логикалық бағыттың теріс әсерінен туған қате анықтамаларға
бірді-екілі мысал келтіріп көрелік. Ф.И. Буслаев сөйлемге орыс
тілінде мынандай анықтама берген: «Суждение, выраженное сло
вами, есть предложение». Ал бастауышқа берілген анықтамалар
мынандай:
Орыс тілі грамматикаларында:
1. «Подлежащее
обозначает тот предмет, о
котором что-либо
говорится в предложении»1.
2. «Подлежащим называется слово
(или словосочетание),
обозначающее предмет,
о
котором
что-либо
говорится
в
предложении»2.
Қыргыз тілі грамматикасында: «Сүйлем ичинде ойдүн
негизин ээлеп, ким ж ана эмне жәнүндө айты лы п жатканын
билдирген соз ээ деп аталат»3. («Сөйлем ішінде ойды ң негізіне
ие болып, кім жэне не ж айы нда айтылып ж атқаны н білдірген
сөз бастауыш деп аталады»).
Қазақ тілі грамматикаларында:
1. «Сөйлемдегі ойдың иесі болып гұрған тұрлаулы мүшені
бастауыш дейміз»4.
2. «Сойлемнің кім, не туралы екенін білдіретін, айтылган ойга
негіз болатын түрлаулы мүшені бастауыш дейміз»5.
Бастауышқа берілген мүндай логикалық анықтамалар бойын
ша,
Оган темекі тартуга болмайды
деген
сөйлемдегі оган деген
толықтауышты бастауыш деп тануга тура келеді. Олай дейтіні-
міз: жогарыдагы анықтамалар бойынша, бастауыш - «сөйлемде
ойга қазық болатын мүше», «кім немесе не туралы айтылганды
білдіретін мүше». Ал мысалга келтірілген сөйлемде эңгіме
оган
туралы болып тұр. Бұл мысалдагы логикалық субъектінін
оган
деген мүше екендігі рас, бірақ ол грамматикалык бастауыш емес.
Пайымдаудың логикалық субъектісі мен сөйлемнің грамматика
лык бастауышының бір-бірімен кейде сәйкес келетіні бар. Бірақ
эрқашан бүлай бола бермейді. Демек, логикалық субъектіден
грамматикалык бастауышты дүрыс ажырата білу үшін,
бастауыш-
ка берілетін анықтама логикалық емес, грамматикалык анықтама
болуы керек.
! Грамматика русского языка, часть II, синтаксис, под редакцией Л.В. Щ ербы, М .. 1953, стр.З.
2 В.Н. Зиновьев, Учебник русского языка для студентов-казахов, часть И, Алма-Ата, 1951, стр. 10.
■' Д. Исаев, Кыргыз тилинин грамматикасы. Ф рунзе, 1955, 13-бет.
4 С. Аманжолов, А. Ә білкаев, И. Ұ йықбаев.
Қ а зақ тіл і грамматикасы, А лматы , 1957, 10-бет.
5 М. Балакаев, Казак тілі грамматикасы, Алматы, 1949, 18-бет.
231
Қазіргі грамматикалык ұғымдар мен категорияларға логика
ғылымы тұргысынан аныктамалар берудегі қателіктер түзетіліп,
оларга
таза
лингвистикалық
(грамматикалык)
тұргыдан
анықтамалар беріліп жүр. Мысалы, орыс тілі грамматикасында
бастауышқа
мынандай
анықтама
берілген:
«Подлежащим
называется независимый член предложения, который отвечает на
вопрос кто? или что?»1.
Сонымен, тілдегі құбылыстарга анықтамалар беруде олар-
дың тілдік табигаты мен белгілері негізге алынуы шарт.
Тіл біліміндегі психологиялық багыттың
уәкілдері логикалық
багыттың уэкілдерінің тілдегі құбылыстарга грамматикалык емес,
логикалық анықтамалар берудегі қателіктерін сынай отырып,
тіл мен ойлаудың ара қатысы проблемасын айқындауда өздері
де қате жіберген. Мысалы, Г.Штейнталь тілдік категориялар
мен логикалық категорияларды шектеспейтін категориялар
деп танып, олардың ара катысы
шеңбер
деген ұгым мен
цызыл
деген ұғымның ара қатысымен бірдей деп есептейді. А.А.
Потебня «тіл білімі, оның ішінде грамматика,
логикага ешбір
жақындаспайды»2 деп есептейді. Тіл біліміндегі психологиялық
багыттың бұл тұжырымдарымен келісуге, әрине, болмайды.
Мұндай қате тұжырымдар тіл мен ойлаудың, тілдің құрылымы
мен ойлаудың қүрылымының өзара қатысы туралы проблеманы
зерттеу объектісінен шыгарып тастауга әкеп соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: