теориялардың - жалпы жэне арнайы теориялардың - өзара
қатынасы жалпы тіл білімі мен нақтылы тіл білімінің, жалпы
теориялық грамматика мен жеке тілдердің грамматикаларының
арасындағы арақатынастардан басқаша болмауы керек. Кім сөз
жүзінде емес, іс ж үзінде жалпы теориялық тіл білімінің, тілдің
жалпы теориясының, тіл туралы қазіргі ғылымның салалары
ретіндегі жалпы фонетиканың, жалпы лексикологияның, ж ал
пы грамматиканың қажеттілігін мойындаса, сол жалпы ғылми
грамматиканың белімдерінің бірі - сөз таптары ның жалпы
теориясын жасау тэжірибелерінің жөн екендігін де мойындамай
тұра алмайды.
Жалпы грамматиканың, соның ішінде сөз таптарының
жалпы теориясының, қажетгілігі тіл атаулының... әйтеуір бір
универсальды грамматикасын жасау әрекетінен келіп тумайды.
Сөз таптарының жалпы теориясы, осы салада істелгендердің
пайдалысын дамыта келгенде, таза практикалық міндеттерді шешу
үшін және ең алдымен өмір сүріп отырган тілдердің толық мэнді
ғылми грамматикалары мен оқулық ретіндегі грамматикаларын
жасау үшін, ол грамматикалардың қүрастырушыларының алогизм
мен субъективизмнен ада болуы үшін, көптеген тілдерге тэн,
жалпылама ортақ жайларды да, эрбір жеке тілдің өзіндік бейнесін,
өзіндік табиғатын, оның грамматикалык құрылысын сипаттайтын
ерекшеліктерді де бірдей орынды ескеретін грамматикаларды
жасау үшін қажет»1. «...Сөз таптарының жалпы теориясының
болуы эбден мүмкін ғана емес, сонымен бірге өте-мөте қажет
жэне оны зерггеп айқындау үшін совет тіл білімі мамандарында
керектің бэрі де бар, олар мыналар: грамматика гылымының
бай классикалық мұрасы, Совет Одағы тілдері мен көптеген
шетелдердің тілдерін зерттеуге арналған ескі, жаңа жэне
жаңаша грамматикалык еңбектердің молдығы, грамматикалык
зерттеулердің арнаулы методикасының негіздері»2.
Сонымен, тіл білімінде сөз таптары және олардың клас-
сификациясы туралы мәселе сөз таптарының жалпы теориясы
түргысынан қаралуға тиісті мэселе болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: