Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§ 28. Жұрнақ пен жалгаудың бір-бірінен айырмашылығына



Pdf көрінісі
бет26/174
Дата18.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#118714
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   174

§ 28. Жұрнақ пен жалгаудың бір-бірінен айырмашылығына 
тоқталғанда, олардың мына бір ерекшеліктерін атап айту кажет.
1. 
Жұрнақтармен салыстырғанда, жалғаулардың қолданылу 
өрісі мен шеңбері анағұрлым кең. Жалғаулар белгілі бір сөз 
табына енетін сөздерді талгамай, олардың күллісіне бірдей 
жалғана береді. Мысалы, қазақ тілінде зат есімдер тобына енетін 
сөздердің бэріне бірдей септік жалғаулары да, көптік жалғаулары 
да, тэуелдік жалғаулары да жалғана береді. Етістіктердің тобына 
енетін сөздердің күллісі бірдей жіктеле алады. Жұрнақгар белгілі 
бір сөз тобына енетін сөздердің күллісіне бірдей емін-еркін қосы- 
ла бермейді де, олардың ішінде арнаулы бір тобына ғана жалға- 
нады. Мысалы, зат есімнің 
-м (-ым, -ім) 
жұрнағы етістік атау- 
лының бэріне жалғана бермейді. Аталған жүрнақ 
жайыл, түс, он
деген етістіктерге жалғанады да, олардан зат есімдер 
(жайылым,
т усім

өнім)
жасалады; бірақ бұл ж ұрнақ 
цуан, сүііін, қызган
деген етістіктерге жалғана алмайды. Аталған етістіктерге басқа 
жүрнақ -
-ыш (-іш)
жүрнағы жалғанып, 
цуаныиі, сүйініш,
цызганыш
тэрізді туынды зат есім дер жасалады. Керісінш е, - 
ш (-ыш, -іш) 
жүрнағы жогарыда келтірілген 
ж с і і і ы л 
түс,
өн
деген етістіктерге ж алғана алмайды, ендеше олардан зат 
есімдерді де тудыра алмайды. Бұл мысалдар белгілі бір сөз 
табына тэн жұрнақтардың сол соз табына катысты сөздердің 
бәріне бірдей жалғана бермейтіндігін, бір соз табыны ң іш індегі 
топтардың әрқайсысының езіне тэн жүрнақтары болатынды- 
ғын, ол жұрнақтардың «сөз тандап» барып жалғанатындығын 
көрсетеді. Ал жалгауларга келетін болсақ, олардың сөздерге 
жалғану мүмкіндігі мен қолданылу өрісі элдеқайда кең екендігін 
көреміз. Аталған зат есімдердің әрқайсысына көптік жалғауы 
да 
(жайылымдар, өнімдер),
тәуелдік жалғауы да 
(жайылымым,
жайылътың, жайылымы; өнімім, өніміц, өнімі; цуаныіитары-
мыз, цуаныштарыцыз, цуаныштсіры),
септік жалғаулары да 
(жаітлымнъщ, жайылымга, жайылымнан, жаііылымда; өнімнің,
өніліге, өнімнен, өнімді
жэне т.б.) жалгана береді. Көптік, тәуелдік 
жэне септік жалғаулары, әдетте, зат есімдерге тэн жалғаулар болып 
есептелінеді. Бүл жалғаулар жүрнакгар тэрізді емес, күллі зат есім 
атаулы сездердің барлығына бірдей жалгана алады. Жалғаулар 
белгілі бір соз табына қатысты сөздердің барлыгына бірдей
35


іркілмей жалғана берумен шектеліп қоймай, эртүрлі сөз табына 
қатысты сөздерге де жалғана беруі ықтимал. Мысалы, көптік, 
тәуелдік, септік жалғаулары зат есімдерге ғана емес, сонымен 
бірге субстантивтенген басқа да сөз таптарына жалғана алады. 
Бұл жерде зат есімнен басқа сөз таптарының көптік жалғауын 
қабылдауы үшін олардың субстантивтенуі эрдайым шарт еместігін 
айта кету қажет. Зат есімнен басқа сөз таптарының ішінде 
субстантивтенбей-ақ көптік жалғауын қабылдайтын сөз таптары 
да бар. Мысалы, етістіктер жіктелгенде, олардың екінші жағынан 
кейін көптік жалғауы 
(жазасыңдар, жазасыздар, жазсацдар;
келесіңдер, келесіздер, келсеңіздер
жэне т.б.) жалғана береді. Бұл 
мысалдар жүрнақтарға қарағанда, жалғаулардың сөздерге жалғану 
мүмкіндігі мол, қолданылу өрісі мен шеңберінің элдеқайда кең 
екендігін көрсетеді.
2. 
Ж үрнақтың жалгануы арқылы жасалған туынды сөз бір- 
тұтас сөз, яғни бір бүтін лексикалық бірлік ретінде ұғынылады. 
Мұндай туынды сөздің құрамындагы негізгі морфема (түбір) мен 
көмекші морфема немесе аффикстік морфема (жұрнақ) бір-біріне 
қиюласа кірігіп кетеді де, жүрнақтың жалғануы арқылы жасалған 
туынды сөз біртұтастық, бүтіндік қасиетін жоймайды, біртұтас 
лексикалық бірлік ретінде қолданылады. М ысалы, 
жиын, жина,
ж иналыс; өндір, өндіріс, өнім, өнімді
деген сөздердің әрқайсысы 
негізгі (түбір) морфема мен көмекші (аффикстік) морфемалар- 
дың қосындысынан қүралғанымен, тұтас лексикалық бірлік
- бір бүтін сөздер ретінде үғынылады жэне қолданылады. Бұлай 
болатындыгы мынадан: сөз лексикалық бірлік ретінде өзінің 
тұтастылық қасиетін эр уақытта сақтайды. Тұтастылық қасиет бір 
ғана негізгі морфемадан құралған түбір сөзге де, негізгі морфема 
мен көмекші морфеманың бір түрі - жұрнақтың қосындысынан 
жасалған туынды сөзге де тэн. Қарым-қатынас жасау процесінде 
түбір сөздерді ғана емес, туынды сөздерді де біртұтас, бір бүтін 
лексикалық бірліктер ретінде қолданамыз жэне оларды біртұтас 
сөздер түрінде ұғынып, қандай морфемалардан құралғанына 
назар аударып жатпаймыз.
Ал аффикстік морфемалардың екінші түрі - жалгаулар жал- 
ғанған сөздің кұрамындағы негізгі морфема (түбір) мен көмекші 
морфеманың (жалғаудың) мағыналары бір-біріне жымдаса кірі-
36


гіп кетпейді, аффикстік морфеманың (жалғаудың) сөзге жалға- 
нып, соған ілесіп жүрген қосалқы элемент екені аңғарылып 
тұрады. Сөз қүрамында түбір мен ж ұрнақтар бір-біріне 
әбден кірігіп, біртұтас лексикалық бірлік ретінде ұғынылса, 
жалғаулар сөздердің тұбіріне немесе негізіне сіңісіп кетпей, 
жай ғана селбесіп, қосақталған элемент ретінде үғынылады. 
Жалғаулардың сөздің түбіріне мағыналық ж ақтан кірігуі жэне 
онымен байланысы, жүрнақтарға қарағанда, анағұрлым солғын, 
әлсіз.
Сонымен, көмекші немесе аффикстік морфемалар мағыналары 
мен атқаратын қызметі жағынан түрлі-түрлі болады. Олардың 
түрлері бір-бірінен жоғарыда аталған белгілері мен қасиеттері 
жағынан ажыратылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет