Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы



Pdf көрінісі
бет164/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   237
Байланысты:
akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi


§ 
94. 
Грамматикалык 
категорияларда 
универсальды 
грамматиканың  жалпы  категориялары  емес,  туыстас  тілдердің 
тобының  немесе  жеке  тілдердің  грамматикалык  кұрылысының 
басты  ерекшеліктері  көрінеді.  Осы  себептен  белгілі  бір  тілде 
немесе  тілдердің  тобында  бар  грамматикалык  категориялардың 
барлыгының  бірдей  басқа  бір  тілде  немесе  тілдердің  тобында 
болуы  шарт  емес.  Мысалы,  славян  тілдеріне  тэн  грамматикалык 
вид  категориясы  роман  тілдері  мен  герман  тілдерінде,  мысалы, 
француз  тілі  мен  неміс  тілінде  кездеспейді.  Түркі  тілдерінде 
дербес  грамматикалык  категория  ретінде  танылатын  тәуелдеу 
категориясы  славян  тілдерінде  жоқ.  Грамматикалык  род  (тек) 
категориясы  орыс,  неміс,  француз  тілдеріне  тэн,  бірақ  ол  түркі 
тілдері  мен моңгол тілдерінде,  агылшын тілінде жэне т.б. тілдерде 
дербес грамматикалык категория ретінде ұшыраспайды.
Бірсыпыра тілдерге тэн белгілі бір  грамматикалык категория- 
ның өзі әр басқа тілдерде эртүрлі сипатта,  эртүрлі дэрежеде көрі- 
нуі  мүмкін.  Мысалы,  септік  категориясы  грамматикалык  катего­
рия  ретінде  көптеген  тілдерге  тэн,  бірақ  оның  грамматикалык
153


табиғаты да, сан-мөлшері де эртүрлі тілдерде түрліше: араб тілінде 
үш  септік  болса,  орыс  тілінде  -   алты,  қазақ  тілінде  -  жеті,  эстбн 
тілінде  -   он  бес  септік  бар.  Грамматикалык  етіс  категориясы 
көптеген  тілдерде  бар,  бірақ  оның  өзгелік  етіс  (каузатив)  деп 
аталатын  түрі  түркі  тілдері  мен  грузин,  латын,  француз  тілдеріне 
тэн  де,  славян  тілдерінде  кездеспейді.  Орыс  тілінде  грамматика­
лык тек  категориясының  (категория  рода)  үш  түрі  болса,  француз 
тілінде  оның  екі-ак  турі  бар  (француз  тілінде  грамматикалык тек 
категориясының аралық тек (средний род) деп аталатын түрі жок).
Әртүрлі  тілдердің  бәріне  бірдей  тән,  бәріне  бірдей  ортак  бо­
лып  келетін  грамматикалык  категориялардың  түрлі  тілдерде, 
жоғарыда  аталып  өткеніндей,  эртүрлі  сипатта  көрінуі  граммати­
калык  категориялардың  туыстас  тілдер  тобының  немесе  жеке 
тілдердің  әрқайсысының  грамматикалык  қүрылысының  өзіндік 
ерекшеліктерімен тыгыз байланысты  екендігін дәлелдей түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет