Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


 А.И.  Смирницкий,  М орфология  английского  языка.  М .,  1959.  стр. 103



Pdf көрінісі
бет189/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   237
1 А.И.  Смирницкий,  М орфология  английского  языка.  М .,  1959.  стр. 103.
183


синтаксистік (тіркесу  қабілеті  мен  сөйлемдегі  қызметі)  белгілер- 
дің негізінде  айқындауға тура келеді»1.
Түркі  тілдерінде  зат  есімдерден  сөз  түрлендіруші  формалар- 
мен  өзгеріп  түрлене  бермейтін  сөз  таптарын,  мысалы,  сын  есім- 
дерді,  үстеулерді  морфологиялык  белгінің  негізінде  ажырату 
мүмкін  бола  бермейді.  М ұндайда,  эрине,  сөз  таптарының  жал­
пы  категорияльды  мағынасы  мен  синтаксистік  белгісін  таяныш 
етуге тура келеді.
Сөз  таптарының синтаксистік белгісі  олардың  сөйлем  мен  сөз 
тіркесінің  күрамында  атқаратын  қызметтерімен  айқындалады. 
Ол  қызметтің  мазмұнына  белгілі  бір  сөз  табына  телінетін  сөздің 
сөйлемге  мүше  болу  қызметі  гана  емес,  мұнымен  бірге  оның 
сөйлемде  немесе  сөз  тіркесінде  басқа  сөздермен  тіркесу,  олармен 
байланысу ерекшелігі де енеді.
Бір  сөз  табына  телінген  сөздердің  басқа  сөз  табына  қатысты 
сөздермен  тіркесу  қабілеті  және  олардың  сөйлемдегі  кызметі 
туралы  төмендегі  жайларды  атап  айту  қажет.  Зат  есімдер 
етістіктермен  тіркеседі  де,  сөйлемнің тәуелсіз  мүшесі  (бастауыш) 
ретінде  қызмет  атқарады.  Зат  есімдердің  сөйлемде  көбінесе 
тэуелсіз  мүше -  бастауыш  болуы  олардың (зат есімдердің) жалпы 
категорияльды  мағынасы  -   заттылық  магынасымен  байланысты 
екендігі  аңгарылады.  «Зат  есімдердің  аталган  қызметте  (бастауыш 
жэне толыктауыш қызметінде -  К. А.) жиі қолданылуы осы сөздер 
тобының  категорияльды  мағынасының  заттылығымен  байланыс­
ты.  Шынында  да,  бастауыш  сөйлемнің  өте-мөте  дербес  мүшесі, 
оның  тірегі  болып  табылады,  осыдан  бастауыштық  қызметтің 
де  затты  белгілейтін  сөзге  тэн  болуы  табиғи  нәрсе:  процесс  те, 
сапа  да  зат  жок  жерде  -   осы  процессті  немесе  сапаны  иеленуші 
жоқ  жерде  -   болуы  мүмкін  емес;  бастауыштық  қызметті  керек 
ететін, өте-мөте тәуелсіздікке ие болатын да -  заттың тап өзі»2. Зат 
есімдер сын  есімдермен де емін-еркін тіркесе  алады.  Бүлай болуы 
занды да:  зат белгілі  бір сапага, белгіге ие болады, керісінше, сапа, 
белгі  эрқашан  да  затқа  телінеді.  Осыған  орай,  зат  есімдер  сын 
есімдермен тіркесе  қолданылып,  мүндай тіркесте  немесе  сөйлем-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет