртүрлі топтарының грамматика
лык кұрылысының ерекшеліктеріне тікелей байланысты айырым
жақтары, өзіндік белгілері көрінеді. Мысалы, грамматикалык
сан-мөлшер категориясы көптеген тілдерде жекелік жэне көптік
магынасында көріне алса, оның екілік (двойственное число) деп
аталатын түрі
бірді-екілі тілдерде, атап айтқанда, коне грек тілі,
ежелгі орыс тілі, ежелгі индиялық санскрит жэне қазіргі араб
тілінде кездеседі.
Әртүрлі тілдердегі грамматикалык сан-мөлшер категориясы-
ның морфологиясының табигатында да ерекшеліктер бар. Славян
тілдерінде, соның ішінде орыс тілінде, грамматикалык сан-мөлшер
156
категориясының қолданылу өрісі түркі тілдерімен салыстырғанда,
анағұрлым кең. Мысалы, орыс тілінде
зат есімдер ғана жекеше,
көпше түрде қолданылып қоймай, олармен тіркесе жұмсалатын
сын есімдер де жекеше, көпше түрде қолданылады. Орыс тілінде
сын есім мен зат есім сөздердің тіркесінен қүралған сөз тіркесінің
зат есім сыңары (анықталғыш сөз) көпше түрде қолданылса, оның
сын есім сыңары да (анықтауыш сөз) көпше түрде жүмсалады
(мына мысалдарды салыстырыңыз:
высокая гора
-
высокие горы).
Сөйтіп, орыс тілінде зат есімдердің тобына қатысы жағынан,
жоғарыда
аталып өткеніндей, лексика-грамматикалық категория
ретінде танылатын сан-мөлшер
категориясы зат есімдермен
тіркесе айтылатын сын есімдерге келгенде, таза грамматикалык
мағынаға ие болады. Ал түркі тілдерінде мүндай тіркестердің
құрамындагы зат есімнен болган сыңарлар (анықталгыштар)
мейлі
көпше түрде, мейлі жекеше түрде қолданылсын, бұған қарамастан,
сын есімнен болган сыңарлар (анықтауыштар) эрдайым жекеше
түрде жүмсалады (мысалы:
биік тау — биік таулар).
Орыс тілінде сын есімдердің жекеше, көпше болып ажы-
ратылуының тек формальды сипаты бар. Сын есімнің жекеше,
көпше түрлері жекелік немесе көптік магынаны білдірудің емес,
киысудың формалары болып саналады. М ысалы,
орыс тілінде
жекеше формадағы
Достарыңызбен бөлісу: