мен жіктеу есімдіктеріне катысы жағынан лексика-грамматика-
лық категория болып табылатын сан-мөлшер категориясы да зат
есімдермен қиыса байланысатын сын есімдерде және т.б. сөз
гаптарында таза грамматикалык магынаға ие болып1, граммати
калык категория ретінде танылады. Грамматикалык жақ. шак, рай,
етіс категориялары етістіктің косемше, есімше формаларының
жэне т.б. түрлерінің басын қосады.
Грамматикалык сан-мөлшер категориясының жэне т.б. грам
матикалык категориялардың тіл-тілде ұксас. жалпылама ортак
жақтары болумен бірге, олардың (грамматикалык категориялар-
дың) эрбір тілдегі немесе тілдердің эрбір тобындагы нақтылы
көрінісінде де, грамматикалык табигатында да, қолданылу өрісі
мен шеңберінде де айырмашылықтар мен ерекшеліктер болады.
Ьүл жерде мына бір мәселелерді алдын ала айқындап алу кажет:
жогарыда аталып өткеніндей, бір тілде немесе тілдердің бір тобын-
да бар белгілі бір грамматикалык категорияның баска бір тілдерде
немесе тілдердің басқа бір топтарының бәрінде бірдей бола беруі
шарт емес. Мұнымен бірге, тілдердің көпшілігінде бар, соларга
жалпылама оргақ грамматикалык категориялардың бар екендігін,
эрине, жоққа шыгаруга болмайды. Көптеген тілдерде бар, солар-
дың бәріне бірдей жалпылама ортақ грамматикалык категория-
лардың қатарына грамматикалык сан-мелшер категориясы, септік
категориясы, жак категориясы, шак категориясы, рай категориясы,
етіс категориясы енеді. Бұл категориялар грамматикалык категория
ретінде тілдердің бэріне немесе көпшілігіне тэн жалпылама ортақ
белгісін сактай отырып, жеке, нақтылы тілдерде немесе тілдердің
топтарында эртүрлі сипатта, эртүрлі дэрежеде көрінеді. Мүнымен
бірге, жогарыда аталган грамматикалык категориялар тіл-тілде
эртүрлі сөз таптарына икемделіп, телінеді, солардың әрқайсысын
сипаттайтын категориялар ретінде танылады.
Грамматикалык категория атты үгымның табигатын ашып
айқындай түсу үшін жэне грамматикалык категориялардың
сөз таптарымен ара қатысын баяндау үшін тілдердің копшілі-
Достарыңызбен бөлісу: