іркілмей жалғана берумен шектеліп қоймай, эртүрлі сөз табына
қатысты сөздерге де жалғана беруі ықтимал. Мысалы, көптік,
тәуелдік, септік жалғаулары зат есімдерге ғана емес,
сонымен
бірге субстантивтенген басқа да сөз таптарына жалғана алады.
Бұл жерде зат есімнен басқа сөз таптарының көптік жалғауын
қабылдауы үшін олардың субстантивтенуі эрдайым шарт еместігін
айта кету қажет. Зат есімнен басқа сөз таптарының ішінде
субстантивтенбей-ақ көптік жалғауын қабылдайтын сөз таптары
да бар. Мысалы, етістіктер жіктелгенде, олардың екінші жағынан
кейін көптік жалғауы
(жазасыңдар, жазасыздар, жазсацдар;
келесіңдер, келесіздер, келсеңіздер
жэне т.б.) жалғана береді. Бұл
мысалдар жүрнақтарға қарағанда, жалғаулардың сөздерге жалғану
мүмкіндігі мол, қолданылу өрісі мен шеңберінің элдеқайда кең
екендігін көрсетеді.
2.
Ж үрнақтың жалгануы арқылы жасалған туынды сөз бір-
тұтас сөз, яғни бір бүтін лексикалық бірлік ретінде ұғынылады.
Мұндай туынды сөздің құрамындагы негізгі морфема (түбір) мен
көмекші морфема немесе аффикстік морфема (жұрнақ) бір-біріне
қиюласа кірігіп кетеді де, жүрнақтың жалғануы арқылы жасалған
туынды сөз біртұтастық, бүтіндік қасиетін жоймайды, біртұтас
лексикалық бірлік ретінде қолданылады. М ысалы,
жиын, жина,
ж иналыс; өндір, өндіріс, өнім, өнімді
деген сөздердің әрқайсысы
негізгі (түбір) морфема мен көмекші (аффикстік) морфемалар-
дың қосындысынан қүралғанымен,
тұтас лексикалық бірлік
- бір бүтін сөздер ретінде үғынылады жэне қолданылады. Бұлай
болатындыгы мынадан: сөз лексикалық бірлік ретінде өзінің
тұтастылық қасиетін эр уақытта сақтайды. Тұтастылық қасиет бір
ғана негізгі морфемадан құралған түбір сөзге де, негізгі морфема
мен көмекші морфеманың бір түрі - жұрнақтың қосындысынан
жасалған туынды сөзге де тэн. Қарым-қатынас жасау процесінде
түбір сөздерді ғана емес, туынды сөздерді де біртұтас, бір бүтін
лексикалық бірліктер ретінде қолданамыз жэне оларды біртұтас
сөздер түрінде ұғынып, қандай морфемалардан құралғанына
назар аударып жатпаймыз.
Ал аффикстік морфемалардың екінші түрі
- жалгаулар жал-
ғанған сөздің кұрамындағы негізгі морфема (түбір) мен көмекші
морфеманың (жалғаудың) мағыналары бір-біріне жымдаса кірі-
36
гіп кетпейді, аффикстік морфеманың (жалғаудың) сөзге жалға-
нып, соған ілесіп жүрген қосалқы элемент екені аңғарылып
тұрады. Сөз қүрамында түбір мен ж ұрнақтар бір-біріне
әбден кірігіп, біртұтас лексикалық бірлік ретінде ұғынылса,
жалғаулар сөздердің тұбіріне немесе негізіне сіңісіп кетпей,
жай
ғана селбесіп, қосақталған элемент ретінде үғынылады.
Жалғаулардың сөздің түбіріне мағыналық ж ақтан кірігуі жэне
онымен байланысы, жүрнақтарға қарағанда, анағұрлым солғын,
әлсіз.
Сонымен, көмекші немесе аффикстік морфемалар мағыналары
мен атқаратын қызметі жағынан түрлі-түрлі болады. Олардың
түрлері бір-бірінен жоғарыда аталған белгілері мен қасиеттері
жағынан ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: