Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


 Бұл да сонда,  177,  226-227-беттер і



Pdf көрінісі
бет132/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   237
1 Бұл да сонда,  177,  226-227-беттер і.
2  Бұл  деректер  Н.М.  Ш анскийдің  жоғарыда  аталған  кітабы  (227-229-беттер і) 
бойынша келтіріліп  отыр.
3  Н.М.  Ш анскийдің жоғарыда аталған кітабының 2 3 1-беті.
117


тіліндегі ловец,  заморозки,  любовь  деген  сөздердің  сөз  тудырушы 
негіздері  лов-,  замороз-,  люб-  есім  негіздер  болуына  қарамастан 
{ловец  л о в ь  деген  зат  есімнен  жасалган;  мысалы,  рыболов, 
зверолов,  птицелов  дегендерді  салыстырыңыз),  етістік  негіз  ре- 
тінде  (ловит ь,  заморозить,  любить  дегендерді  салыстырыңыз) 
ұғынылады.  Бұл  сөздердің  құрамындагы  жұрнақтар  да  өзінің 
сипатын  өзгерткен.  Мысалы,  заморозки деген  сөздің  құрамында- 
гы  -к  (и)  жүрнагы  алғашында  кішірейткіш  магынасындағы 
жүрнақ  ретінде  сөздің  формасын  тудырса,  қазірде  сөз  тудырушы 
элемент ретінде қызмет атқарады1.
Н.М.  Ш анский  декорреляцияның  аффикстердің  табигатына 
эсер  ететінін  айта  келіп,  орыс  тіліндегі  братья,  мужья,  зятья 
сөздерінде  жинақтау  мағынасын  білдіретін  сөз  тудырушы 
аффиксі  негіздің  көптік  магынасын  білдіретін  форма  тудырушы 
аффикске  айналғанын,  ал  -а  жалгауының  жекеше  атау  септігінің 
флексиясынан 
атау 
септігінің  көпше  түрінің  флексиясына 
айналгандыгын  көрсетеді.  Ол  орыс  тіліндегі  зверски  тэрізді 
сөздердің  кұрамындагы  и  (<и,  ы)  флексиясының  (көпше  түрінде- 
гі  көмектес  септігі)  сөз  тудырушы  жұрнаққа  айналуынан  сын 
есімдердің негізінде үстеулердің жасалатындығын айтады2.
Қазақ  тілінде  босца,  текке,  бекерге,  бірге,  кешке  деген 
үстеулердің  морфемалық  қүрамы  бос+-ца,  тек+-ке,  бекер+-ге, 
бір+-ге,  кеш+-ке  түрінде  морфемаларга  мүшелене  алады.  Бүл 
сөздердің бастапқы морфемалық құрамы, ондагы морфемалардың 
саны  мен  ара  қатысы  сақталып,  аффикстің  сипаты  мен  магынасы 
өзгеріске  ұшыраған.  Атап  айтканда,  босца,  текке,  бекерге,  бірге, 
кеіике  деген  сөздердің  қүрамындагы  барыс  септік жалгауы  (-қа,  - 
ке, -га, -ге)  сөз түрлендіруші (сөздерді байланыстырушы) қызметі- 
нен  айырылып,  аталган  үстеулердің  құрамында  сөз  тудырушы 
аффикске  айналған.  Декорреляция  нәтижесінде  қапыда,  баягыда, 
әлгіде,  күиде  деген  үстеулердің  қүрамындагы  сөз  түрлендіруші 
аффикс  (-да,  -де)  шыгу  тегі  жагынан  жатые  септігінің  жалгауы 
болганмен,  өзінің  табигатын  өзгертіп,  аталган  үстеулердің 
кұрамында  жалгау  магынасында  емес,  жүрнақ  ретінде  танылады. 
Сондай-ақ,  кенеттен,  эуелден,  төтесінен,  шалцасынан,  етпе-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет