Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


Э.Б. Севортян, Аффиксы глаголообразования в азербайджанском языке (опыт



Pdf көрінісі
бет143/174
Дата18.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#118714
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   174
Байланысты:
file-4107 3

1 Э.Б. Севортян, Аффиксы глаголообразования в азербайджанском языке (опыт
сравнительного исследования). М ., 1962, стр.365-373.
2 Бұл д а сонда, 374-бет.
190


дің септік жалғаулы түрлерінің сөйлемде пысықтауыш қызметінде 
жұмсалу барысында олардан үстеулердің жасалғандығын айтады. 
Бұган орыс тіліндегі 
вечером, порой, кругом, издавна, вплотную
жэне т.б. үстеулер дэлел бола алады1. Қазақ тілінде 
Санжармен
бірге келді; Асқарды бірден таныды
деген сөйлемдердегі 
бірге,
бірден
деген сөздер пысықтауыш қызметінде жүмсала келіп, сеп- 
тік жалғауларының көнеленуі нэтижесінде үстеулерге айналган. 
«Басқа сөз таптарына тэн кейбір сөздер белгілі септік жалгаула- 
рында жиі қолданылудың нэтижесінде өздерінің бастапқы объек- 
тілік магыналарынан алшақтап, ауысумен қатар, оларға жалган- 
ған кейбір жалғаулар... сол сөздердің айырылмайтын бөлшегіне 
айналып, эбден орныгып қалыптасады. Ондай қалыптасқан, 
орныққан формалар тіл ғылымында әдетте көнеленген формалар 
деп аталады.
Осылайша форма жагынан көнеленген, магына жагынан әуелгі 
төркіндерінен алшақтаган еөздер өздерінің бастапқы топтары- 
нан (мысалы, зат есімдердің, сын есімдердің, сан есімдердің, 
есімдіктердің қатарларынан) бөлініп шыгып, лексикалық мазмүны 
жагынан басқа сөздер тобына айналады. Сонымен қатар, форма 
жагынан да не біржолата септелмейтін, не бірен-сарандаган 
септіктердің гана қосымшаларын қабылдайтын, жарым-жартылап 
қана әзгеретін сөздерге айналады. Мысалы, 
арт, ал
сияқтанган 
сөздерді алсақ, тура түрде (күйде) түрып, тек көлемді мағына бе- 
ретін барыс, жатыс, шыгыс септіктерде гана септеледі де 
(а р т щ
артта, аргптан; алга, алда, алдан),
басқа септіктерде түрленбейді, 
ал озгерсе, оте сирек қана колданылады. Мүндай сөздер магына 
жагынан қимылдың алуан түрлі күй-жайларын білдіреді, оларда 
заттық магына болмайды, сойлемде кәбінесе пысықтауыш болып 
қызмет атқарады. Ал сез табы жагынан мұндай сөздер үстеуге 
жатады. Тіліміздегі 
бірге, бірде (кейде
деген магынадагы), 
бірден,
кенеттен, лажсыздан, кеііде, шалқасыпан, жүресінен, зорга,
жатқа, басца, текке, цапыда, абайсызда, жөнімен, ертемен, алга,
артца, ачда, артта, мұнда, сонда, осында
сияқтанган үстеулер- 
дің барлығы да жогарыдагыдай конелену жолымен қалыптасқан 
үстеулер»2.
«Қазіргі қазақ тіліндегі кейбір үстеулердің қүрамындагы
' В.М. Ж ирмунский, О природе частей речи и их классификации. Сб. «Вопросы теории 
частей речи», Л., 1958, стр.27.
2 А. Ыскаков, Қазіргі казак тілі (морфология), А лматы, 1961, 322-бет.
191


аффикстер, шығу тегі жағынан алганда, алғашында жалғаулар 
болганымен, қазірде олар сөздің түбірінен ажыратып алуға 
келмейтін дәрежеге жеткен де, түбірге сіңісіп кеткен; осы 
құбылыстың нэтижесінде үстеулер жасалған. Мысалы, 
зорга,
босқа, текке, бекерге, ж аіща, бірге, кеіике
деген үстеулер 
барыс септік жалгауының көнеленіп, лексикалануынан жасалса, 
кейде, жаңада, элгіде, күнде, аңдаусызда, қапыда, цапелімде,
лезде
деген үстеулер жатыс септік жалғауының көнеленіп, 
лексикалануынан жасалган. Шығыс септік жалгауы мен көмек- 
тес септік жалғауының грамматикалык қызметтерінен айыры- 
лып, олардың лексикалануынан мынандай үстеу сөздер пайда 
болған: 1) 
жүресінен, етпетіиен, іиалцасынан, төтедеп, кеңінен,
келтесінен, ежелден, әуелден, кенеттен, тосътнан;
2) 
іиынымен,
жайымен, ретімен
т.б.»1. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ 
тілінде, көсемше формалы етістіктердің пысыктауыш қызметінде 
үнемі жүмсала келіп, әбден қалыптасуынан жэне етістіктердің 
ондай формаларының көнеленуінен жасалган 
аздап, аз-аздап,
жагалаіі, қайыра, цайтара
тэрізді үстеулер мен көсемше формалы 
етістіктердің қосарлануынан жасалган 
сүріне-жыгыла, таласа-
тармаса, кие-жара
тәрізді үстеулер бар. 
«..Аздап, аз-аздап
деген 
сөздерге тікелей жіктік жалгаулары жалганбайды. Бүл сөздер 
жай сөйлемде де, құрмаластың багыныңқысында да баяндауыш бо­
лып кызмет аткармайды. Қала берді, бүл сөздерде етістіктерге тэн 
шақтық, амалдық жэне т.б. қасиеттер жоқ. Бүлар (
аздап, аз-аздагі)
сөйлемде тек пысықтауыш болып қана қызмет атқарады да, 
аздан
я азгана, аз-сіздан, я аздан-аздан, я азгаиа-азганадап
деген сияк- 
ты магынаны білдіреді. Оның бер жагында, етістікке жалганатын 
болымсыздық жүрнагы 
(-ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе)
бүларга 
қосылмайды. Сөйтіп, бүл сөздер (
аздап

аз-аздагі)
көсемшелерге 
тек форма жагынан ұқсас... Осындай 
аздап, аз-аздап
сияқты 
кесемше түрлес үстеулерді етістіктермен төркіндес үстеулер деп 
есептейміз»2.
Сонымен, үстеулер эртүрлі формадагы сөз таптарының 
етістіктермен тіркесе қолданылып, пысықтауыш қызметінде 
жүмсалуы және іс-әрекеттің сын, бейне, мекен, мезгіл, мөлшер 
белгілері мен сынның белгісін білдіруі нэтижесінде біртіндеп сөз 
табы ретінде жасалып қалыптасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет