Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§ 97. Әртүрлі тілдерге және олардагы есім сөздерге өте-мөте



Pdf көрінісі
бет122/174
Дата18.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#118714
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   174
Байланысты:
file-4107 3


§ 97. Әртүрлі тілдерге және олардагы есім сөздерге өте-мөте 
тэн грамматикалык категориялардың бірі - септік категориясы. 
Септіктер есім сөздердің бір-бірімен қатысын немесе олардың 
басқа бір сөздерге қатысын білдіру қызметінде жұмсалады.
1 В.М . Никитевич, Грамматические категории в современном русском языке, М.,
Учпедгиз, 1963, стр .72.
2 Бұл да сонда, 72-беті.
159


Шындық өмірдегі заттар мен құбылыстар тілде есім сөздермен 
аталады да, ол заттардың немесе кұб ы л ы стард ы ң арасындағы 
эртүрлі қатынастар, эртүрлі септіктер арқылы тіл-тілден көрінісін 
табады. Септіктер арқылы білдірілетін эртүрлі қатынастарға, 
сайып келгенде, шындык болмыстагы заттар мен кұбылыстар- 
дың арасындағы түрлі-түрлі қатынастар негіз болады. Септіктер- 
дің әртүрлі тілдерде есімдерге, эсіресе зат есімдерге тэн болуы да 
осы дан.
Жогарыда септік бір есімнің екінші есімге қатысын немесе 
есімнің етістікке қатысын білдіреді дедік. Есім сөздердің мұндай 
қатынасы кейбір тілдерде септік жалғаулары арқылы берілсе, 
қайсыбір тілдерде (мысалы, болгар тілінде) көмекші сөздер 
(предлогтар) арқылы беріледі. Мұндай қатынастар септіктер мен 
көмекші сөздердің бірдей қатысуы аркылы да берілуі мүмкін. 
Флективті-агглютинативті тілдер мен таза агглютинативті тілдерде 
сөздердің бір-біріне қатынасы мен грамматикалык магыналары 
аффикстер арқылы білдірілсе, аналитикалык тілдерде ондай қа- 
тынастар мен магыналар көмекші сөздер мен сөздердің орын тәр- 
тібі арқылы көріне алады. Осыган орай, флективті-агглютинатив- 
ті тілдер мен таза агглютинативті тілдерде есім сөздердің басқа 
сөздерге эртүрлі қатынасы септіктер арқылы берілсе, түбір тілдер 
мен аналитикалык тілдерде көбінесе көмекші сөздер (предлогтар) 
арқылы беріледі. Аналитикалық тілдерде септіктердің санының
флективті тілдер мен агглютинативті тілдерге қараганда, аз болуы 
олардың грамматикалык кұрылысының өзіндік сипатымен тыгыз 
байланысты. Мысалы, аналитикалык тілдердің бірі - агылшын 
тілінде екі гана септік болса, агглютинавті тілдердің қатарына 
жататын эстон тілінде он төрт септік, венгер тілінде жиырма екі 
септік бар. Агглютинативті-синтетикалық тілдерде сөздердің 
септіктер арқылы білдірілетін қатынастары аналитикалық тіл- 
дерде, мысалы, агылшын тілінде, көбінесе предлогтар аркылы 
беріледі.
Славян тілдерінің көпшілігінде және түркі тілдерінде есім 
сөздердің есімдерге немесе етістіктерге қатынасы көбінесе септік 
жалгаулары аркылы көріне алады. Бүл тілдерде септік жалгаулы 
сөздермен көмекші сөздер де (славян тілдерінде предлогтар, 
түркі тілдерінде септеуліктер) тіркесе қолданылады. Мүндайда
160


предлогтар немесе септеуліктер септіктер арқылы білдірілетін 
катынастарды айқындай, дәлдей түседі.
Түркі тілдерінде грамматикалык септік категориясы, негізінен 
алганда, зат есімдер мен есімдіктерге тэн категория болып сана­
лады. Сын есімдер мен сан есімдер заттық магынада қолданыл- 
ганда, септеле алады.
Түркі тілдерінде септіктерді кеңістік қатынасты білдіретін 
септіктер жэне грамматикалык қатынасты білдіретін септіктер 
деп екі топқа бөлу дагдысы бар. Қеңістік қатынасты білдіретін 
септіктердің ішінен барыс септігі мен шыгыс септігі динамика- 
лык (қозгалу) күйді білдірсе, жатыс септігі статикалық күйді 
білдіреді. Грамматикалык қатынастарды білдіретін септіктердің 
ішінен атау септігі бастауыштың калпын білдірсе, ілік септігі 
меншіктеуді, табыс септігі тікелей объектіні білдіреді. Алайда 
септіктерді кеңістік катынасты білдіретін 
септіктер жэне 
грамматикалык қатынасты білдіретін септіктер деп бөлудің 
шартты нәрсе екенін айтпасқа болмайды. Кеңістік қатынасты 
білдіреді дейтін септіктер де, сайып келгенде, грамматикалық 
катынастарды білдіреді. М ысалы, барыс жэне шыгыс септіктері 
таза 
объектілік 
қатынастарды 
да 
(мысалы: 
ж олдасы ма
жолыцтым, ж олдасъшнап алдым)
білдіре алады.
Септік бар да, септелу бар. Бүл екеуі бірі-бірімен тығыз 
байланысты. Тілдер септіктердің саны жагынан да, септелудің 
морфологиялық табигаты жагынан да эр басқа болып келеді. Түр- 
кі тілдерінде орыс тіліндегідей септеудің бірінші септеу, екінші 
септеу, үшінші септеу деп аталатын түрлері жоқ. Славян тілдері 
мен түркі тілдерінде неміс тіліндегі септеудің күшті септеу 
(сильное склонение), әлсіз септеу (слабое склонение) ж эне аралас 
септеу (смешанное склонение) деп аталатын түрлері кездеспейді. 
Түркі тілдерінде сөздердің септелуінде баска тілдерде үш ыраса 
қоймайтын бір ерекшелік бар: түркі тілдерінде жай септеу мен 
тәуелді септеуде септіктердің формалары эр басқа болады. 
Осының өзінде де тэуелді септеудің жай септеуден ерекш елігі 
барлық септіктерден емес, барыс, табыс, жатыс септіктерінен 
гана 
көріне 
алады 
(мына 
мысалдарды 
салыстырыңыз: 
жолдастыц, жолдасымныц, ж олдасца — ж олдасыма, ж олдасты
161


— 
жолдасымды 
(жолдасын), 
ж олдаста — жолдасымда,
жолдастан — жолдасымнан).
Орыс тілінде сөздің жекеше түрі мен көпше түрі септелгенде, 
септіктер әртүрлі 
формаларға ие болса, түркі тілдерінде 
сөздің жекеше түрі мен копше түрінің септелуінде де, септік 
жалгауларында да ешбір айырмашылык болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет