нан жасалады да, оны күрделі сөздердің басқа түрлерінен болсын,
фразеологиялық сөз тіркестері мен синтаксистік сөз тіркестерінен
болсын, ажыратып айқындау қиындыққа түспейді. Қазақ тілін
зерттеуші проф. А. Ысқақов қос сөздерді қайталама қос сөздер
жэне қосарлама кос сөздер деп, екі үлкен топқа бөліп қарайды1.
Қайталама қос сөздер белгілі бір сөздің екі рет қайталануы
немесе сол сөздің бір (не бірнеше) дыбысының өзгеріп қайтала-
нуы арқылы жасалады. Мысалы:
жоп-жоп, цора-цора, тсіу-тау,
биік-биік, көре-көре, сөшей-сөйпей, жүгіре-жүгіре, бетпе-бет,
ауызба-ауыз, үй-үІіге, бес-бестеп, он-оннан, шай-пай, ет-мет
және т.б.
Қайталама қос сөз бір сөздің қайталана қосарлануынан жа-
салса, қосарлам а қос сөз эр басқа екі сөздің қосарлан уы н ан
жасалады. Мысалы:
әке-иіеше, ауып-аймац, цас-цабсщ, тау-
тас, дэм-түз, жоп-жоба, тамыр-таныс, етек-жең, цүрт-
қүмырска, бсща-шаяи, бас-аяк, алыс-жакыи, ілгерінді-кеііінді,
узътды-цысцалы, жогары-төмеи, алыс-беріс, үрыс-керіс, ж үріс-
түрыс, цырып-жойып, аударып-төцкерт, кесіп-пішіп және т.б.
«Қосарлама қос сөздер мағына жағынан ыңғайлас, морфология-
лык жағынан тектес, синтаксистік жағынан тендес (пара-пар) сөз-
дерден (компоненттерден) қүралады. Мысалы,
әке-шеше, әні-міні,
алты-жеті, алды-арты, үсті-басы, туған-өскен, ойнап-күпіп де
ген тэрізді сөздерді алсақ, олардың әрқайсысының компонентте-
рі, біріншіден, мағына жағынан бір-біріне орай, өзара бір-бірімен
жақын, ыңғайлас сөздер болса, екіншіден, олар морфологиялық
төркіні жағынан да біртектес, демек, белгілі бір ғана сөз табына
тән, эрі формалары біркелкі сөздер; үшіншіден, осындағы эрбір
қос сөздің компоненттері синтаксистік қызметтері жақтарынан
біріне-бірі эрі бағынбай, эрі бірінен-бірі тәуелсіз болып, салаласа
қүрылған күрделі сөздің бірімен-бірі тең, табиғи бөлшектері
Достарыңызбен бөлісу: