6. Сөздің морфологиялық құрылымының өзгеруіне күр-
делену процесі де эсер етеді. Бастапқыда морфемаларға ажы-
ратылмаған негіз күрделену продесінің эсеріне үшырап, мор-
фемаларға мүшелене алатын басқа бір сөздердің үлгісіне үқсас
келеді де, аналогия бойынша морфемаларға бөлшектене алатын
негізге айналады. Күрделену процесі көбінесе кірме сөздердің
морфемалық қүрамында ұшырасады.
7. Сөздің морфемалық құрамында болатын декорреляция
процесі сөздің о бастағы морфемалық құрамын да, ондағы
морфемалардың ара жігін де, саны мен орнын да өзгертпейді,
морфемалардың сипаты мен мағынасына эсер етеді. Декорреля
ция процесінің нэтижесінде сөз құрамындағы морфемалардың
саны емес, сапасы (табиғаты) өзгерді.
8. М орфемалардың аралығындағы біркелкі дауыстылар не
месе біркелкі дауыссыздар өзгеріске үш ырап, олар бір дыбыс-
тың бойына сыйысады да, осының нәтижесінде морфемалар
бір-біріне ұласа бастап, олардың ажыратылу, даралану мүмкін-
дігі бастапқысынан элсірейді. Мұндай құбылыс морфемалар
диффузиясы деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: