Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


  Ағылшын  тіліндегі  курделі  сөздер дің  орфографиясының  тұрақталмай  келе



Pdf көрінісі
бет110/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   237
1  Ағылшын  тіліндегі  курделі  сөздер дің  орфографиясының  тұрақталмай  келе 
жатканы  жайында  мына  эдебиеттерде  аталады:  А .В .  Кунин,  Английская 
фразеология.  М.,  1970,  стр.  264;  И .В.  Арнольд,  Лексикология  соврем енного 
английского  языка.  М.,  1959,  стр. 161-162.
97


кұрама  сөздер  (сложно-составные  слова) деп  атауды  жөн  көреміз. 
Ал  бүларды  сөз  тобына  телінуі  жағынан  іштей  топтастырғанда, 
бұрынғы  қалыптасқан  терминдер  бойынша  күрделі  зат  есімдер, 
күрделі сын есімдер, күрделі  етістіктер деп саралауға болады.
Күрделі зат есімдердің ішінде  соңғы сыңары бір емес, бірнеше 
күрделі-қүрама  сөздерге  бірдей  ортақ  болып  келетін  күрделі  зат 
есімдер бар.  Мысалы, ж ілік -  деген  компонент асыц жілік,  ортан 
жілік,  тоқпсш  жілік,  кәрі  ж ілік  деген  күрделі  сөздердің  бәріне 
бірдей  ортак  компонент  болса,  торгай  деген  компонент  -   боз 
торгай,  цара  торгай,  суыц  торгай,  су  торгай,  іиөже  торгай, 
жагал  торгай  деген  күрделі  сөздердің  қүрамында  қайталанып 
келетін,  осылардың  бэріне  бірдей  ортақ  компонент.  Сондай- 
ақ,  ауыз  омыртца,  бел  омыртца,  мойып  омыртца  деген  күрделі 
сөздердің  құрамында  қайталанып  келетін,  осылардың  барлыгына 
бірдей  ортақ  компонент -  омыртца болса,  жел бау, уыц  бау деген 
күрделі  сөздерге  бірдей  тэн  ортақ  компонент  -   бау.  Мүндай 
күрделі-құрама  сөздердің  алдыңгы  сыңарлары  алғашында  бір 
затты  екінші  бір  заттан,  мысалы,  ортаи  жілікті  кәрі  жіліктеп 
ажырату  қызметінде  жүмсалганмен,  кейінде  олар  дербестігінен 
айрылып,  күрделі  сөздің  бір  бөлшегі  ретінде  үғынылатын  болган. 
Мұны  кәрі  ж ілік  деген  күрделі  сөздің  кәрі  деген  сыңарының 
семантикалық 
дербестігі, 
морфологиялык 
дербестігі 
жэне 
синтаксистік  дербестігінен  айырылуынан  көруге  болады  (бүл 
жайында жогарыдагы баяндауларды қараңыз).
Жоғарыда  аталған  күрделі  зат  есімдердің  соңғы  сыңары 
әлденеше күрделі  сөздің кұрамында  қайталанып,  солардың бэріне 
бірдей  ортақ  болып  келсе,  кейбір  күрделі  зат  есімдердің,  керісін- 
ше,  алдыңғы  сыңары  бірнеше  күрделі  сөздің  қүрамында  қайтала- 
нып,  солардың бэріне бірдей ортақ элемент ретінде қолданылады. 
Мысалы,  цайын  ата,  цайын  ене,  цайын,  бике,  цайын  сіңлі  деген 
күрделі  сөздердің  барлығына  бірдей  ортақ  элемент  -   олардың 
бірінші сыңары (цайын).
Сөздер,  омонимдерді  есептемегенде,  бір-бірінен,  әдетте, 
дыбысталуь^мен  магыналарының  эр  басқа  болып  келуі  жагынан 
ажыратылады.  Ал  асыц  жілік,  ортан  жілік,  тоцпан  жілік, 
кәрі  ж ілік  тэрізді  күрделі-құрама  сөздер  бір-бірінен  алдыңғы 
сыңарлары  (асыц,  ортан,  тоцпан,  кәрі)  аркылы  ажыратылса,
98


ксіііын
  ата,  қайын  ене,  цайын  сіңлі,  цайын  бике  тэрізді  күрделі- 
қүрама сөздер  бір-бірінен  соңғы  сыңарлары  (ата,  ене,  сіңлі,  бике) 
арқылы  ажыратылады.  Бір  сыңары  біртектес  күрделі  сөздердің 
бәріне  жалпылама  ортақ  болып  келетін  күрделі  сөздерді  о р та қ  
ком понентті  күрделі  сөздер  деп  атауға  болады.  Ортақ  компо­
н ен та  күрделі  сөздер  күрделі-қүрама  сөздердің  ішінде  ғана  емес, 
біріккен  сөздерде  де  ұшырасады  (мысалы:  тасбаца,  цүрбаца, 
көлбаца және т.б.)
Күрделі-құрама  сөздердің  бір  тобы  -   күрделі  сын  есімдердің 
түрлері  мыналар:
а)  Түр-түсті  білдіретін  негізгі  сын  есімдердің  тіркесуінен 
жасалған, ортақ компонентті күрделі сын есімдер:  торы ала,  сары 
ала,  цара  ала,  цоңыр  ала,  иіүбар  ала,  кер  ала,  цызыл  ала,  көк  ала, 
сур  ала.  Бұл  күрделі  сын  есімдердің күллісіне  бірдей,  жалпылама 
ортақ компонент -  соңғы  сыңар  (ала).  Түр-түсті  білдіретін  негізгі 
сын  есімдердің  тіркесінен  жасалған  күрделі  сын  есімдердің  бә- 
ріне  бірдей  ортақ  компонент  алдыңғы  сыңар  да  болуы  мүмкін. 
Мысалы:  цара  торы,  цара  көк.  цара  кер,  цара  сүр,  цара  иіүбар, 
цара күрец,  цара ала.
Келтірілген  бүл  мысалдар  ортақ  компонентті  болу  күрделі  зат 
есімдерге  ғана  емес,  сонымен  бірге  күрделі  сын  есімдерге  де  тэн 
екендігін аңғартады.
э)  Негізгі  сын  есім  мен  туынды  сын  есімнің  тіркесуінен 
жасалған  күрделі  сын  есімдер:  цызыл  иіыраіты,  кең жауырынды, 
зорденелі, июцша сацалды, кең маңдаіілы, үзынбойлы, сүр жагалы, 
ац  көйлекті  және  т.б.  Мүндай  күрделі  сын  есімдердің  алдыңғы 
сыңары  негізгі  сын  есімнен,  соңғы  сыңары  -лы   (-лі,  -ды,  -ты, 
-ті)  жүрнағы  жалғану  арқылы  жасалған  туынды  сын  есім  болып 
келеді.
б)  Құрастырушы  сыңарларының  келіп  шығу  тегі  түрғысынан 
алғанда, алғашқы сыңары зат есім немесе сан есімнен, соңғы сыңа- 
ры  -лы   (-лі,  -ды,  -ді,  -т ы,  -ті)  жүрнағы  ж алғану  аркылы  жасал- 
ған  туынды  сын  есімнен  қүралған  күрделі  сын  есімдер:  цасцыр 
ішікті,  түлкі  тымацты,  тобылгы  сапты,  екі  ашпалы,  төрт 
бүрышты.  үиі  бөлмелі  жэне  т.б.  М үндай  күрделі  сын  есімдердің 
алдыңғы  сыңары  күрделі  сөздердің  күрамынан  тыс  қолданылған- 
да  ғана,  зат  есім  немесе  сан  есімнің  мағынасы  мен  қызметіне  ие
99


болады да,  күрделі  сын  есімдердің  құрамында ондай дербестігі- 
нен  айырылып,  күрделі  сөз  түтасқан  күйінде  күрделі  сын  есім 
ретінде  үғынылады,  сөйлемде  бір  ғана  мүше  ретінде  қызмет 
атқарады.
Күрделі-құрама сөздердің енді  бір тобы -  күрделі  сан  есімдер. 
Күрделі  сан  есімдер  дара  сан  атауларының  тіркесінен  жасалады. 
Мысалы:  он  бес,  он  сегіз,  жиырма  бір,  ж үз  елу,  екі жүз,  екі жүз 
бір,  үш мың үш ж үз отыз үш жэне т.б.
Күрделі-құрама  сөздердің  енді  бір  тобы  -   күрделі  етістіктер 
мен  құрама етістіктер.
а)  Күрделі  етістік екі  етістіктің тіркесінен  қүралып,  мағынасы 
жағынан біртұтас күрделі  іс-эрекетті білдіреді де, үғымы жағынан 
эр  басқа  емес,  бір  ғана  үғымды  білдіреді.  Мысалы:  кіріп  шыц, 
сатып  ал,  ж инап ал,  сүрап ач,  бсірып  цаііт,  алъпі  цаііт,  келіп  кет, 
көріп  кет,  ж үріп  кел,  айтып  кел,  кіре  и/ық,  ала кел,  бара кел жэне 
т.б.  Мүндай  күрделі  етістіктер  сөйлемде  бір  ғана  мүше  болып, 
синтаксистік түтастық белгісімен  сипатталады.  Күрделі  етістіктің 
сыңарлары  басқа  сөздермен жеке-жеке түрде  емес,  күрделі  етістік 
түтасқан  күйінде  ғана  қарым-қатынасқа  түсіп,  байланыса  алады. 
Жогарыда  аталған  күрделі  етістіктер  құрылымы  жағынан  асыга 
сөйле  —  асыгып  сөйле,  сылдырай  ақ  —  сылдырап  ац,  күле  қара  — 
күліп цара,  сыбырлай аііт -  сыбырлап айт тэрізді синтаксистік сөз 
тіркестерімен  сәйкес  келеді.  Бірақ бүл -  форма жағынан,  сырттай 
ұқсастық.  Ал  табиғаты  мен  мазмүны  жагынан  бүлар  -   эр  басқа 
қүбылыстар:  1)  Күрделі  етістіктің  сыңарлары  жиналып  келіп 
біртұтас  ұғымды  білдірсе,  етістікті  еркін  сөз  тіркестерінің  әрбір 
сыңары  эр  басқа  үғымды  білдіреді.  2)  Күрделі  етістіктің  эрбір 
сыңары  сөйлемде  өз  алдына  дербес  мүше  бола  алмай,  күрделі 
етістік бүтін  күйінде  сөйлемнің  бір  ғана  мүшесі  болса,  етістік сөз 
тіркесінің эрбір сыңары өз алдына сөйлем  мүшесі бола алады.
э)  Қүрама  етістіктер  есім  сөздер  мен  белгілі  бір  көмекші 
етістіктердің  (ет,  цыл,  ссш  және  т.б.)  тіркесуінен  жасалады. 
Мысалы, цызмет цыл, жэрдем егп,  көмек ет,  сабыр ет,  сабыр цыл, 
эн сал жэне т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет