5. К үр дел і сөз бен си н та к си ст ік (ер к ін ) сөз т ір к есі ж ән е
ол ар ды ң б ір -б ір ін ен ж ігін аж ы рату м әсел ел ер і
§ 54. Күрделі сөздерді синтаксистік сөз тіркестерінен ажы-
ратудың қиындығы күрделі сөздердің барлық түрлеріне емес
(мысалы,
аиіудас, цолцап, шекара —
біріккен сөздер,
үлкенді-
кііиілі, азды-көпті, цазан-аяц -
қос сөздер), олардың әсіресе
боз торгай, цара торгай, суъщ торгай, ащы шек, тоц шек, кәрі
жіліх, ортан жілік, асыц ж ілік
тэрізді түріне (күрделі-қүрама
сөздерге) қатысты. Аталған күрделі сөздердің құрылымы жағы-
нан синтаксистік сөз тіркестерімен үқсастығы аңғарылып тұрады.
Сырттай қарағанда, қүрама сөзді қүрастырушы компоненттердің
бір-біріне қатынасы анықтаушы, аныкталушы қатынас немесе
толықтаушы, толықталушы қатынас тэрізді болып көрінеді де,
синтаксистік сөз тіркесімен шектесіп жатады. Құрама сөз бен
синтаксистік сөз тіркесінің арасындағы бұл ұқсастық - сырттай
ұқсастық. Ал мазмұны мен табиғаты жағынан қүрама сөз -
синтаксистік сөз тіркесінен басқаша құбылыс. Бүлардың арасында
сырттай ұқсастықтың болуында мынандай себеп бар: құрама сөз
шығу тегі жағынан еркін сөз тіркесіне барып тіреледі. Еркін сөз
тіркесінің сыңарларының арасындағы әуелгі синтаксистік қаты-
нас, атап айтқанда, анықтаушы жэне анықталуш ы немесе толық-
таушы жэне толықталушы қатынас біртіндеп күңгірттеніп,
ақыр аяғында ол қатынас мүлдем жойылады да, осының нәтиже-
сінде біртұтас күрделі атау (сөз) жасалады. Сы ңарлары ның
(компоненттерінің)
арасындағы
ішкі
синтаксистік
қатынас
жойылғанымен, күрделі атаудың (қүрама сөздің) өзінің шыққан
тегі - сөз тіркесімен сыртгай ұқсастығы сақталады. Мысалы,
боз
торгай, цара торгай, суыц торгай, ащы шек, тоц шек, кәрі ж ілік
деген күрделі
сөздердіц боз цүнан, цара цүнан, суыц су, ащы коже,
тоц бала, кәрі жылцы
деген синтаксистік сөз тіркестерінен сырт
қарағанда пэлендей айырмашылығы жоқ сияқты болып көрінеді.
Ал, шындығында, бүлардың арасында түбірлі айырмашылықтар
бар.
Достарыңызбен бөлісу: |