Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  92.  Сөз  формалары  жайындағы  жоғарыдағы  талдаулар  мен



Pdf көрінісі
бет160/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   237
Байланысты:
akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi


§  92.  Сөз  формалары  жайындағы  жоғарыдағы  талдаулар  мен 
баяндауларды  жинақтай  келгенде,  мынадай  қорытындылар  жа- 
сауға болады:
144


1.  Сөз эртүрлі формаларға ие болады.  Сөз белгілі бір сөйлемде 
немесе  сөз  тіркесінде  бір  немесе  бірнеше  формасында  көріне 
алады.  Сөз  тіркесіндегі  немесе  сөйлемдегі  сөздер  бір-бірінен 
мағыналық  айырмашылығы  жағынан  ғана  емес,  формаларында- 
ғы  айырмашылықтары  жағынан  да  ажыратылады.  Әртүрлі  фор- 
маларда  керінетің  сөздің  екі  жағы  бар:  оның  бірі  -   сөздің  әртүр- 
лі  формалар  арқылы  каншама  түрленгенмен,  өзгеріссіз  қалатын 
лексикалы қ  жағы  (лексикалы қ  м ағы насы ),  екінш ісі  -   бір 
ғана  сөзге  емес,  сөздердің  белгілі  бір  тобы ны ң  бэріне  бірдей 
тән,  күллісіне  бірдей  ортақ  болатын  грамм атикалы қ  ж ағы 
(грам м атикалы қ  мағы насы ).  С өздің  формалары  сөздің  осы 
аталган  грамм атикалы қ ж ақтары м ен үш тасады .
2.  Сөз  эртүрлі  тәсілдермен  өзгеріп,  алуан  түрлі  формаларда 
қолданылады.  Сөздің  өзгерген  түрлерінің  бэрі  бірдей  емес,  оның 
ішінде  лексикалық  мағынаны  өзгертпей,  қосымша  грамматика- 
льщ  мағыналарды  үстейтін  түр-өзгерістер  (формалар)  гана  сөз 
формалары  ретінде  танылады.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  сөздердің 
өзгерген  түрлерінің  ішінен  эр  басқа  лексикалық  мағыналарды 
білдіретіндері  өз  алдына  бөлек-бөлек  лексикалық  бірліктер  (эр 
басқа  сөздер)  ретінде  қаралады  да,  эр  баска  лексикалық  мағына- 
ларды  емес,  әртүрлі  грамматикалық  мағыналарды  білдіретіндері 
бір  сөздің түрлі-түрлі формалары  ретінде қаралады.
3.  Сөзде  қатар  өмір  сүретін,  өзара  шарттас,  бір-бірімен 
байланысты  формалардың  жүйесі  бар.  Сөздің  әлденеше  фор- 
маларының  ішінен  біреуі  негізгі  форма,  басқалары  сол  негізгі 
формадан  жасалган,  сонан  тараған  туынды  формалар  ретінде 
қаралады.  Сөз  формаларының  ішінен  басқа  формалардың  бэріне 
бірдей  негіз,  күллісіне  бірдей  үйытқы  болған  форма  ғана  негізгі 
форма  болып  саналады.  Септік  формаларының  ішінен  септіктің 
күллі  басқа  формаларына,  атап  айтқанда,  жанама  септіктердің 
барлығына бірдей  ортақ, күллісіне бірдей үйытқы болатын негізгі 
форма  -   атау  септік  формасы  да,  етістіктің  рай  формаларының 
ішінен  солардың  басқа  формаларының  бәріне  бірдей  ортақ, 
күллісіне  бірдей  ұйытқы  болатын  негізгі  форма  -   екінші  жақ 
бүйрық рай  формасы.
145


4.  Сөз  формаларының  екі  түрі  бар:  оның  бірі  -   сөздің 
синтетикалық формасы,  екіншісі -  сөздің аналитикалық формасы.
5.  Сөздің  синтетикалық  формалары  аффиксация  тәсілі  мен 
ішкі  флексия  тәсілі  аркылы  жасалады  да,  түрлену  мен  өзгеру 
сөзден  тыс  емес.  сөз  ішінде  іске  асады.  Сөздің  синтетикалық 
формалары  аффиксация  тэсілі  арқылы  жасалганда,  ол  формалар 
түрлі  тілдердің  грамматикалық  құрылысының  ерекшеліктеріне 
қарай  тілдердің  бір  тобында  суффиксация  жолымен,  екінші  бір 
тобында  префиксация  мен  суффиксация  жолдарының  бірдей 
қатысуымен,  басқа  бір  тобында  инфиксация  жолымен  жасалады. 
Ішкі  флексия  аркылы  сөздің  синтетикалық  формаларының  жаса- 
луы  көбінесе  флективті  сипаты  бар  тілдерге  тэн.  Сөздің  синтети- 
калық  формалары  аффиксация  тэсілі  мен  ішкі  флекция  тэсілінің 
бірдей қатысуы  арқылы да жасалуы  мүмкін.
6. Сөздің аналитикалык формасы дербес (атауыш) сөзге көмек- 
ші  сөздің  тіркесуі  арқылы  жасалады.  Атауыш  сөз  бен  көмекші 
сездің  тіркесі  бір  сөздің  аналитикалык  формасы  ретінде  танылуы 
үшін,  белгілі  бір  грамматикалық  категорияға  телініп,  сол  катего- 
рияныц  мазмұнына  енетін  синтетикалық  формалармен  шарттас, 
біртектес болуы, солармен ара қатынасқа түсуі  шарт.
7.  Аналитикалык  конструкцияның  құрамындағы  атауыш  сөз 
түбір  морфемаға  тән  қызмет атқарса,  көмекші  сөз  аффикстік мор- 
фемаға  ұксас  қызмет  атқарады  да,  бүтін  аналитикалык  конструк­
ция атауыш сөздің формасы ретінде танылады жэне оның (атауыш 
сөздің) сөз түрлендіру (форма тудыру) жүйесіне енеді.
8. Аналитикалык конструкция шығу тегі жағынан сөз тіркесіне 
барып  тіреледі.  Еркін  сөз  тіркесінің  грамматикалану  бағытында 
дамуының нәтижесінде сөздің аналитикалык формасы жасалады.
9.  Аналитикалык  конструкция  жасалуы  жэне  құрастырушы 
сыңарлары  жағынан  күрделі  сөзбен  де,  сөз  тіркесімен  де  сырттай 
ұқсас  келеді.  Ал  грамматикалық табиғаты жағынан  алғанда,  оның 
күрделі  сөзден  де,  сөз  тіркесінен  де  түбірлі  айырмашылықтары 
бар.
10.  Сөздің  аналитикалык  формасы  күрделі  сөзбен  1)  біртұтас 
мағынаны білдіру, 2)  сөйлемде бір ғана мүше  болу, 3) сөйлемнің 
баска  м үш елерім ен  тұтаскан 
күйінде 
бай лан ы сқа  түсу
146


ж ақтары нан  ұқсас  болып  келеді.  Сөздің  аналитикалы қ  форма­
сы  мен  күрделі  сөз  бір-бірінен  мынандай  ерекш еліктері  бойы н­
ша  ажыратылады:  1)  күрделі  сөз  толық  мағыналы  жэне  тең 
мағыналы  сыңарлардан  құралса,  сөздің  аналитикалық  формасы 
тең  емес  сыңарлардан,  атап  айтқанда,  атауыш  сөз  бен  көмекші 
сөздің  тіркесінен  жасалады;  2)  күрделі  сөзді  құрастырушы 
сыңарлардың  екеуі  де  біртүтас  лексикалық  мағынаны  білдіру 
қызметінде  жүмсалса,  аналитикалық  конструкцияны  құрастыру- 
шы  сыңарлардың  көмекші  сөзден  болған  сыңары  грамматикалық 
мағынаны  білдіру  қызметінде  жұмсалады;  3)  күрделі  сөз  сөйлеу 
кезінде  жасалмай,  бүрыннан  жасалып  даяр  тұрган  бірлік  ретінде 
сөз  тіркесінің  немесе  сөйлемнің  кұрамына  ене  салса,  сөздің 
аналитикалык  формасы  тілде  бар,  қалыптасқан  үлгі  бойынша 
сөйлеу кезінде жасалады.
11.  Сөздің  аналитикалы қ  формасы  еркін  сөз  тіркесім ен 
сырттай  үқсас  болғанымен,  онан  түбірлі  айырмаш ылықтары 
бар:  1)  сез тіркесі толық мағы налы атауыш  создердің тіркесінен 
ж асалса,  создің  аналитикалык  формасы  атауыш  сөз  бен  көмек- 
ші  сөздің  тіркесінен  ж асалады ;  2)  сөз  тіркесінің  эрбір  сыңары 
өз  алдына  дербес  лексикалы қ  мағынаны  білдіре  алса,  сөздің 
аналитикалық  формасының  құрамындағы  сыңарлар  біртұтас 
лексикалық  мағынаны  білдіреді;  3)  сөз  тіркесінің  құрамындағы 
әрбір  сыңар  өз  алдына  сөйлемнің  дербес  мүш есі  бола  алса, 
создің  аналитикалык  формасы  тұтасымен  сойлем нің  бір  ғана 
мүшесі болады;  4) соз тіркесінің эрбір сыңары сөйлем дегі басқа 
сөздермен  өздігінен  қарым-қатынасқа,  байланы сқа  түсе  алса, 
сөздің  аналитикалык  формасы  сөйлемдегі  создермен  тұтасқан 
күйінде  байланысқа түседі.
12.  Сөздің  аналитикалык  формасы  түрлі  тілдерде  барлық  соз 
табында  бірдей  ұшыраса  бермейді.  Тіл-тілде  сөздің  аналитика­
лык  формасы  сын  есімге,  оның  шырай  категориясына  тэн  форма 
екендігі  байқалады.  Создің  аналитикалык  формасы  көптеген 
тілдерде  әсіресе  етістіктерге,  олардың  рай,  шақ  категорияларына 
тэн  форма болып саналады.
147


ӘДЕБИЕТТЕР


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет