Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  99.  Грамматикалык  категориялардың  бірі  -   ш ақ  катего­



Pdf көрінісі
бет170/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   237
Байланысты:
akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi


§  99.  Грамматикалык  категориялардың  бірі  -   ш ақ  катего­
риясы  етістіктерге тэн  категория  ретінде танылады.  Бүлай болуы 
заңды  да:  қимыл,  іс-әрекет  уақыт ұгымымен тығыз  байланысты, 
ол  белгілі  бір  мезгілде  өтетін  процесс  ретінде  ұгынылады. 
Грамматикалык  шак  категориясында  осы  шақ,  өткен  шак  жэне 
келер  шақ бір-бірінен  қимыл,  іс-әрекеттің сөйлеу  кезіне  қатысты 
жағынан  ажыратылады.  Демек,  сөйлеу  кезі  (момент  речи)  әр- 
түрлі  шақтардың  тірелетін  орталыгы  және  оларды  бір-бірінен 
ажыратудың тірегі болып саналады. Осы шақтың формасы сөйлеу 
кезімен сәйкес келетін қимыл,  іс-әрекетті білдірсе, өткен шақтың 
формасы  сөйлеу  кезіне  дейін  болган  қимыл,  іс-әрекетті,  келер 
шақтың  формасы  сөйлеу  кезінен  соң,  ягни  келешекте  болуға 
тиісті  іс-эрекетті білдіреді.
Тіл-тілде белгілі  бір шактың,  мысалы, өткен шақ немесе  келер 
шақтың,  бірнеше  түрі  болуы  мүмкін.  Қазақ тілінде  өткен  шақтың 
жедел  өткен  шақ,  бұрынгы  өткен  шақ,  ауыспалы  өткен  ш ақ  деп 
аталатын  түрлері  болса,  неміс  тілінде  өткен  шақтың  перфект, 
претерит, плюсквамперфект деп  аталатын түрлері бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет