сейлемнің атрибутивті мүшесі (анықтауыш) ретінде жұмсалуы
аркылы сын есім жасалады, үстеулер пысықтауыш мүше ретінде
жүмсалады, етістік басқа сөз таптарынан баяндауыш (сөйлемнің
іс-эрекетгі білдіретін мүшесі) ретінде қызмет атқаруы нәтижесін-
де ажыратылады. Бүл жерде, сөйлемнің осылай мүшеленуімен
лексикалық топтар жасалады»1.
Зерттеушілер сөз таптарының сөйлем мүшелері қызметінде
жұмсалу барысында біртіндеп жасалып қалыптасқанын көрсете-
д і. «Сөздердің морфологиялық жағынан тұлғаланган лексикалық
топтарының (зат, іс-эрекет, қасиет жэне т.б. атаулары) олардың
синтаксистік қызметінің негізінде жасалу процесі индоевропа
тілдерінің
салыстьірмалы-тарихи
грамматикасынан
ашық-
айқын көрінеді»2. «Грамматикалық жагынан түлғаланган сын
есімдер категориясының жасалуы, яғни ежелгі есімдердің зат
есімдер мен сын есімдерге дифференциациялануы, индоевропа
тілдерінде салыстырмалы грамматика методтары арқылы көріне
алады». Мүндай дифференциация индоевропа тілдерінің ең көне
кезінде болмаган3. Бүл жайында А.А. Потебня былай деп жазды:
«Тілдердің тарихында зат жэне белгінің атын ажырататын сын
есім зат есімнен кейінірек жэне содан жасалады»4. «Зат есім мен
сын есімнің арасындагы айырмашылық о бастан емес. Сын есім-
дер зат есімдерден туған, ягни әртүрлі индоевропа тілдерінде аз-
ды-көпті айқын іздер мен деректер қалдырған, сапа-қасиет тек
кана нақтылы, тек кана зат ретінде үғынылған кездер болган»5.
«Зат есімнен сын есімнің жасалу жолы дегеніміз зат есімнің
атрибутивті колданылуы»6.
Достарыңызбен бөлісу: