Байланысты: akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi
§ 108. Осыған орай, зерттеушілер сөз таптарын ажыратуда
агылшын тілінде синтаксистік белгі шешуші роль аткарады деп
есептейді: «Сөз таптарының жалпы грамматикалык сипаттама-
сында олардың морфологиялык белгілері (бір сөз табындагы
сөзді басқа сөз табындагы сөзден ажырататын грамматикалык
формалардың белгілі бір жүйесі) мен синтаксистік ерекшеліктері
(белгілі бір сөз табына қатысты сөздердің сөйлемдегі қызметі
мен олардың синтаксистік тіркесімі) бірдей маңызды қызметке
ие болады. Бірақ синтаксистік белгі жалпылама ортак болып
саналады да, сөздің грамматикалык сипаттамасында бірінші
орынга ие болады. Мүның езі морфология тұргысынан сездердің
барлық топтары бір-бірінен жеткілікті дәрежеде айқын ажыраты-
ла бермейтіндігімен байланысты, ал синтаксистік түргыдан
олар әбден айқын ажыратылады. М орфологиялык жагынан
түрленбейтін сөздер, мысалы, одағайлар мен үстеулер, сөздердің
эр басқа грамматикалык сипаттамасы бар, эр басқа топтары
ретінде синтаксистік түргыдан гана керінеді»'. «Агылшын тілінде
морфологиялық белгінің сөз таптарының көпшілігін айқындауда
көмекші қызмет атқаратыны белгілі. Демек, оларды екі түрлі
белгінің негізінде: магыналык (категорияльды магына) жэне